БастыЖаңалықтар
Бөлісу

OpenAI мен AMD серіктестігі Nvidia-ның нарықтағы позициясына қауіп төндірді

Виктория Сирота

Виктория Сирота

Oninvest тілшісі
OpenAI мен AMD серіктестігі Nvidia-ның нарықтағы позициясына қауіп төндірді

6 қазандағы кеңейтілген саудада Nvidia акциясы бір сәтте 2%-дан астам төмендеп, кейін төмендеу қарқыны -1,5%-ға дейін баяулады. Инвесторлар OpenAI мен AMD серіктестігі туралы жаңалықтан кейін Nvidia акциясын сата бастады. Екі компания AMD процессорларына негізделген жасанды интеллект дата-орталықтарын құруға бағытталған көпмиллиардтық келісім жасасқанын хабарлады. Мәміле шарттарына сәйкес, OpenAI уақыт өте келе AMD компаниясының 10%-ға дейінгі үлесін иеленуі мүмкін.

«Бұл мәміле тек AMD үшін ғана емес, бүкіл саланың дамуына да үлкен өзгеріс әкеледі деп санаймыз», — деді Reuters агенттігіне берген пікірінде AMD компаниясының атқарушы вице-президенті Форрест Норрод. The Wall Street Journal атап өткендей, бұл келісім AMD үшін жасанды интеллект чиптері нарығындағы үлесін арттыру жолындағы ең ірі жетістік болды. Бұған дейін компания ойын жүйелері, дербес компьютерлер және серверлерге арналған процессорларымен танылған, алайда жасанды интеллектке арналған қуатты үдеткіштер сегментінде ол ұзақ уақыт бойы бәсекелестерінен қалып қойған еді.

OpenAI-дың негізгі жеткізушісі саналатын Nvidia үшін индустриядағы үстем позициясына төнген ең тікелей әрі маңызды қауіптердің бірі, деп жазады Barron’s. The Wall Street Journal атап өткендей, компанияның ірі технологиялық корпорацияларға ЖИ-чип жеткізуші ретіндегі рөліне де қауіп төнуі мүмкін. Қазір Nvidia әлі де басты чипмейкер болып қала берсе де, бәсеке барлық бағыттан күшейіп келеді: Google мен Amazon өздерінің ЖИ-чиптерін жасап, сата бастады, ал OpenAI жуырда Broadcom-мен 10 млрд долларлық келісім жасап, ішкі қажеттілігіне арналған чип әзірлеуге кірісті.

Соған қарамастан, Goldman Sachs сарапшысы алдағы айларда Nvidia акциясы өседі деп санайды. Компанияның мақсатты бағасын $200-дан $210-ға дейін (соңғы жабылудан 12% жоғары) көтеріп, «сатып алу» ұсынысын растады. Сарапшының айтуынша, Nvidia жуырда OpenAI-мен стратегиялық серіктестік орнатып, $100 млрд-қа дейін инвестиция салуды жоспарлап отыр. Оның пікірінше, осы және өзге серіктестіктер чипмейкердің акциясын өсіретін негізгі факторлар болады.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары