БастыЖаңалықтар
Бөлісу

IPO Bullish: Binance пен Coinbase бәсекелесінің акцияларымен сауда басталды

Альберт Фахрутдинов

Альберт Фахрутдинов

IPO Bullish: Binance пен Coinbase бәсекелесінің акцияларымен сауда басталды

Америкадағы Bullish криптобиржасының акцияларымен алдын ала сауда Freedom клиенттеріне арналған жүйеде басталды. Нью-Йорк қор биржасының (NYSE) бұрынғы президенті Томас Фарли басқаратын компанияның BLSH тикерлі қағаздары сәрсенбі күні кешке NYSE-де саудалана бастайды.

Егжей-тегжейлі

Bullish Нью-Йорк қор биржасында $1,1 млрд тартып, 30 млн жай акцияны бір қағазына 37 доллардан орналастырды. Бұл — бұрын көтерілген, бастапқыдан да жоғары, жарияланған бағалық диапазонның жоғарғы шегінен 12% артық. Сонымен қатар, криптобиржа андеррайтерлерге IPO-дан кейінгі 30 күн ішінде қосымша 4,5 млн акцияны орналастыру бағасымен сатып алу опционын берді. Bloomberg дерегінше, IPO бағасына сүйенсек, Bullish-тің нарықтық құны $5,4 млрд-ты құрайды.

Bullish-ке тиесілі CoinDesk жаңалықтар сайты жазғандай, «криптофирмалар үшін ыстық нарық» оған орналастырылатын акциялар санын 20,3 млн-нан 30 млн-ға дейін арттыруға және IPO бағалық диапазонын бір қағазына 28–31 доллардан 32–33 долларға дейін көтеруге мүмкіндік берді. Bloomberg дерегінше, букбилдинг барысында инвесторлардың Bullish акцияларына сұранысы арттырылған орналастыру көлемінен едәуір асып түсті.

Bullish NYSE-де BLSH тикерімен дебют жасайды. Орналастыруды JPMorgan, Jefferies, Citi, Cantor Fitzgerald, Deutsche Bank және Societe Generale ұйымдастырды. BlackRock және Кэти Вудтың Ark Invest қорлары IPO бағасымен криптобиржа акцияларын $200 млн-ға сатып алуға қызығушылық білдіргенін Bullish листингке өтінімінде хабарлаған.

Компания несімен қызық?

IPO проспектіндегі мәліметке сәйкес, Bullish 2020 жылы құрылған. Алайда криптобиржаның сайтындағы маркетингтік тұжырымда «Ол 2021 Бұқа жылында дүниеге келді» деп жазылған. Бастапқыда Bullish Block.one компаниясының еншілес ұйымы ретінде құрылды, бірақ тез арада ірі инвесторлардан қолдау тапты. Олардың қатарында PayPal және Palantir негізін қалаушы Питер Тильдің Founders Fund және Thiel Capital қорлары, сондай-ақ Nomura және криптоинвестор Майкл Новограц бар, деп жазады AInvest.

2021 жылы Bullish арнайы мақсаттағы компаниямен (SPAC) бірігу арқылы биржаға шығу жоспарын мәлімдеген. Бұл мәміле жүзеге асса, біріккен компанияның құны шамамен $9 млрд болар еді, бірақ 2022 жылы криптобиржа бұл жоспардан бас тартты, деп еске салады Bloomberg.

Қазір Bullish институционалдық инвесторларға бағытталған. 2025 жылғы сәуірге қарай Bullish Exchange платформасындағы жалпы сауда көлемі $1,25 трлн-нан асты, ал 2025 жылдың бірінші тоқсанындағы орташа тәуліктік сауда көлемі $2,5 млрд-ты құрады. Компанияның айтуынша, ол биткоин мен эфир (Ethereum) бойынша спот сауда көлемі жөнінен алғашқы бестікке кіреді және сала алыптарымен — Binance, Coinbase және Kraken-мен бәсекелеседі.

Контекст

Bullish Дональд Трамп әкімшілігі кезінде криптоиндустрияны реттеудің қолайлырақ болуына байланысты биткоин, стейблкоиндар және басқа да цифрлық активтерге деген оптимизмнің артуын пайдалануға ұмтылып отыр. Трамп жуырда қол қойған GENIUS Act заңы Circle шығарған USDC және Tether шығарған USDT сияқты стейблкоиндарға реттеушілік айқындық беріп, криптоиндустрия үшін бетбұрыс сәт ретінде қабылданды, деп жазады Barron's. Circle маусым айында IPO өткізді, содан бері оның акциялары бес есе қымбаттады.

Акциялар туралы сарапшылар пікірі

Freedom Broker сарапшысы Әлем Бектеміров Bullish акциялары бойынша Buy (сатып алу) ұсынымын берді. Оның пікірінше, күшті нарықтық позиция, жаңа өңірлерге шығу, цифрлық активтер нарығының кеңеюі, дәстүрлі қаржы институттарының енуі және реттеудің ашықтығының артуы криптобиржаға кірісті әрі қарай өсіруге мүмкіндік береді. Freedom сарапшысы есептеген барлық қаржылық болжамдарды ескере отырып, Bullish-тің әділ бағасы $6,4 млрд-ты, ал акцияның мақсатты бағасы $44-ті құрайды.

«Мен криптоиндустриядағы алыпсатарлық белсенділіктің “арзан ақша” саясатының әсерінен арта түсетінін күтемін», — деді Bloomberg-ке Needham & Co. аға сарапшысы Джон Тодаро.

Bullish-тің биткоин мен Ethereum-ға басымдық беруі оны ұсақ криптовалюталарға бағытталған криптобиржалар қағаздарымен салыстырғанда қауіпсіздеу инвестицияға айналдырады, деп жазды Gurufocus Compass Point сарапшысы Эд Энгельге сілтеме жасап.

Дегенмен инвесторлар сақ болуы керек: Bullish 2025 жылдың бірінші тоқсанын өткен жылғы пайдаға қарағанда $349 млн таза залалмен аяқтады, деп ескертті Barron's. Сондай-ақ, басылым IPO кезінде еркін айналымдағы акция көлемінің аз болуы тапшылық есебінен дебют күні бағаны жасанды түрде көтеруі мүмкін екенін атап өтті.

«Осы себепті кейбір сарапшылар инвесторларға әдетте IPO-дан кейін 180 күнге созылатын локап-периодтың аяқталуын күтуге кеңес береді. Сол кезде көптеген ерте инвесторлар өз акцияларын сатуға құқық алады, бұл нарықты толтырып, котировкалардың төмендеуіне әкелуі мүмкін, нәтижесінде қағазды биржаға шыққаннан кейін бірден сатып алғандарға зиян тиюі ықтимал», — деп қосты Barron's.

Freedom клиенттері негізгі биржалық сессия ашылғанға дейін Bullish акцияларына қол жеткізе алады. Сауда АҚШ биржалары ашылғанға дейін 2–3 сағат бұрын (Астана уақытымен 15:30–16:30 аралығында) ерте премаркет форматында басталады. Қатысу үшін BLSH.US тикерін басыңыз.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары