БастыЖаңалықтар
Бөлісу

S&P 500 алғаш рет бір жыл ішінде 5000 деңгейінен төмен түсті – нарық тағы құлдырады

Тарифтерді көтеру туралы мәлімдемеден кейін АҚШ қор нарығы тағы да құлдырап, S&P 500 индексі соңғы төрт сауда сессиясында 12%-дан астам жоғалтты

Владислав Осипов

Владислав Осипов

Oninvest тілшісі
S&P 500 алғаш рет бір жыл ішінде 5000 деңгейінен төмен түсті – нарық тағы құлдырады

8 сәуірдегі АҚШ акцияларындағы қысқа мерзімді ралли ұзаққа созылмады – күн соңында негізгі индекстер қайтадан құлдырады. Бұған 9 сәуірден бастап АҚШ-қа импортталатын тауарларға, соның ішінде Қытайдан жеткізілетін өнімдерге 104%-ға дейінгі баж салығын енгізу туралы Ақ үйдің шешімі түрткі болды. Соның нәтижесінде S&P 500 индексі 2024 жылдың сәуірінен бері алғаш рет 5000 пункттен төмен деңгейде жабылды.

Нақтырақ

— Кең ауқымды S&P 500 индексі 8 сәуірдегі сауда-саттықта 1,57%-ға төмендеп, 4983 пунктте жабылды. Индекс ақпан айындағы ең жоғары көрсеткішінен 19%-ға дерлік төмендеді. S&P 500 алғаш рет 2024 жылдың сәуірінен бері 5000 деңгейінен төмен жабылды. Соңғы төрт күндегі төмендеу 12%-дан асты.

— Технологиялық сектор индексі Nasdaq Composite сауда күні қорытындысында 2,15%-ға құлап, 15 268 пунктке жетті. Күндіз индекс 4,5%-ға көтерілді, бірақ позицияларын сақтай алмады. Соңғы төрт күн ішінде Nasdaq 13%-дан астам жоғалтты және желтоқсандағы ең жоғары деңгейінен 24%-ға төмендеп отыр, яғни «аю трендінде» қалуда.

— «Көк чиптер» индикаторы Dow Jones Industrial Average 0,84%-ға төмендеп, 37 645 пунктке жетті. Бұл индекс, сауда тарифтерінің енгізілуіне байланысты төрт күн ішінде 4500 пункттан астам жоғалтты. Сауда күні ішінде Dow минималды деңгейден 3,9%-ға көтерілді. S&P 500 индексі ішіндегі ең көп құн жоғалтқан компания — Apple болды. iPhone өндірушісінің акциялары бір күнде 5%-ға арзандады. Сарапшылар бұл жағдайды Қытайдан келетін тауарларға жаңа баж салығы енгізілгеннен кейін Apple-дің өндірістік шығындарының күрт өсуімен байланыстырады. Ал Dow Jones индексі (DJIA) түзету аймағына өтіп кетті — ол қаңтардағы ең жоғары деңгейінен бері 16,3%-ға төмендеді.

— Russell 2000 кіші капиталдандыру индексы 2,7%-ға төмендеді. 3 сәуірде индекс «аю трендінде» көш бастап, қазір оның ең жоғары деңгейден жоғалтуы 28%-ды құрайды.

— АҚШ-тың 10 жылдық мемлекеттік облигацияларының кірістілігі 10 базистік пункттен астамға өсті, ал 30 жылдық көрсеткіші 4,76%-ға жетті, деп хабарлайды Bloomberg.

Не болды

Америка нарығы сейсенбіде сауда-саттықты өсіммен бастады: трейдерлер бұл серпілісті АҚШ-тың негізгі сауда серіктестеріне қатысты сауда саясатын жеңілдету үмітімен түсіндіреді. Дональд Трамп сейсенбіде Truth Social желісінде Оңтүстік Кореяның президент міндетін атқарушымен «тамаша қоңырау» болғанын жазды, бұл оң көңіл-күйге серпін берді. Сонымен қатар, қаржы министрі Скотт Бессент CNBC арнасына берген сұхбатында АҚШ-қа тарифтер бойынша келіссөздер жүргізу туралы 70 елдің өтініш жасағанын айтты.

Алайда нарық бағытынан ауытқып, төмендей бастады. Ақ үй 9 сәуірден бастап қытайлық тауарларға қатысты жалпы тариф 104%-ға жететінін растағаннан кейін, нарықтағы жағдай нашарлады. Осы жаңалықтың әсерінен Apple акциялары  күндізгі 4%-дан астам өсімнен кейін, сессияны 5%-дық төмендеумен аяқтады. Соңғы төрт сауда күнінде iPhone өндірушісінің акциялары шамамен 23%-ға төмендеді, деп түсіндіреді CNBC.

Сейсенбі АҚШ қор нарығындағы сауда көлемі бойынша тағы бір рекордтық күн болды: биржалардағы айналым 23 миллиард акциядан асты, деп хабарлайды Bloomberg.

Сарапшылардың пікірі

«Қазіргі нарықтағы құбылмалылық — жаңа шынайылықтың көрінісі. Бұл шынайылықта ешкім ойын ережелерін де, тіпті бәрі қайда бара жатқанын да түсінбейді», — деді Bloomberg-ке берген сұхбатында Research Affiliates LLC компаниясының инвестициялар жөніндегі директоры Ке Нгуен. Оның айтуынша, «инвесторлар өз үміт-тілектерін қайта қарамайынша, ал мақсаттар мен ережелер нақты әрі түсінікті болмайынша, нарық үміт пен қорқыныш арасында теңселіп қала береді».

Нарықтың қалпына келуін бастау үшін инвесторлар сауда саясатының тұрақтылығын көруі керек, деп санайды Brave Eagle Wealth Management компаниясының инвестициялық директоры Роберт Руджирелло.

«Тұрақтылық қажет, яғни компаниялар капиталды ұзақ мерзімді бөлу туралы шешім қабылдай алатын жағдайлар. Оларға саясаттың жүйелілігіне деген сенім керек», – деді Руджирелло CNBC арнасына.

Goldman Sachs стратегия тобының сарапшылары, соның ішінде Питер Оппенгеймер мен Лилия Пейтавен, ағымдағы нарықтағы акцияларды сатудың ұзақмерзімді циклдік «аю нарығына» айналу мүмкіндігі туралы ескерту жасады, деп хабарлайды Bloomberg.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары