БастыЖаңалықтар
Бөлісу

OpenAI бәсекелесінің листингі, Rivian дауы және Unilever: 26 қазанға дейінгі IPO

Альберт Фахрутдинов

Альберт Фахрутдинов

OpenAI бәсекелесінің листингі, Rivian дауы және Unilever: 26 қазанға дейінгі IPO

OpenAI-дың бәсекелесі, Nvidia инвестиция салған Cohere жақын уақытта АҚШ-та IPO өткізуге ниетті. Әлемдегі ең ірі тұтыну тауарларын өндірушінің бірі Unilever АҚШ-тағы шатдаунға байланысты өзінің балмұздақ шығаратын бизнесінің қараша айына жоспарланған IPO-сын кейінге қалдыру қаупіне тап болды. Ал америкалық электркөлік өндіретін Rivian акциясын бастапқы орналастыру кезінде алаяқтық жасады деп айыптаған акционерлерге $250 млн төлейді. Өткен аптаның IPO нарығындағы басты оқиғалар — біздің шолуда.

Болашақ орналастырулар туралы не белгілі?

— OpenAI-дың бәсекелесі, Nvidia инвестиция салған Cohere стартапы жақын уақытта биржаға шығуды жоспарлап отыр, деді компанияның бас директоры Эйдан Гомес. Бұл қадам жасанды интеллект модельдерін әзірлеушілер арасындағы алғашқы IPO-лардың бірі болады. «Менің ойымша, жария нарықтағы инвесторлар гиперскейлерлер арқылы жанама емес, тікелей жасанды интеллект әзірлеушісіне инвестиция салуға мүдделі болады», — деді Гомес. 2019 жылы құрылған Cohere компаниясы бизнеске бағытталған ірі тілдік модельдер мен олардың негізінде жасалған құралдарды әзірлейді. 2025 жылдың қыркүйегінде стартаптың нарықтық құны $7 млрд деп бағаланған.

— Princes Group — консервіленген тунец өндірушісі және италиялық NewPrinces компаниясының еншілес ұйымы — Лондонда өтетін IPO үшін баға диапазонын нарық күткеннен төмен деңгейде жариялады. Компанияның мәліметінше, ол акцияны бір данасын 4,75–5,9 фунт стерлинг диапазонында бағалап, шамамен 400 млн фунт стерлингке дейін қаражат тартуды жоспарлап отыр. Бұл көрсеткіш компанияның капитализациясын 1,16 млрд-тан 1,24 млрд фунт стерлингке дейінгі диапазонға сай етеді, ал Financial Times дереккөздері бұрын 1,5 млрд фунт деңгейін күткен. Баға диапазоны жарияланғаннан кейін Миландағы бас компанияның котировкасы 19%-дан астам төмендеді.

— Samsung пен SK Hynix компаниясына бәсекелес қытайлық жад чиптерін өндіретін ChangXin Memory Technologies (CXMT) 2026 жылдың бірінші тоқсанында Шанхайда шамамен 40 млрд юаньға ($5,6 млрд) IPO өткізуді жоспарлап отыр, деп хабарлады Reuters дереккөздері. Олардың айтуынша, компания өзінің нарықтық капитализациясын 300 млрд юань (шамамен $42,1 млрд) деңгейінде бағалап отыр. CXMT-нің IPO жоспары Қытайдағы жартылай өткізгіш компаниялары акциясының күрт өсуі аясында пайда болды: Reuters-тің мәліметінше, 2025 жылдың басынан бері қытайлық жартылай өткізгіштер CSI CN базалық индексі 49% өскен.

Жуырдағы IPO нәтижелері

— Германиялық Thyssenkrupp Marine Systems (TKMS) — ядролық емес сүңгуір қайықтардың ең ірі өндірушісі — IPO-дан кейін алғашқы сауда күні акциясының құны 35% өсті. Франкфурттағы сауда ашылған соң TKMS котировкасы ең жоғары деңгейде €106,58-ға дейін шарықтап, бастапқы €60 бағасынан 78% жоғары болды, бірақ кейін аздап түзетілді. MWB Research сарапшысы Йенс-Петер Риктің айтуынша, TKMS акция ының раллиі «қорғаныс компаниялары акциясына деген жалпы қызығушылықтың артуымен» байланысты. Ол TKMS қағазына Buy («сатып алу») рейтингі беріп,  мақсатты бағаны — €100 деп белгіледі.

Кім IPO-ны тоқтатты немесе кейінге қалдырды?

— Unilever өз құрамындағы Magnum Ice Cream Company бөлімшесін (оның құрамына Magnum және Ben & Jerry’s балмұздақ брендтері кіреді) бөлуді кейінге шегерді, деп хабарлады The Wall Street Journal. Компанияның мәліметінше, АҚШ-тағы шатдаунға байланысты листинг кешіккен: америкалық реттеуші орган акцияларды тіркеу туралы өтінімнің күшіне енгенін ресми түрде жариялай алмады — ал бұл Нью-Йорк қор биржасында сауданы бастау үшін міндетті шарт. Компания жаңа күнді атамады, бірақ бөлуді 2025 жылдың соңына дейін аяқтауға уәде берді. Бұған дейін Unilever Magnum акциясын Амстердам, Лондон және Нью-Йорк биржаларында 10 қарашада орналастыруды жоспарлаған еді. Компания алғашқы бес жыл бойы Magnum акциясының 20% үлесін өз бақылауында сақтауды, кейін бұл пакетті де толық сатуды көздеген.

— Біріккен Араб Әмірліктеріндегі экспаттар жиі пайдаланатын жарнама сайттарының иесі — Dubizzle компаниясы IPO-ны букбилдинг басталуына бір күн қалғанда кейінге шегерді. Bloomberg-тің жазуынша, бұл аймақ үшін сирек кездесетін жағдай, себебі 2022 жылдан бері Таяу Шығыс пен Солтүстік Африкадағы компаниялар IPO арқылы шамамен $50 млрд тартқан. Dubizzle Дубай биржасында акциясының 30% үлесін орналастыруды жоспарлаған. Bloomberg дерегінше, компанияның нарықтық бағасы шамамен $2 млрд болуы мүмкін еді.

IPO әлеміндегі басқа да маңызды жаңалықтар

— Rivian америкалық электркөлік өндірушісі IPO кезінде алаяқтық жасады деген айып бойынша сот дауын реттеу үшін акционерлеріне $250 млн төлейді. Инвесторлардың айтуынша, компания IPO кезінде өз электромобильдерінің бағасын әдейі төмен көрсетіп, оларды алдаған. 2022 жылдың 1 наурызында Rivian көліктерінің бағасын 18–21% көтергеннен кейін, тұтынушылар тарапынан жаппай наразылық туған, ал компанияның акциялары 10 күн ішінде 39% құлдырады.

— Blackstone инвестициялық алпауыты капитал нарығындағы белсенділіктің артуын пайдалану үшін өз портфельдік компанияларын биржаға шығару процесін жеделдетуді жоспарлап отыр, деп жазды The Wall Street Journal. «Егер біздің IPO жоспарларымыз жүзеге асса, келесі жыл компания тарихындағы ең ірі орналастыру кезеңдерінің бірі болады», — деді инвесткомпанияның басшысы Стивен Шварцман, үшінші тоқсан қорытындысы бойынша. Оның айтуынша, пайыздық мөлшерлемелердің төмендеуі мен қор нарықтарының айтарлықтай өсуі Blackstone компаниясына пайдасын бекітуге, соның ішінде IPO арқылы, тиімді мүмкіндік («терезе») ашып отыр.

— Соңғы жылдары Таяу Шығыс IPO өткізу тұрғысынан ең белсенді аймақтардың біріне айналды, алайда бұл нарықта осы уақытқа дейін негізінен мемлекеттік және отбасылық бизнес басым болды. Енді инвестициялық банкирлер жаңа мүмкіндік көріп отыр — тікелей инвестициялар қорларына тиесілі компаниялардың листингі, деп хабарлады Bloomberg. Barclays банкінің акционерлік капитал нарықтары жөніндегі сарапшысы Никита Туркиннің айтуынша, мұндай компаниялардың саны әлі де дамыған нарықтармен салыстырғанда аз болғанымен, белсенділік айтарлықтай артқан. Ал Emirates NBD Capital басшысы Хитеш Асарпота тамақ өнеркәсібі, ритейл, денсаулық сақтау және қызмет көрсету саласындағы қорлармен алдын ала келіссөздер жүргізгенін, бірақ олардың қатысуымен ірі IPO толқыны алдағы бір-екі жылда болмайтынын атап өтті.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары