БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Morgan Stanley Ирандағы дағдарыстан нарық құлдырамайды деп күтеді. Болжам өзгере ме?

Венера  Сайфутдинова

Венера Сайфутдинова

Oninvest тілшісі
Morgan Stanley Ирандағы дағдарыстан нарық құлдырамайды деп күтеді. Болжам өзгере ме?

Америкалық акциялар Израиль мен Иран арасындағы конфликттің салдарынан максимум 5–7% арзандауы мүмкін, деп болжады Morgan Stanley. Банктің пікірінше, акциялар әлі де іргелі қолдауға ие, ал инвесторлар компания пайдасы бойынша өсіп жатқан күтулерге мән беріп отыр. Алайда мұнай бағасы өсе берсе, болжам нашарлауы мүмкін, себебі Иран — маңызды сауда жолы саналатын Ормуз бұғазын бақылайтын ірі шикізат өндірушілердің бірі.

Егжей-тегжейлі

АҚШ-тың қор нарығы Иран мен Израиль арасындағы конфликттің салдарынан, тек жұмсақ түзетулерді бастан кешіп жатыр, деді Morgan Stanley инвестициялық директоры және жаһандық инвестициялық комитетінің төрағасы Майк Уилсон CNBC эфирінде. Уилсонның айтуынша, акциялар нарығының іргелі негізі берік, сондықтан ол қазіргі геосаяси тәуекелге шыдай алады.

«Қазір бұл шамамен 5–7% көлеміндегі түзетуге әкелетін оқиға секілді көрінеді, бірақ қырағылық таныту керек». — деді Уилсон.

Мұнай нарығындағы жағдай болжамды шынайы түрде өзгертуі мүмкін, деп жазады CNBC. Бұл конфликтте энергетика басты назарда, өйткені Иран әлемде мұнай өндіру бойынша тоғызыншы орында және Парсы шығағынан өтетін маңызды теңіз жолы — Ормуз бұғазын бақылайды, деп атап өтті телеарна.

«Меніңше, егер мұнай бағасы $90-ға жетсе не одан асса, күрделі мәселелер туар еді, бірақ қазір ондай қауіп жоқ», — деп атап өтті Уилсон.

Конфликт үлкен ықтималдықпен корпоративтік пайда болжамдарының жақсаруы аясында инвесторлардың ойынан екінші орынға ығыстырылуы мүмкін, деп есептейді Morgan Stanley-дің инвестициялық директоры.

«Біз қандай да бір конфликтке үміт артқандықтан емес, кіріс туралы деректер пайда болғандықтан және олар сәуірдің ортасынан бері айтарлықтай өскендіктен, оптимистік көзқарастамыз», — деп түсіндірді Уилсон.

Контекст

13 маусым, жұма күні Израильдің соққысы мен Иранның жауап шабуылынан кейін мұнай бағасы бірден өсті, ал АҚШ пен Еуропаның қор индекстері төмендеді. Алайда кейін жағдай біршама жұмсарды. Қор және энергетика нарықтары Таяу Шығыстағы шиеленістің ушығу қаупіне мән бермегендей болды, деп айтқан еді сарапшылар. АҚШ-тың негізгі индексі S&P 500 Израильдің Иранға алғашқы соққыларына дейінгі деңгеймен салыстырғанда бар болғаны 1% төмендеді. Ал 17 маусым, сейсенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранға бағытталған қоқан-лоққысынан кейін мұнай тағы да қымбаттады, дегенмен баға жұма күнгі шарықтау шегінен төменде қалды.

Трамп әлеуметтік желіде Иран басшысына қоқан-лоққы жасап, Ислам Республикасын «сөзсіз тізе бүгуіне» шақырғаннан кейін көп ұзамай Уилсон өз пікірін білдірді, деп жазады CNBC. News дереккөздерінің хабарлауынша, 17 маусым күні Трамп ұлттық қауіпсіздік бойынша негізгі кеңесшілерімен кездесіп, конфликтті талқылаған. NBC News сұхбаттастарының айтуынша, Трамп Иранға әртүрлі нұсқаларды, соның ішінде АҚШ тарапынан мүмкін соққы жасау нұсқасын да қарастырып жатыр, деп хабарлады NBC News.

Уилсон — Таяу Шығыстағы шабуылдардың нарыққа ықтимал әсерін әзірге төмен бағалап отырған Уолл-стриттегі жалғыз сарапшы емес: басқа сарапшылар да геосаяси оқиғалардан кейін акциялардың тез оңалу тарихына назар аударған, деп атап өтті CNBC.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары