БастыReview
Бөлісу

Жасанды интеллектке қарсы ставка: Бюрридің жаңа дабылы

Екатерина  Смирнова

Екатерина Смирнова

Жасанды интеллектке қарсы ставка: Бюрридің жаңа дабылы

2025 жылдың 31 қазанында екі жарым жыл бойы үнсіз жүрген Майкл Бьюрри күтпеген жерден X-ке оралып, жалғыз ғана пост жазды:

«Кейде біз нарықтағы «көпіршіктерді» көреміз. Кейде оған қарсы әрекет етеміз. Ал кейде жалғыз дұрыс стратегия — бұл ойынға мүлде кірмеу».

Бұл пост екі апта ішінде жасаған бірнеше қадамына кіріспе тәрізді болды: Бьюрри жасанды интеллектке байланысты басталған дүрбелеңге қарсы жаңа «құлдырауға бәс тігу ойынын» жариялады. Бьюрридің болжамдары бұрын талай рет дәл келген — бұл жолы да ол дұрыс бола ма?

Білімге емес, қызығушылыққа сүйенген жол

Майкл Бьюрри 1971 жылы 19 маусымда Калифорния штаты Сан-Хоседе дүниеге келді.

Балалық шағында ретинобластома салдарынан сол көзінен айырылып, өмір бойы шыны протез тағады. Бірақ бұл оған басқалар көрмегенді көруге еш кедергі болмады. Илон Маск сияқты, ол да өзінде Аспергер синдромы барын айтады — мұндай адамдар әлеуметтік әдеттерге бейім емес, бірақ интеллекті өте жоғары болады.

Оның қаржы саласына қатысы жоқ: ол экономика мен медицинаны оқыған. Чикагодағы реабилитациялық институттағы тәжірибе кезінде ол неге бұл медициналық бағыттың өзгелерден жылдам дамитынына қызығушылық танытып, мемлекеттік саясат пен жеке сектордың шамадан тыс реакцияларының тікелей байланысын байқайды. Кейін дәл осындай үлгіні ипотекалық нарықтан да көрді.

90-жылдардың екінші жартысында Бьюрри блог жүргізіп, ФРЖ саясаты қалай «көпіршіктер», мысалы, доткомдар көпіршігін тудырып жатқанын жазып жүрді.

2000 жылы ол медицинаны тастап, өзінің хедж-қоры Scion Capital-ды ашады. Қорға өзінің және отбасының ақшасын салады: анасы $20 000, үш ағасы — $10 000-нан береді. Сондай-ақ Джоэл Гринблатт (Gotham Capital) — $1 млн, Джек Бирн (White Mountains) — $600 000 салады.

Бьюрри кейін:

«Мен медицинаны $145 000 қарызбен және басқаруда бір де бір активсіз тастадым. Әрі қарай тек жақсы болатыны анық еді», - деп еске алады.

Аналитик Валерий Емельянов атап өткендей, оның алғашқы үлкен табысы доткомдар көпіршігі кезінде болды —

2000–2006 жылдары ол дотком-акцияларды шорттап, 130% астам табыс тапты.

2004 жылға қарай ол $600 млн басқарып отырды. Бьюрри инвесторларға ешқашан толық ашықтық көрсетпегенін айтады:

«Ашық айтсам, оларды одан бетер қорқытып жіберер еді», — дейді ол.

Аңыздың тууы

Жылжымайтын мүлік нарығының тез өсуі оны алаңдата бастайды. Ипотеканың сапасы нашарлап, қарыз алушыларға қойылатын талаптар төмендеп, қоғамда «үй бағасы тек өседі» деген соқыр сенім күшейді.

Бьюрри қарапайым заңдылықты байқады:

қарыз табыстан оңай алына бастаса, ал бағалар адамдардың төлеу қабілетінен жылдам өссе — жүйе міндетті түрде сынып түседі.

Сол кезде ол ипотекалық нарыққа қарсы ойнауды шешті:

2004 жылы ең әлсіз ипотекалық облигацияларға кредиттік дефолт своптарын сатып ала бастады — яғни олардың құлдырауына бәс тіккені. Банктер бұл стратегияны түсінбеді, инвесторлар да қарсы болды. Бьюрри түрлі банктерге қоңырау шалып, оларды осы нарықта сауда жасауға көндіруге тырысты. Ақыры Deutsche Bank және тағы сегіз банк келісті.

Нарық құлаған кезде Scion Capital $700 млн, ал Бьюрри өзі $100 млн тапты.

2000–2008 жылдары оның қоры 489% табыс көрсетсе, S&P 500 небәрі 3% өскен.

Кейін Майкл Льюис оны «Игра на понижение» кітабында сипаттап, Адам Маккей осы оқиғаларды киноға айналдырды. Фильм «Оскар» алды, ал Бьюрри әлемге «Ипотекалық дағдарысты болжаған адам» ретінде танылды.

«Кассандраның» қайта оралуы: жаңа болжам

2025 жылдың күзі — Бьюрридің ЖИ-компанияларға қарсы екінші үлкен «ойыны».

Scion Asset Management 13F-есебінде Palantir-дің 5 млн, Nvidia-ның 1 млн акциясына пут-опциондар көрсетілді — бұл оның портфелінің 80%-ы.

Алғашында БАҚ бұл шорттардың көлемін $1,1 млрд деп жазды, бірақ Бьюрри нақтылады:

барлық пут-опциондарға жұмсағаны — бар болғаны $9,2 млн.

Палантир акциялары есеп шыққан күні 8% құлады, Nvidia — 1,8%-ға төмендеді.

Юрий Майоровтың айтуынша бұл ставка туралы нақты мәлімет аз:

опциондардың мерзімі, страйкы және сатып алу күні белгісіз. Оның айтуынша, егер Бьюрридің сөзі рас болса, Nvidia путтарының страйкы — $110, экспирациясы — 2027 жылғы желтоқсан болуы мүмкін.

Валерий Емельяновтың пікірінше бұл жолы Бьюрриде көп уақыт жоқ:

пут-опциондарды CDS сияқты жылдар бойы ұстап тұра алмайсың —

егер бағалар экспирацияға дейін күрт құламаса, идея іске аспайды.

10 қарашада Бьюрри өзінің қорын қайтадантіркеден алып тастады — бұл енді SEC-ке ашық есеп берудің қажеті жоқ деген сөз.

Бьюрри:

«Мен реттеушілік ауыртпалықтан және әр есеп жарияланған сайын туатын қате түсініктерден құтылғаныма қуаныштымын. Scion жабылған жоқ, ол басқа жобаларымды басқару үшін қажет. Бірақ енді ол сыртқы инвестор ақшасын басқармайды», -  деді.

Ол X-те гиперскейлерлер мен ЖИ туралы бірнеше даулы посттар жариялап, жеке ақылы ақпаратқа жазылым ашатынын айтты.

Емельяновтың ойынша, бұл жолы Бьюрри жалғыз емес:

«Нарықта қатты құлдырауды көп адам күтіп отыр — соңғы жылдары жүйелі дағдарыстар болмады».

Бьюрри блогерлікке кетуін зейнет емес дейді:

ол үшін бұл — тек өз ойын ашық айту еркіндігі.

Өз блогының атын ол Cassandra Unchained деп қойды:

«Баффет Конгрессте мені Кассандра деп атаған. Енді Кассандраға ештеңе кедергі емес», — деді ол.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары