Netskope IPO-сы: бұлттық киберқауіпсіздік әзірлеушісінің акциялары саудалана бастады

Кәсіпорындарға арналған бұлттық қауіпсіздік шешімдерін әзірлеуші Netskope компаниясының акциялары бойынша алдын ала сауда Freedom клиенттеріне арналған сауда жүйесінде басталды. Компания биржаға қымбат инфляция мен жоғары пайыздық мөлшерлемелерден кейінгі IPO нарығының жандануы және киберқауіпсіздік секторындағы мәмілелердің белсенділігі аясында шығып отыр. 18 қыркүйек кешінде компания акциялары Nasdaq биржасында NTSK тикерімен саудаға шығады.
Егжей-тегжейлі
Netskope IPO нәтижесінде $908,2 млн қаржы тартты. Компания 47,8 млн акцияны бір данасы $19 бағамен орналастырды — бұл баға диапазонының жоғарғы шегі ($17–19). Осы бағамен компанияның нарықтық бағасы $7,26 млрд деп бағаланды.
Мәміленің андеррайтерлері: Morgan Stanley, J.P.Morgan, BMO Capital Markets, TD Cowen, Citizens Capital, Mizuho, Wells Fargo Securities және Deutsche Bank Securities.
Тартылған қаражатты NTSK жалпы корпоративтік мақсаттарға, соның ішінде айналым капиталын толықтыруға, операциялық шығындар мен күрделі шығындарды жабуға жұмсамақ. Сондай-ақ, қарыз міндеттемелері бойынша (конвертацияланатын облигациялар) берешекті толық немесе ішінара өтеуге де пайдалануы мүмкін.
Netskope компаниясының теңқұрушысы және CEO-сы Санджей Бери 2025 жылдың наурызында CRN IT-басылымына берген сұхбатында компанияның биржаға шығуының басты себебі капитал емес, брендтің танымалдығын арттыру екенін айтты:
«Біз биржаға капитал үшін емес, танымал болу үшін шығамыз. Публичті компания ретінде қол жеткізетін танымалдық бізге үлкен серпін береді», – деді Бери.
2021 жылы Netskope $300 млн инвестиция тартып, $7,5 млрд бағалауға ие болған еді. Бұл раундты ICONIQ инвестициялық компаниясы басқарды. Сондай-ақ, негізгі инвесторлар қатарында Lightspeed Venture және Accel венчурлік қорлары бар.
Компания несімен қызықты?
2012 жылы құрылған Netskope компаниялар үшін қосымшалар, сайттар мен деректерді кибершабуылдардан қорғауға арналған бұлттық бағдарламалық қамтамасыз ету әзірлейді. Reuters мәліметі бойынша, клиенттер арасында Qualcomm мобильді чип өндірушісі мен BMO канадалық банкі бар.
Juniper Networks-тің бұрынғы топ-менеджері Санджей Бери басшылығымен компания Netskope One бұлттық платформасын жасап шығарды. Ол Өнімділікке зиян келтірмей, сезімтал деректерді анықтау және бақылау үшін жасанды интеллект модельдерін қолданады, деп жазады Bloomberg.
SaaStr түсіндіруінше, Netskope шешімдері компанияларға нақты уақытта веб-ресурстарды, бұлтты сервистерді, SaaS-қызметтерді, ІІ платформаларын және жеке қосымшаларды бақылап, қауіпсіздікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді — яғни бұл қолданушы/құрылғы мен цифрлық кеңістік арасындағы қорғаныс қабаты.
Мысалы, егер қызметкер жеке ChatGPT аккаунтына корпоративтік құпия деректерді енгізе бастаса, жүйе оны бір сәтте корпоративтік нұсқаға бағыттап жібере алады.
SaaStr мәліметінше, қазіргі таңда компанияның 75-тен астам аймақта 120-дан аса толыққанды шеткі деректер өңдеу орталығы бар. 2025 жылғы 31 шілдедегі жағдай бойынша, Netskope 4300-ден астам клиентке қызмет көрсетуде.
IPO құжаттамасына сәйкес, Netskope 2026 қаржы жылының алғашқы жартысында табысты 30,7%-ға арттырған, ал таза шығыны азайған. 31 шілдеге дейінгі алты айда компанияның таза шығыны $169,5 млн, ал табысы $328,5 млн болды. Бір жыл бұрын таза шығын $206,7 млн, ал табыс $251,3 млн болған.
Аналитиктер не дейді?
Netskope қызмет ететін ниша — компания үшін қолайлы, дейді Morgan Stanley. Бұл дерекке сүйенсек, киберқауіпсіздікпен айналысатын компаниялардың акциялары соңғы жылдары бағдарламалық жасақтама нарығынан озып шыққан. 2025 жылы бағдарламалық қамту секторының орташа көрсеткіші -10%, ал киберқауіпсіздік секторы +5% өсім көрсеткен, деп жазады Bloomberg.
«Инвесторлар киберқауіпсіздік секторын бағдарламалық қамту әлеміндегі тыныш айлақ ретінде көреді», – деп жазады Morgan Stanley аналитиктері.
Банк болжамынша, ИИ-мен күшейген шабуылдардың көбеюіне байланысты киберқауіпсіздікке жұмсалатын шығындар IT-бюджеттердің үлкен бөлігін қамтитын болады. Morgan Stanley жүргізген сауалнамаға сәйкес, қауіпсіздікке инвестициялау қарқыны жалпы бағдарламалық қамтуға қарағанда едәуір жылдам өседі.
«Киберқауіпсіздік – болашақтың негізгі саласы ғана емес, сонымен қатар технологиялардың ең болжамды бағыттарының бірі. Бұл инвесторларға Netskope компаниясының ұзақмерзімді даму траекториясына сенімділік беруі тиіс», – деді IPO Boutique аға аналитигі Джефф Зелл (Reuters-ке берген пікірінде).
Ол сонымен қатар жақында андеррайтерлер аналогиялық IPO-ларға тартымды бағалау ұсынғанын, бұл өз кезегінде сәтті дебюттерге себеп болғанын және Netskope-тің листингіне деген инвесторлық қызығушылықты арттыратынын айтты.
Тәуекелдер мен перспективалар
Алайда мәміленің әлсіз тұсы да бар: Netskope 13 жылдан кейін де табысқа жете қойған жоқ, деп нақтылайды Bloomberg. Бұл компанияны «40 ережесі» бойынша (өсім қарқыны + рентабельдік ≥ 40%) инвесторлық іріктеуден тыс қалдырады.
Соған қарамастан, IPO проспектісінде компания қаржылық көрсеткіштердің жақсарғанына екпін береді: ақшалай операциялық ағынның маржасы ақпан–шілде аралығында 3%-ға өсті, ал қосымша операциялық маржа соңғы тоқсанда 74% жеткен.
IPOX Schuster LLC негізін қалаушы Йозеф Шустер IPO сәтті өтетінін, бірақ кейбір соңғы листингтердегідей жарылыс болмайтынын айтады:
«Мәміле қалыпты өтеді. Бұл IPO нарығының қаншалықты жетілгенін көрсетеді» (Bloomberg).
Freedom аналитигі Алем Бектемиров:
«Netskope акциялары $19 бағамен орналастырылды, ал біздің IPO-ға дейінгі мақсатты бағалауымыз $24,5 болған. Бұл 29%-дық өсу әлеуетін білдіреді. Дегенмен, әрі қарайғы динамика табыс өсімінің қарқынына байланысты болады. Егер орташа табыс немесе клиенттік база баяу өссе — бұл компания бағасына теріс әсер етуі мүмкін».
Бектемиров сондай-ақ, платформаның зиянды ПО-ны бұғаттай алмауы немесе қауіпсіздік инциденттерінің алдын ала алмауы — компанияның беделіне және қаржылық жағдайына кері әсер етуі мүмкін екенін ескертеді.
Контекст
Netskope SASE (Secure Access Service Edge) сегментінде Palo Alto Networks, Zscaler және Fortinet сияқты ірі жария компаниялармен бәсекелеседі. Оның дебюті киберқауіпсіздік секторындағы ірі мәмілелердің артуы және технологиялық IPO-ларға қызығушылық қайта оянған кезеңде өтіп жатыр, деп жазады CNBC.
Киберсаладағы ірі листингтердің бірі – Rubrik IPO-сы (сәуір 2024) болды — сол кезден бері акциялар 130%-ға өсті. Биылғы ең ірі мәмілелердің қатарында – Google-дың израильдік бұлттық стартап Wiz-ді $32 млрд-қа сатып алуы (наурыз 2025) және Palo Alto Networks-тің CyberArk-ты $25 млрд-қа сатып алуы бар. Ақпанда Thoma Bravo қоры қолдаған SailPoint компаниясы да биржаға шықты, деп еске салады CNBC.
Freedom клиенттері Netskope акцияларына негізгі биржалық сессия басталғанға дейін қол жеткізе алады. Сауда АҚШ биржалары ашылудан 2–3 сағат бұрын, Астана уақытымен 15:30–16:30 аралығында ерте премаркет режимінде басталады. Қатысу үшін NTSK.US тикерін басыңыз.








