БастыReview
Бөлісу

Сенімге соққы және өсімге қауіп: АҚШ пен Қытай сауда соғысының бес салдары

Едіге  Қасымжан

Едіге Қасымжан

Сенімге соққы және өсімге қауіп: АҚШ пен Қытай сауда соғысының бес салдары

Әлемнің екі ірі экономикасы – АҚШ пен Қытай арасындағы сауда соғысының қайта өршуі жаһандық белгісіздіктің жаңа себебі болды. АҚШ президенті Дональд Трамп жұма күні қытай импортына қосымша 100% баж салығын енгізу және америкалық бағдарламалық қамтамасыз ету экспортын қатаң бақылауға алу мүмкіндігін ескертті. Бұған дейін Қытай АҚШ үшін маңызды технологиялық және қорғаныс салаларына қажет сирек металдардың экспортын шектеу шараларын жариялаған еді.

Bloomberg Economics аналитиктерінің Oninvest зерттеген есебінде америкалық-қытайлық сауда қатынастарының жаңа шиеленісінің ұзақ мерзімді салдары талданған.

1. Қосымша баж салынуы саудаға ауыр соққы береді. Қытай тауарларына қосымша баж салығы енгізу АҚШ-тағы орташа тиімді баж мөлшерін 140%-ға дейін көтеруі мүмкін. Мұндай мөлшер екіжақты сауданы іс жүзінде тоқтатып тастайды. Зардап шеккен салалар – электроника, машина жасау және тоқыма өнеркәсібі. Қыркүйекте АҚШ-тың Қытай экспортына үлесі тамыздағы 9,8%-дан 10,4%-ға дейін өсті, бірақ екі ел арасындағы сауда соғысы басталмас бұрынғы деңгейден (2025 жылдың І тоқсаны – 13,6%) төмен. Қытайдың АҚШ-пен сауда балансындағы профициті қыркүйекте 22,8 млрд долларға жетіп, биылғы маусымнан бері алғаш рет артты. Ал Қытайдың жалпы сауда балансындағы профицит 11,5%-ға қысқарды, 90,5 млрд долларға дейін төмендеді.

2. Сауда соғысының экономикалық әсері. АҚШ пен Қытай арасындағы сауда қақтығысының күшеюі Қытай экономикасына айтарлықтай зиян келтіруі мүмкін – жылдың соңғы екі айында қытайлық экспорт көлемінің шамамен 20%-ы жүзеге асады.

3. Сенімге соққы. Жаңа қақтығыс тұтынушылар мен инвесторлардың сеніміне нұқсан келтіреді деп ескертеді Bloomberg Economics. Қазіргі уақытта қытай тауарларына АҚШ-та 40% баж салығы қолданылуда және нарық оны қалыпты жағдай ретінде қабылдаған. Ал қосымша мөлшердің өсуі тұрақтылық сезімін бұзады, бұл Қытайдағы тұтынуға кері әсер етуі мүмкін. Қыркүйекте Қытайдағы бөлшек сауда өсімі 3,4%-ға дейін баяулады (нарық консенсусына сәйкес 3,8% күтілген).

4. Құбылмалылықтың өсуі қор нарысына әсер етеді. Құбылмалылықтың артуы Қытай қор нарығы индексінің өсуін тежей алады. CSI 300 индексі маусым айынан бері 20% өскен, себебі АҚШ пен Қытай сауда келісіміне келген еді. Соңғы уақытта инвесторлар қытайлық технологиялық компаниялардың өсуіне ставка жасап, техноралли ұйымдастырған. 13 қазан, дүйсенбіде негізгі қытайлық индекстер төмендеді.

5. Қытай үкіметінің ықтимал шаралары. Қытай билігі енді өз экономикасын қолдау үшін күрделі шараларға баруға мәжбүр болуы мүмкін деп болжайды Bloomberg Economics: негізгі мөлшерлемені төмендету және инфрақұрылымға бюджет шығыстарын ұлғайту. Алайда бұл фискалдық ынталандыру қарыз жүктемесін арттырып, мемлекеттік инвестициялардың тиімділігін төмендетуі ықтимал.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары