БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Нарық «қауіпсіздік режиміне» өтті: Баффетке сенетін инвестор не туралы ескертті?

Анна Краснова

Анна Краснова

Журналист
Нарық «қауіпсіздік режиміне» өтті: Баффетке сенетін инвестор не туралы ескертті?

АҚШ-та Пентагон ұлттық қауіпсіздік деңгейін DEFCON шкаласымен өлшейді: 5 – тыныш кезең, 1 – ядролық соғыс қаупі төніп тұрған сәт. Аты аңызға айналған инвестор Говард Маркс «Құндылық математикасы» атты жазбасында осыған ұқсас жүйені қор нарығына қолданды. Оның айтуынша, нарықта әлі апаттық жағдай жоқ, бірақ «Уолл-стрит аспаны ашық деп те айтуға келмес», дейді.

Говард Маркс — Oaktree Capital инвестициялық компаниясының серіктес құрылтайшысы, оның активтері 2025 жылғы екінші тоқсанының соңында $5,8 млрд-қа бағаланған. Маркс нарыққа көзқарасын сипаттайтын «меморандумдарымен» әйгілі. Ол 2000 жылы Bubble.com жазбасында технологиялық акциялардың тез құлдырайтынын болжап, инвесторлардың назарын аударған. Уоррен Баффет те Маркстың жазбаларын әрдайым оқып тұратынын және одан үнемі жаңа ой алатынын айтқан болатын.

Жоғары дайындық деңгейі

Соңғы «меморандумында» Маркс құндылықты инвестицияның басты өлшемі деп санайтынын еске салады, Бенджамин Грэмнің «құнды инвестиция қысқа мерзімде нарықтың танымалдығын, ал ұзақ мерзімде шынайы құндылығын көрсетеді» деген даналығын ерекше ашып көрсетеді. «Құндылық — инвестициядан алған нәтиже, ал баға — ол үшін төлейтін сома», — дейді Маркс. Жақсы инвестиция баға мен құндылық үйлескенде пайда болады. Дегенмен, құндылықты бағалау қиын, сондықтан инвесторлар көбіне P/E коэффициентіне сүйенеді.

S&P 500 индексі 2024 жылдың соңына қарай болашақ P/E шамасы 23-ке жеткен — тарихи ортадан айтарлықтай жоғары. Маркстың айтуынша мұндай деңгейде индекс соңғы он жылда тек +2%-дан -2%-ға дейін ғана өзгерген. Бұл қор нарығы үшін әлсіз перспективаны көрсетеді.

Марксты алаңдататын негізгі фактор — S&P 500-дің жоғары P/E деңгейінің сақталуы. 2023–2024 жылдардағы S&P 500 өсуінің жартысынан астамы «Ғажайып жетілік» технологиялық гиганттарға тиесілі. Олардың орташа P/E шамасы 33, бұл нормадан жоғары, бірақ Маркстың пікірінше ерекше өнімдері мен күшті бәсекелік позицияларын ескерсек, асыра бағаланған деп айтуға болмайды. Нақты проблема — қалған 493 компанияда: олардың орташа P/E шамасы 22, бұл тарихи нормадан жоғары.

Уоррен Баффет көрсеткіші — АҚШ акцияларының жалпы нарықтық капитализациясы мен АҚШ ЖІӨ қатынасы да рекордтық деңгейде. Маркс бұл жағдайды алаңдатарлық деп санайды, себебі компаниялар биржаға шығу алдында ұзақ уақыт жеке болып қалады, ал көпшілік бұрыннан бар эмитенттер сатып алынып, жеке секторға өтіп кеткен.

Нарықтың «жауынгерлік рухы»

Жаңа америкалық тарифтер жарияланғаннан кейін S&P 500 индексі күрт құлдырады, бірақ бірнеше айдан соң акциялар 30%-ға дейін қалпына келді. Маркс бұл құбылысты нарық психологиясымен байланыстырады. Инвесторлар табиғатынан оптимист, сондықтан олар даулы оқиғаларды да позитивті мәнде түсінуге бейім.

Марктің айтуынша АҚШ қор нарығы фундаменталды артықшылықтарға ие, бірақ бұрынғыдай ерекше емес. Көптеген нарық қатысушылары бұл айырмашылықты байқамайды, ал фактілерді оң мәнде интерпретациялау бағамдардың өсуін қолдайды.

«INVESTCON» шкаласы

Маркс қор нарығы үшін арнайы шкала ойлап тапқан – INVESTCON. Ол DEFCON сияқты 6-дан 1-ге дейін:

  • 6 — қауіп жоқ, бәрі қалыпты

  • 5 — тәуекелді азайтып, қорғаныс активтерін көбейту

  • 4 — тәуекелді активтерді сату

  • 3 — барлық позицияларды қысқарту

  • 2 — активтердің бәрін сату

  • 1 — қысқа позицияларға көшу

Маркстың айтуынша, нақты өмірде 1–3 деңгейіне жету өте сирек. Өйткені қымбат баға әрқашан құлдырауды білдірмейді.

Дегенмен, инвестор қазіргі нарық жағдайын алаңдатарлық деп бағалауда. Жоғары бағалар, шамадан тыс оптимизм және тар несиелік спредтер жүйенің осалдылығын арттырады. «INVESTCON 5 уақыты келді. Егер портфеліңізді тарихи қымбат көрінетін активтерден тазалап, қауіпсіздеріне ауыстырсаңыз, нарық баяу өссе де, көп жоғалтпайсыз», — деп қорытындылайды Маркс.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары