БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Сенаторлар Meta-ны жалған жарнамадан түсуі мүмкін табыс үшін тексеруді талап етті

Венера  Сайфутдинова

Венера Сайфутдинова

Oninvest тілшісі
Сенаторлар Meta-ны жалған жарнамадан түсуі мүмкін табыс үшін тексеруді талап етті

АҚШ сенаторлары Джош Хоули мен Ричард Блументаль АҚШ-тың Федералдық сауда комиссиясы (FTC) мен Бағалы қағаздар және биржалар комиссиясынан (SEC) Meta Platforms қызметін тексеруді сұрады. Бұған компания кірісінің 10%-ына дейін жалған жарнамадан түсуі мүмкін деген хабарлар түрткі болды, деп жазады Reuters.

«FTC мен SEC дереу тергеу бастап, егер ақпарат расталса, заңсыз табысты өндіру, айыппұл салу және мұндай жарнаманы орналастыруға тыйым салуды қоса алғанда, қатаң шара қолдануы тиіс», — делінген сенаторлардың федералдық органдарға жолдаған хатында.

Қараша басында агенттік Meta-ның ішкі құжаттарына сілтеме жасай отырып, компания 2024 жылы шамамен $16 млрд (жылдық кірістің 10%-ына жуық) онлайн сату мен инвестиция саласында жасалатын алаяқтыққа, заңсыз казиноға және тыйым салынған медициналық өнімдерге қатысты жарнамалардан түседі деп күткенін хабарлаған еді. Құжаттардың бірінде Meta платформаларының пайдаланушылары күн сайын шамамен 15 млрд «жоғары қауіпті» жарнама көретіні жазылған. Meta өкілі сол кезде Reuters-ке күмәнді жарнамадан түсетін кірістің ішкі бағалауы «шамаланған және тым кең» болғанын, нақты көрсеткіш одан төмен шыққанын айтты. Компания соңғы жарты жылда пайдаланушылардың алаяқтыққа қатысты шағымдарын 58%-ға қысқартқанын да мәлімдеді.

Хоули мен Блументаль хатта Meta-ның шараларының тиімділігіне күмән келтіріп, компанияның Ad Library атты ашық дерекқорына назар аударды. Онда платформалардағы барлық жарнамалар сақталады. «Ad Library-ді үстірт шолудың өзі заңсыз құмар ойын жарнамаларын, төлем алаяқтық схемаларын, криптоалаяқтықты, сексуал сипаттағы ЖИ-дипфейктерді және федералдық жеңілдіктер туралы жалған ұсыныстарды оңай байқауға мүмкіндік береді», — деп жазды олар.

Сенаторлар FTC мәліметіне сүйене отырып, өткен жылы америкалықтар алаяқтық салдарынан $158,3 млрд жоғалтқанын атап өтті. «Соның ішінен Meta-ға $50 млрд-тан астам тұтынушылық шығын тиесілі болуы мүмкін», — делінген хатта.

Meta өкілі Энди Стоун сенаторлардың хаты «асыра сілтелген және дұрыс емес мәлімдемелер» қамтитынын айтты. «Біз алаяқтық пен алдау схемаларына қарсы белсенді күресеміз, өйткені пайдаланушылар мұндай контентті көргісі келмейді, адал жарнама берушілер оның жанында болғысы келмейді, біз де оны қаламаймыз», — деді ол.

Meta акциялары 24 қарашадағы саудада кең нарықтың өсімімен бірге 3% көтерілді. Жыл басынан бері компанияның құны 4,6% артты.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары