БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Oracle AMD-нің 50 000 ЖИ-чипін орнатады. Оның процессоры — Nvidia-ға балама

Венера  Сайфутдинова

Венера Сайфутдинова

Oninvest тілшісі
Oracle AMD-нің 50 000 ЖИ-чипін орнатады. Оның процессоры — Nvidia-ға балама

Бұлтты алып Oracle 14 қазан, сейсенбі күні Advanced Micro Devices компаниясының 50 000 графикалық процессорын 2026 жылдың екінші жартысында орнататынын хабарлады. Ал 2027 жылдан бастап серіктестік одан әрі кеңеймек.

Сөз болып отырған — биыл таныстырылған AMD Instinct MI450 чиптері. Бұл — компанияның алғаш рет шығарған жасанды интеллектке арналған процессорлары, оларды біріктіріп, бір жүйе ретінде жұмыс істейтін ірі серверлерге орналастыруға болады. Мұндай архитектура алдыңғы қатарлы жасанды интеллект алгоритмдерін құру және іске қосу үшін қажет, деп жазады CNBC.

Бұлтты провайдерлер жасанды интеллект нарығында басымдыққа ие Nvidia шешімдеріне балама ретінде AMD графикалық процессорларын барған сайын жиі ұсына бастағанының тағы бір дәлелі, деп жазады CNBC.

AMD акциясы 14 қазандағы премаркет саудасында 2%-дан астам өсті. Ал жыл басынан бері олардың бағасы шамамен 80% қымбаттаған.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары