БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Nvidia акциясы қымбаттады: АҚШ БАӘ-ге ЖИ-чипін жеткізуге лицензия берді

Весна Педченко

Весна Педченко

Oninvest редакторы
Nvidia акциясы қымбаттады: АҚШ БАӘ-ге ЖИ-чипін жеткізуге лицензия берді

Nvidia акциясы Нью-Йорктағы алдын ала саудада 1,8% қымбаттады. Бұған себеп, АҚШ Сауда министрлігі компанияға өзінің ЖИ-чиптерін БАӘ-ге жеткізуге лицензия бергені туралы хабары. Microsoft бұл процессорларға қатысты экспорттық лицензияны Дональд Трамп әкімшілігінен алғаш болып алғанын мәлімдеді. Сауда ашылған сәтте Microsoft акциясы 1% қосты, ал Nvidia котировкасы 2,3% күрт өсті.

Microsoft енді елге A100 үлгісіндегі 60 мыңнан астам чип баламасын, соның ішінде жетілдірілген Blackwell GB300 сериясын жеткізе алады. 

Бұл шешім корпорацияның Парсы шығанағы өңіріндегі көпмиллиардтық инвестицияларын кеңейтуіне жол ашады, деп жазды Financial Times. Басылымның мәліметінше, Microsoft соңғы үш жылда БАӘ-ге салған $7,3 млрд инвестициясына қосымша ретінде, 2026–2029 жылдар аралығында тағы $7,9 млрд-тан астам қаржы құюды жоспарлап отыр. Оның ішінде $5,5 млрд-ы жасанды интеллект пен бұлтты технологиялар инфрақұрылымын дамытуға бағытталады.

Контекст

Мамыр айында Дональд Трамп БАӘ-де Абу-Дабиде жасанды интеллектке арналған ірі дата-орталықтары кампусын салу туралы келісім жасасқан. Бұл жобаның маңызды серіктесі — Microsoft қолдайтын G42 компаниясы. Алайда, жоба Nvidia-ның қуатты чиптерін экспорттауға қойылған шектеулерге байланысты тежеліп, іске асуы уақытша тоқтап қалды, деп жазды The Wall Street Journal.

CNBC жазғандай, Loop Capital сарапшысы Ананда Баруаның пікірінше, алдағы 12–15 айда Nvidia графикалық процессорларын жеткізу көлемі еселенеді. Ол бұл өнімнің бағасы да өседі деп болжады. Осыған байланысты Loop Capital чип өндірушінің акциясына арналған таргетті $250-дан $350-ға дейін көтерді, бұл шамамен 73% өсу әлеуетін білдіреді. Сарапшының айтуынша, бір жылдан кейін де Nvidia Blackwell циклының шарықтау шегінде болады, ал инвесторлар бұған лайық қосымша премия төлеуге дайын. Ол сондай-ақ, 2027 жылға қарай $400 межесіне жету толық мүмкін деп есептейді.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары