БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Morningstar: Ірі қорлардың таңдауы — технологиядан тыс ең танымал бес акция

Яна  Закомолдина

Яна Закомолдина

Morningstar: Ірі қорлардың таңдауы — технологиядан тыс ең танымал бес акция

Аналитикалық Morningstar компанияcы АҚШ-тың жетекші инвестициялық қорлары жиі сатып алатын, бірақ жасанды интеллект немесе технология секторына қатысы жоқ бес ірі компанияның акцияларын атады. Бұл тізімге екі қаржы ұйымы мен екі денсаулық сақтау компаниясы енді.

Қорлар қалай таңдалды. Зерттеуге тек белсенді басқарылатын қорлар енгізілді — яғни шешімді кәсіби менеджерлер қабылдайтын, ал портфелінде 50-ден аспайтын акция бар қорлар. Сонымен қатар, қорлар Morningstar рейтингінің ең жоғары деңгейлеріне (алтын, күміс немесе қола) ие болуы шарт болды.

Сегіз жетекші қордың портфельдерін саралай келе, Morningstar келесі бес компанияны ең жиі кездесетін және сенімді активтер ретінде атап өтті.

Mastercard

Әлемдегі екінші ең ірі төлем жүйесі. 2024 жылы компания $10 трлн транзакция өңдеді және несие карталары нарығының 30% үлесіне ие.

Аналитик Бретт Хорн компанияның ауқымын ескере отырып, оның нарықтағы орнын “дерлік бұзылмас” деп сипаттайды. Акциялары соңғы 12 айда 13% өсті.

Eli Lilly

Қант диабеті мен семіздікке қарсы дәрілердің әлемдік көшбасшысы.

2024 жылы Mounjaro және Zepbound препараттары компания табысының 37%-ын әкелді, ал 2025 жылы бұл көрсеткіш 50%-ға дейін жетуі мүмкін.

Компанияның басты артықшылығы — инсулин өндірісіндегі патенттік қорғау. Соңғы 12 айда акциялар 8%-ға төмендеді, бірақ әлеуеті жоғары.

JPMorgan Chase

АҚШ-тағы ең ірі және ықпалды банк. Оның басқаруындағы активтер көлемі $3,7 трлн, ал инвестициялық және бөлшек банкинг саласында жетекші орынды иеленеді. Соңғы жылы акциялар 32% өсті, бұл тізімдегі ең жоғары өсім.

Marsh & McLennan

Компания сақтандыру және қайта сақтандыру брокерлік қызметі мен консалтинг саласында жұмыс істейді.

Клиенттік базасы тұрақты, бұл табыс деңгейін тұрақтандыруға мүмкіндік береді. 2025 жылы акциялар 15%-ға арзандағанымен, сарапшылар бизнесін тұрақты деп санайды.

Stryker

Медициналық құрылғылар мен хирургиялық жабдықтар өндірушісі. Компанияның шамамен 5800 патенті бар, ал дәрігерлер арасындағы сенімі жоғары. Соңғы жылы акциялар 9% өсті.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары