«Стратегия тайдырмайды»: Atlas Capital басшысы Тимирлан Гумбатовтың ережелері

ATLAS Capital инвестициялық компаниясының СЕО-сы және тең құрылтайшысы, директорлар кеңесінің мүшесі әрі инвестициялық комитеттің тең төрағасы Тимирлан Гумбатов Oninvest сұрақтарына жауап беріп, өзінің инвестициялық қағидаларымен бөлісті.
Сіз неге инвестиция саласыз — және неліктен дәл осы салаға?
Біз әлеуеті бар және өзіміз жақсы түсінетін нәрсеге инвестиция саламыз. Бұл — Чарли Мангердің философиясы. Түсінбеген салаға жолама. Біз технологияларға, финтехке, банктерге және өзімізде сараптамамыз бар әрі ұзақмерзімді өсімге ие секторларға басымдық береміз.
Алғашқы құйған инвестицияңыз есіңізде ме? Бөліссеңіз.
Алғашқы маңызды инвестициям — Facebook акциялары болды. Жақсы нәтиже берді. Бірақ көбіне солай ғой: сәтті басталған соң, бәрі оңай екен деп қаласың. Алайда нарық сені тез иллюзиядан айырады.
Енді нені мүлде сатып алмас едіңіз?
Хайп үшін алынатын қағаздар қызық емес. Артында нақты бизнес-модель мен ақша ағыны жоқ активтерден аулақпын. Әсіресе, елдің бәрі алып жатыр екен деп алу — ең қауіпті тәсіл.
Шешім қабылдағанда кімге сенесіз?
Бізде шешімді инвесткомитет қабылдайды, бірақ әрқашан факті мен сандарға сүйенеміз. Компания не өндіреді, ол оның капитализациясына қалай әсер етеді — бізге маңыздысы осы. Қалғанының бәрі — шу.
Сізді таңғалдырған инвестиция болды ма?
Әрине, NVIDIA. Біз ол компанияның AI-чиптерінде монополия екенін білгенбіз. Бірақ дәл осылай серпін көрсетеді кетеді деп ешкім күтпегені рас.
Соңғы рет қашан қателестіңіз — және одан не түйдіңіз?
Жыл басында Трамптың саудаға қатысты мәлімдемелерінен кейін нарық құлдырайды деп күтіп, позицияларымызды тым агрессивті түрде хедж жасадық. Бірақ біздің макроиндикаторлар жүйелі қауіптің барын көрсетпеді, ал нарық керісінше өсті. Бұл тағы бір нәрсені еске салды: егер негіз мықты болса, құбылмалылықтан қорықпау керек. Қазір бәрі тез нәтижеге ұмтылатын ақпараттық ортада өмір сүріп жатырмыз, ал бұл кейде стратегиялық ойлауы тиіс адамдарға да әсер етеді.
Сіз үшін стратегия маңызды ма, әлде ішкі түйсік пе? Не себепті?
Әрине, стратегия. Ол бағыттан тайдырмайды. Интуиция да тәжірибенің бір бөлігі, бірақ ол жүйенің ішіндегі құрал болуы керек.
Баффет — мықты ма?
Әрине. Ол тәртіп пен ұзақмерзімді көзқарас эмоция мен асығыстықтан үстем екенін дәлелдеді.
Экран сөнгенде инвестор неден қорқады?
Сделкадан шығып үлгермей қалам ба деп. Немесе өтімділік болмай қала ма деп. САл ең қорқыныштысы — сатып алушының жоқтығы.
Инвестициялық ортада ең қатты ашуландыратын нәрсе не?
Қысқамерзімді ойлау. Бәрі бір аптада екі есе табыс тапқысы келеді. Және инвестицияны ойын-сауық ретінде қабылдайтын көзқарас.
Басқа біреудің портфеліне қызығып көрдіңіз бе?
Жоқ. Әр әдемі нәтиженің артында қаншама стресс тұрғанын білемін.
Ең табысты мәміледен түскен табысты не нәрсеге жұмсадыңыз?
Көбін қайта инвестицияладым. Бірақ негізінде — жылжымайтын мүлік сатып алдым, ата-анама көмектестім: үй және тағы басқалар. Ыңғайлы өмір де — нәтиженің бір бөлігі.
Барлық активті кэшке айналдыратын жағдай қай кезде туындауы мүмкін?
Егер біздің модельдеріміз жүйелі рецессияны немесе жаһандық макро-сілкіністі көрсете бастаса. Онда — кэш пен қорғанысқа жүгінеміз, әлбетте.
Инвестицияда сіздің guilty pleasure-іңіз бар ма?
Кейде есептер кезеңінде «ойнап» жібергенді ұнатамын. Күтулер мен шынайы сандар арасында айқын айырмашылық байқасақ — бұл жақсы мүмкіндік. Мұны жиі жасамаймын, бірақ дөп тигізетінім бар.








