БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Palantir бас директоры $50 млн-ға акция сатты: инвесторлар алаңдауы керек пе?

Владислав Осипов

Владислав Осипов

Oninvest тілшісі
Palantir бас директоры $50 млн-ға акция сатты: инвесторлар алаңдауы керек пе?

Жасанды интеллект жүйелерін әзірлеуші Palantir компаниясының бас директоры Алекс Карп $50 млн-нан астам сомаға компания акцияларын сатты. Бұл оның алғашқы сатуы емес: бұған дейін де жоғары басшылық пен директорлар кеңесінің мүшелері осындай мәмілелер жасап, нәтижесінде компания қағаздарының рейтингі төмендеген. Бірақ қазір сарапшылардың көбі бұл акцияларды сатып алуға кеңес береді.

Егжей-тегжейлі

Palantir компаниясының негізін қалаушы әрі бас директоры Алекс Карп 21–22 мамырдағы екі күн ішінде компания акцияларын жалпы сомасы $50 млн-нан сәл асатын көлемде сатты. Бір қағазға шаққанда $125,26 мен $127,70 аралығында болды. Бұл туралы АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржаға (SEC) тапсырылған құжаттарда көрсетілген. Құжаттарға сәйкес, сату мәмілелері акциялардан алынған табысқа салынатын салықтарды өтеу үшін автоматты түрде жүзеге асқан. Онда көрсетілгендей, акцияларды сату автоматты түрде салықтарды ұстап қалу жөніндегі міндеттемелерді жабу үшін жасалған.

SEC-ке тапсырылған құжаттарда көрсетілгендей, Palantir акцияларын сатқан тек Алекс Карп қана емес. Мысалы, компанияның техникалық директоры Шьям Санкар шамамен $21 млн көлемінде сатқан. Ал тең құрылтайшы әрі президент Стивен Коэн жобамен $43,5 млн-ға сатқан.

Соңғы апталарда Palantir котировкалары бірнеше рет рекорд жаңартты. Компания нарықтық капитализация бойынша маркетологтарға арналған бұлтты бағдарламалық жасақтама әзірлеушісі Salesforce-тен асып түсіп, АҚШ-тағы ең қымбат IT-компаниялардың топ-10-ға енді, дейді CNBC. Ағымдағы рекорд 14 мамырда тіркелді: сол күні акциялар сауда сессиясын $130,18 бағасымен жапқан.

Бұл Карптың акцияларын алғаш сатуы емес

Ақпанда Palantir-дың екі миллиардер-басшысы жалпы құны $1,4 млрд-тан асатын акцияларды сату жоспарын ашты.  Ал 2024 жылы компанияның жоғары басшылығы мен директорлар кеңесінің мүшелері Palantir акцияларын $4 млрд-тан астам сомаға сатқан, деп жазды Bloomberg. Кейбір жағдайларда бұл сатылымдар 2030–2032 жылдары аяқталатын опциондарды іске асырумен байланысты болған.

Palantir инсайдерлерінің акцияларын жаппай сата бастауы сарапшылар назарын өткен жылдан-ақ аудара бастаған, дейді Bloomberg.  Мысалы, қараша айында Jefferies қағаздар рейтингін «нарықтан төмен» (Underperform) деңгейіне төмендеткен. Компанияның табысына шаққандағы нарықтық бағасының тым жоғары болуын (артық бағаланған P/S мультипликаторы) және котировкалар өскен сайын жоғары басшылықтың алдын ала бекітілген 10b5-1 сауда жоспарлары арқылы жиі сата бастағанын деп түсіндірді.

Сарапшылар ұсынады

Мамыр айында бірқатар сарапшы Palantir бойынша бағалауларын жаңартты — соның ішінде компанияның есеп беруінен кейін де.

23 мамырда Wedbush сарапшылар Дэн Айвздың жетекшілігімен Palantir акцияларына қатысты «нарықтан жоғары» (Outperform) рейтингін растады және мақсатты бағасын $140 деңгейінде сақтады — бұл ағымдағы бағадан 13% жоғары. Wedbush Palantir-ді портфельде ұстауға тұрарлық шешуші компаниялардың бірі деп санайды, себебі оның бағдарламалық өнімдері үкіметтік те, коммерциялық та секторда бұрын-соңды болмаған кең таралымға ие болып жатыр.

13 мамырда Daiwa Securities Palantir акцияларының мақсатты бағасын $90-нан $118-ге көтеріп, бейтарап рейтингін (Neutral) сақтап қалды. Ал 6 мамырда Cantor Fitzgerald таргетті $98-ден $110-ға көтерсе, дәл осы көрсеткішті 5 мамырда UBS те бекіткен болатын.

Palantir акциялары бойынша RBC Capital теріс көзқарасты ұстанып отыр: 6 мамырда олар «нарықтан төмен» (Underperform) рейтингін сақтап, мақсатты бағаны бар болғаны $40 деңгейінде қалдырды — бұл ағымдағы бағадан үш есе төмен. RBC компанияның күшті қаржылық есебіне қарамастан, оның өсу әлеуеті мен өнімдерінің бірегейлігіне күмән келтірді. Инвестбанк сарапшылары Palantir акцияларының P/E (баға мен жылдық табыс арақатынасы) және P/B (баға мен баланстық құн арақатынасы) көрсеткіштері тым жоғары екенін, котировкалардың одан әрі өсу әлеуетін шектеуі мүмкін екенін атап өтті.

2025 жылдың басынан бері Palantir акциялары шамамен 65% өсті, бұл өсім қарқыны бойынша көптеген технологиялық компанияларды артта қалдырды, деп есептейді CNBC. Алайда телеарна мәлімдеуінше, компанияның әскери ЖИ саласындағы акциялары бірқатар қаржылық мультипликаторлар бойынша шамадан тыс қымбаттаған болып көрінеді.

MarketWatch деректеріне сүйенсек, Palantir акцияларына барлығы 27 сарапшы рейтинг берген: олардың 16-сы қағаздарды портфельде ұстауға кеңес береді (Hold). 6 сарапшы сатып алуды ұсынады (Buy/Overweight), ал 5-еуі сатуды ұсынады (Sell). Уолл-стриттің консенсус бағасы — $103,3, бұл 23 мамырдағы жабылу бағасынан 16%-ға төмен.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары