БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Нью-Йоркте таң тыныш басталмақ: нарық «ұйқыдағы режимде»

Михаил Денисламов

Михаил Денисламов

Freedom Capital Markets Research директорының орынбасары
Нью-Йоркте таң тыныш басталмақ: нарық «ұйқыдағы режимде»

Freedom Capital Markets Research директорының орынбасары Михаил Денисламов ұсынған АҚШ қор нарығына арналған күнделікті шолуы және болжамы.

Бүгіннен не күтеміз

Алғыс айту күнінен кейін негізгі сауда сессиясы қысқартылып, тек 13:00 ET-ге дейін ғана өтеді. Әдеттегідей, мұндай күндері нарықта өтімділік төмен, сауда белсенділігі де әлсіз болады. Мерекеге байланысты бүгін макродеректер мен корпоративтік есептер жоқ.

Жаңа драйверлер болмағандықтан, нарықтың бағытын ФРЖ саясатына қатысты «көгершін» риторикасы анықтайды. Фьючерстік нарық желтоқсандағы мөлшерлеме төмендеу ықтималдығын 85%-дан жоғары бағалап отыр, бұл инвесторлардың тәуекелді активтерге қызығушылығын күшейтеді. Осылайша, нарықта рождестволық ралли басталуы үшін негіздер пайда болып келеді. Қарашадағы түзетулер де өсімге жақсы «төмен база» жасады.

CME биржасы бір дата-орталықтағы салқындату жүйесінің істен шығуына байланысты шикізат фьючерстері мен опциондарының саудасын тоқтатты. Бұл істен шығу S&P 500 фьючерстеріне де әсер етті. Қашан толық қалпына келетіні жөнінде ресми ақпарат әлі берілген жоқ.

Қысқартылған сауда күніне байланысты тәуекелдер балансы – бейтарап, құбылмалылық – төмен. S&P 500 индексі 6780–6850 тармақ аралығында (-0,5% / +0,5%) қозғалады деп күтеміз.

Назарда

— HeartBeam (BEAT)

FDA-дан келген жақсы жаңалықтар компания акцияларын премаркетте 40%-дан жоғары көтерді. ЭКГ синтездеу бағдарламасына қатысты реттеуші жолдың жақсартылуы оның коммерциялану мүмкіндігін арттырды.

— Tilray Brands (TLRY)

Компанияның 1:10 reverse split туралы хабарламасы инвесторларға ұнамай, акциялар премаркетте шамамен 16%-ға төмендеді. Мұндай қадамдар көбіне компанияның фундаменті әлсірегенін көрсетеді деп қабылданады.

— Corsair Gaming (CRSR)

Нарық енжар болғанына қарамастан, акциялар 8%-ға өсті. Себебі — ірі инсайдерлік сатып алу. Инвесторлар бұны басшылықтың компанияға деген сенімі ретінде қабылдады.

Кеше нарықта не болды

26 қарашадағы сауда күні қатарынан төртінші рет өсіммен жабылды: S&P 500 — +0,69%, Nasdaq 100 — +0,87%, Dow Jones — +0,67%, Russell 2000 — +0,82% көрсетті.

Өсімнің басты себебі — технологиялық секторға деген қызығушылықтың қайта оралуы. «Ғажайып жетілік» компаниялары негізінен өсті, Nvidia (+1,4%) аптаның басындағы Alphabet-пен бәсекеге қатысты қорқыныштан болған шығындарын ішінара өтеді.

Секторлар бойынша коммуналдық қызметтер алдыңғы орында (XLU: +1,33%), денсаулық сақтау — аутсайдерлер қатарына ойысты. (XLV: -0,22%)

Макродеректер аралас шықты. Жұмыссыздық бойынша алғашқы өтініштер 216 000 — бұл күтілгеннен жақсы. Төзімді тауарларға тапсырыстар да оң болды. Бірақ Chicago PMI 36,3 тармаққа құлдырап, өндірістегі әлсіздікті көрсетті.

Инвесторлар бұл жаңалықтар ФРЖ-ның желтоқсанда ақша-несие саясатын жұмсартуы мүмкін деген белгі ретінде қабылдады. Бұл пікірді «Беж кітабы» да күшейтті: онда еңбек нарығындағы сұраныстың әлсіреуі және баға өсімінің баяулауы атап өтілген.

Компания жаңалықтары

— Robinhood Markets (HOOD: +10,9%)

Компания MIAXdx деривативтік биржасының 90%-ын сатып алып, 2026 жылы фьючерстерге арналған өз платформасын іске қоспақ. Бұл — бизнесін әртараптандыруда маңызды қадам.

— Novo Nordisk (NVO: +3,5%)

АҚШ үкіметі семіздікке қарсы Ozempic және Wegovy дәрілеріне 71% жеңілдік туралы келісімге келді. Бұл жаңалық акцияларға оң әсер етті.

— Li Auto (LI: +0,6%)

Үш жылдағы алғашқы таза шығын және 36% төмендеген табысқа қарамастан, акциялар аздап өсті. Компания 4-тоқсанға консервативті болжам берді, себебі бәсеке күшейіп жатыр.

— Deere & Co. (DE: -5,7%)

2026 жылға арналған әлсіз болжам инвесторларды қынжылтты. Соңғы кварталдағы нәтижелер жақсы болғанымен, компания ауылшаруашылық циклі «төменгі нүктеге» жетті деп ескертті.

— Nutanix (NTNX: -17,8%)

Компания ағымдағы кварталға әлсіз болжам беріп, 2026 жылға да төмендетілген guidance жариялады. Түсімнің бір бөлігін кейінге қалдыруға тура келгенін айтты.

— Ambarella (AMBA: -18,8%)

Құн төмендеуі валдық маржа бойынша сақтық танытқан болжамға байланысты болды, бірақ квартал нәтижелері мен түсім болжамы консенсустен жақсы болды.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары