Small-cap биотех акциялары бір аптада 200% өсті. Бұл Roche-пен қалай байланысты?

Ракқа қарсы дәрі әзірлейтін small-cap Olema Pharmaceuticals акциясы 18–24 қараша аралығында бір аптада шамамен 200% өсті. Инвесторлар швейцариялық фарма алыбы Roche жүргізіп жатқан клиникалық сынақтардың оң нәтижесіне ықылас білдірді. Freedom Broker мәліметінше, Olema-ның әрекет ету механизмі Roche препаратына ұқсас әзірлемесі бар, сондықтан Roche-тың табысы Olema-ға инвестиция салу тәуекелін төмендетті. Осы фактордың әсерінен Уолл-стриттегі кемі екі сарапшы small-cap әзірлеушісінің қағазы бойынша мақсатты бағаны көтерді.
Егжей-тегжейлі
Olema акциясы соңғы бес сауда күнінде 194% қымбаттап, 24 қарашадағы сауда жабылғанда $25,05-ға дейін жетті. Бұл — шамамен төрт жыл ішіндегі ең жоғары деңгей.
Freedom Broker small-cap сегментіне арналған шолуында жазғандай, раллидің себебі компанияның өз жаңалықтары емес, оның бәсекелесі — швейцариялық Roche компаниясының мәлімдемесі болды. 18 қарашада фармгигант өзінің сүт безі қатерлі ісігін емдеуге арналған препараты клиникалық сынақтардың соңғы кезеңінде «бұрын-соңды болмаған нәтижелер» көрсеткенін хабарлады. Осы жетістік препараттың жаңа ем стандартына айналуына жол ашуы мүмкін.
Freedom жазғандай, бұл жаңалық Olema инвесторлары үшін тәуекелдерді төмендетті. Себебі екі компанияның да препараттары бір-біріне ұқсас әрекет ету механизміне ие, ал Roche-тың табысы осы тәсілдің тиімді екенін клиникалық сынақтардың соңғы кезеңінде алғаш рет дәлелдеді, деп түсіндірді сарапшылар.
Freedom шолуында: «Тәуекелдерді қайта бағалау аясында инвесторлардың назары технология жұмыс істей ме? деген сұрақтан, қай компанияның әзірлемесі тиімді болады? дегенге ауысты», — деп жазылған. Құжатқа сәйкес, Olema терапиясы сынақтардың ертерек кезеңінде тұр, бірақ олардың кейбір нәтижелерін нарық компанияға ықтимал бәсекелік артықшылық ретінде қабылдаған.
Olema акциясының күрт өсуін тиімді пайдаланды: 19 қарашада компания 10 млн қарапайым акцияны жария түрде сататынын, шамамен $190 млн тартуды көздейтінін хабарлады. Алайда жоғары сұраныс нәтижесінде түпкілікті көлем $218,5 млн-ға дейін өсті. Freedom мәліметінше, бұл компанияға клиникалық сынақтардың келесі кезеңдерін қаржыландыруға мүмкіндік береді.
Акция ахуалы
Котировканың өсуі аясында Уолл-стриттің кемінде екі сарапшысы Olema акциясы бойынша мақсатты бағаны көтерді, деп көрсетті Yahoo Finance деректері.
— JPMorgan таргетті 10%, яғни $32-ға дейін арттырды. Бұл 24 қарашадағы жабылудан 28% жоғары. — Goldman Sachs мақсатты бағаны 44,4%, яғни $26-ға дейін көтерді. Бірақ бұл бар болғаны 4% өсім әлеуетін білдіреді.
MarketWatch мәліметінше, компания қағазына Уолл-стрит сарапшыларынан тоғыз «сатып алу» рейтингі бар және бір де бір «сату» рейтингі жоқ. Үш ай бұрын бар болғаны жеті рейтинг болып, олардың бәрі «сатып алу» болған. Орташа мақсатты баға — $36,5, бұл соңғы жабылудан 46% өсу әлеуетін білдіреді.








