Nvidia Nokia компаниясына $1 млрд инвестиция салды. Nokia акциясы 20% шарықтады

Мобильді байланыс саласының пионері ретінде танымал финдік Nokia компаниясының $1 млрд акциясын Nvidia технологиялық алыбы сатып алып, стратегиялық серіктеске айналатынын хабарлады, деп хабарлады CNBC.
Келісім аясында Nokia шамамен 166 млн-нан астам жаңа бағалы қағаз шығарады. Түскен қаражат компанияның жасанды интеллект саласындағы жобаларын дамытуға, сондай-ақ жалпы корпоративтік мақсаттарға бағытталады.
Бұдан бөлек, Nokia мен Nvidia (6G) байланыс технологияларын бірлесіп әзірлеу үшін стратегиялық әріптестік орнатты. Nokia өздерінің 5G және 6G желілеріне арналған бағдарламалық шешімдерін Nvidia чиптерінде жұмыс істеуге бейімдеуді жоспарлап отыр, сондай-ақ америкалық компаниямен жасанды интеллектке арналған желілік технологиялар саласында ынтымақтаспақ.
Жаңалық жарияланғаннан кейін Nokia акциясы 20% шарықтады, ал Nvidia қағазы 1% өсті.








