БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Трамптың Иранға қоқан-лоққысынан кейін мұнай мен VIX бағасы күрт өсті

Весна Педченко

Весна Педченко

Oninvest редакторы
Трамптың Иранға қоқан-лоққысынан кейін мұнай мен VIX бағасы күрт өсті

АҚШ-тың президенті Дональд Трамп Ираннан ешқандай шартсыз тізе бүгуін талап етіп, елдің жоғарғы көшбасшысы аятолла Әли Хаменеиға ашық сес көрсеткеннен кейін мұнай бағасы шамамен 5 пайызға қымбаттады. Шілде айындағы америкалық WTI маркалы мұнай фьючерстері осы жаңалық жарияланған сәтте барреліне 75,3 доллардан сатылып жатса, тамызда жеткізілетін Brent мұнайы 76,8 долларға дейін өсті.

Трамп Truth Social желісіндегі парақшасында «АҚШ-тың сабыры таусылуға жақын» екенін айтып, былай деп жазды: «Біз өзін «жоғарғы көшбасшы» дейтін адамның нақты қайда жасырынғанын білеміз. Ол – жеңіл нысана, бірақ әзірге қауіпсіз жерде. Біз оны жойғалы жатқан жоқпыз. Алайда бейбіт тұрғындарға немесе америкалық сарбаздарға зымыран ұшса, біз бұған қарап отыра алмаймыз».

Bloomberg агенттігінің дерегінше, Трамп сейсенбі күні Вашингтонда ұлттық қауіпсіздік жөніндегі командасымен кездесу өткізіп, Таяу Шығыстағы ахуалды талқылаған. Бұл жағдай АҚШ-тың Израильдің Иранға қарсы әскери операциясына қосылуы мүмкін деген жаңа болжамдарға жол ашты.

Осы шиеленістің жалғасуына байланысты АҚШ-тың қор нарығында құлдырау байқалды: S&P 500 және Dow Jones индекстері 0,7 пайызға, ал технологиялық Nasdaq Composite индексі 0,8 пайызға төмендеді. Сонымен қатар, Уолл-стриттегі «қорқыныш индексі» деп аталатын VIX көрсеткіші 13,5 пайызға секіріп, маусымның 13-і жұма күні Израиль Иранның ядролық нысандарына соққы жасағаннан бергі ең жоғары өсімді көрсетті. Осылайша, индекс қайтадан 20 ұпайлық психологиялық шекке жетті. Бұл шек әдетте нарықта тұрақсыздық пен белгісіздік күшейген кезеңді білдіреді.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары