БастыЖаңалықтар
Бөлісу

OpenAI Google серверлерін жалға алды. Сарапшылар бұл күтпеген келісім жайлы не дейді?

Владислав Осипов

Владислав Осипов

Oninvest тілшісі
OpenAI Google серверлерін жалға алды. Сарапшылар бұл күтпеген келісім жайлы не дейді?

OpenAI-дың жасанды интеллектті оқыту үшін Google-дың есептеу қуатын пайдалану туралы шешімі Уолл-стрит үшін тосын жаңалық болды. Бұған дейін бұл екі компанияны көбіне іздеу жүйесі саласындағы бәсекелестер ретінде ғана көретін. Дегенмен, сарапшылардың айтуынша, бұл келісім Google бұлтты сервистері үшін үлкен жетістік саналады және инвесторлар алдында бағасын арттыруы мүмкін. Сондай-ақ Google-дың өз чиптерін OpenAI қажетіне пайдалануы да өсімге ықпал етуі мүмкін.

Не болды?

OpenAI жасанды интеллект модельдерін оқытуға қажетті есептеу қуатын қамтамасыз ету үшін Google-дың бұлтты сервистерін қосуды жоспарлап отыр. Reuters дерегінше, бұл туралы келіссөздер бірнеше ай бойы жүргізілген. Google, OpenAI және Microsoft (OpenAI-дың ең ірі инвесторы) бұл туралы пікір білдіруден бас тартты.

Сарапшылар не дейді?

– JPMorgan сарапшысы Даг Энмут бұл әріптестікті күтпеген жағдай деп атап, «ChatGPT қазір Google іздеу жүйесімен және оның жасанды интеллекті Gemini-мен белсенді бәсекелесіп жатқанына қарамастан, бұл келісім Google-дың инфрақұрылымы мен желілік технологиядағы артықшылығын көрсетеді» деді.

– Scotiabank сарапшылары да бұл келісімді тосын жағдай деп сипаттап, ол Google бұлтты бизнесінің өсіміне жаңа мүмкіндік береді деген пікір білдірді. Алайда олар ChatGPT-мен бәсеке мәселесі әлі де алаңдаушылық туғызып отырғанын атап өтті. Reuters келтірген сарапшылар жазбасында: «Бұл келісім екі тараптың да орасан сұранысты игеру үшін бәсекелестікті уақытша ысырып қоюға дайын екенін көрсетеді. Бұл – Google Cloud үшін үлкен жеңіс. Дегенмен, ChatGPT Google-дың іздеу нарығындағы үстемдігіне қатер төндіріп отырғаны алаңдатады» делінген.

– Morgan Stanley бұл серіктестік Google Cloud өсімін жеделдететін факторға айналуы мүмкін деп санайды. Сарапшы Брайан Новак OpenAI-мен жұмыс істеу Google бұлтты сервисінің инвесторлар үшін құнын арттыратынын атап өтті. Ол мұны Google үшін «маңызды әрі оң өзгеріс» деп сипаттады. Оның айтуынша, OpenAI сұранысының үнемі артуы болашақта Google Cloud өсімін едәуір жылдамдатуы мүмкін.

Сондай-ақ Новак бұл келісім Google-дың іздеу бизнесінің ұзақмерзімді болашағына сенімді екенін де білдіреді дейді. «Егер жасанды интеллект өнімдерін жүздеген миллион адамға жеткізуде есептеу қуаты басты артықшылыққа айналса, онда Alphabet ChatGPT-ға Google Cloud қолжетімділігін беруге келісер ме еді, егер ол шынымен өз іздеу жүйесі үшін қатер деп санаса?» – деп сауал тастайды Morgan Stanley сарапшылары.

OpenAI неге бәсекелесіне барды?

Reuters мәліметіне сай, бұл OpenAI-дың инфрақұрылым жеткізушілерін әртараптандыру жолындағы тағы бір қадамы. Бұған дейін OpenAI тек Microsoft-тың бұлтты қуатына сүйеніп келген. Алайда соңғы есептерде Microsoft есептеу қуатының тапшылығы бар екенін және OpenAI-дың басқа компаниялармен жұмыс істеуіне қарсы еместігін мәлімдеген.

Өткен жылы OpenAI Oracle компаниясына жүгінді. Oracle OpenAI үшін дата-орталықтар салу мақсатындағы Stargate бағдарламасына қосылған. Сонымен қатар, OpenAI жақында бұлтты қызмет ұсынатын CoreWeave компаниясымен де келісімге келді. ChatGPT жасаушысы CoreWeave-ке 350 млн доллар инвестиция салып, серверлерді жалға алу үшін бес жылда 11,9 млрд доллар төлеуге келіскен. Алайда Stargate пен CoreWeave OpenAI сұранысын толық қамтамасыз ету үшін әлі бірнеше жыл уақыт керек.

Нені ескеру керек?

Morgan Stanley сарапшысы Брайан Новактың айтуынша, Google-мен әріптестік аясында OpenAI қандай чиптерді пайдаланатыны маңызды. Google есептеу жұмыстарын Nvidia шығарған GPU арқылы не өздерінің TPU чиптері арқылы атқара алады.

«OpenAI нақты қай чиптерді қолданатыны туралы әлі нақты ақпарат жоқ. TPU-ды қолдану да мүмкін, бірақ біз OpenAI есептеу қуатын бұрынғыша негізінен Nvidia GPU-лары арқылы қамтамасыз етеді деп есептейміз», – дейді Новак. Оның айтуынша, егер OpenAI TPU-ға көшсе, бұл Google-дың бірегей технологиялық шешімдері үшін қуатты оң белгі болар еді.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары