БастыЖаңалықтар
Бөлісу

«Тәуекелді елемеуге болмайды»: Morgan Stanley еуро $1,3-ке жетуі мүмкін дейді

Владислав Осипов

Владислав Осипов

Oninvest тілшісі
«Тәуекелді елемеуге болмайды»: Morgan Stanley еуро $1,3-ке жетуі мүмкін дейді

Еуроның раллиі жақын арада жаңа серпін алуы мүмкін, өйткені еуропалық инвесторлар АҚШ-та орналастырылған $4 трлн шамасындағы активтерін қорғауға тырысуда, деп санайды Morgan Stanley стратегтері. Инвестбанк еуро бағамының $1,3-тен жоғары қымбаттауы — доллардың сенімді актив ретіндегі мәртебесіне күмән күшейіп тұрған шақта елемеуге болмайтын тәуекел екенін ескертеді.

Егжей-тегжейлі

Дэвид Адамстың басшылығымен жұмыс істейтін Morgan Stanley командасы Уолл-стриттегі еуроға қатысты ең «бұқалық» позициядағы сарапшылардың бірі саналады. Олар еуро бағамының $1,3-тен жоғары өсуін «елемеуге болмайтын тәуекел» деп есептейді. Бұл болжам келесі жылдың соңына қарай $1,27 құрайтын банктің ресми таргетінен де жоғары, деп хабарлайды Bloomberg.

Morgan Stanley бағалауынша, еуропалық инвесторлардың АҚШ-тағы акциялар мен облигациялардағы үлесі шамамен $8 трлн-ды құрайды. Соның ішінде $3,6 трлн-ға жуығы валюта бағамының ауытқуларынан қорғалмаған. Осы активтердің аз ғана бөлігін хеджирлеудің өзі «қатты әсер» беруі мүмкін, дейді Адамс.

Хеджирлеу — қаржылық тәуекелдерден сақтану стратегиясы, мұнда инвестор негізгі инвестициядан болуы мүмкін залалды өтеу үшін қосымша мәмілелер жасайды. Банк келесі 12 айда хеджирлеуші қаржы ағымдары $400 млрд шамасында болады деп күтуде. Бұл еуро бағамының шамамен 7% өсуін қамтамасыз етуі мүмкін. Адамстың айтуынша, ФРЖ мөлшерлемелерді төмендетуді бастаған соң, долларлық активтерді сақтандыру арзандай түседі. Сондықтан инвесторлардың ондай қорғаныс құралдарын пайдалануға ынтасы артады. Қазір трейдерлер Федрезерв қыркүйекте ақша-несие саясатын жұмсартуды қайта бастайды деген ықтималдылықты 56% деп бағалап отыр.

Контекст

Биыл жыл басынан бері еуро 12% қымбаттады. Бұған бірнеше фактор түрткі болды: қорғаныс пен инфрақұрылымға көпмиллиардтаған бюджет қаражатын құю күтіліп отыр, ал Дональд Трамптың бірізді емес экономикалық саясаты еуроға қосымша тартымдылық берді, деп жазады Bloomberg.

Morgan Stanley еуроның әрі қарай қымбаттауына қатысты болжамына Deutsche Bank, BNP Paribas және Barclays секілді ірі инвестбанк қатарларына қосылды. Бұл үш банк те АҚШ-тың соңғы жүзжылдықтағы ең ауқымды сауда саясаты өзгерісі мен Екінші дүниежүзілік соғыстан бері геосаяси көшбасшылыққа қатысты ең ірі қайта бағалауы доллардың әлсіреуіне әкеледі деп есептейді. Сонымен қатар өмірді сақтандыру компаниялары мен зейнетақы қорлары сияқты ұзақ мерзімді еуропалық инвесторлар америкалық валютадағы құбылмалылықтан өз активтерін қорғаудың жолдарын іздей бастағанын сарапшылар растайды.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары