БастыReview
Бөлісу

Таңғы шолу: Lululemon басшысының кетуі, Уолл-стриттегі блокчейн

Ангелина Клейменова

Ангелина Клейменова

Таңғы шолу: Lululemon басшысының кетуі, Уолл-стриттегі блокчейн

Lululemon компаниясының бас директоры Кэлвин Макдональд қаңтар соңында қызметінен кетеді, деп хабарлайды Bloomberg. Бұл шешім сатылымдардың баяулауы мен негізін қалаушы Чип Уилсонның қысымынан кейін қабылданған.

Компания үшін жыл ауыр болды: акциялар 50%-дан астам арзандады. Дегенмен халықаралық нарықтағы жақсы көрсеткіштер арқасында тоқсандық табыс пен сатылымдар сарапшылар күткеннен жоғары шықты. Ал АҚШ-тағы табыс 3% төмендеді. Жылдық болжамын компания жақсартты, бірақ төртінші тоқсан бойынша күтулер әлсіз.

Сарапшылардың айтуынша CEO ауысуы өнім стратегиясын жаңартуға серпін беруі мүмкін, бірақ компанияға тез бағытын анықтау керек. Уақытша басшылық міндетін қаржы директоры Меган Фрэнк пен коммерциялық директор Андре Маэстрини бөліседі.

SEC АҚШ-тың орталық депозитариіне активтерді блокчейнге көшіруге рұқсат берді

АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржалар комиссиясы (SEC) елдегі негізгі депозитарий DTCC-ке арнайы рұқсат берді, деп жазады Bloomberg. Бұл рұқсат компанияға акциялар мен облигациялардың бір бөлігін блокчейндегі «цифрлық нұсқаларға» ауыстыруды тестілеуге мүмкіндік береді.

Алғашқы кезеңде Russell 1000 индексіндегі компаниялар, ірі ETF-тер және АҚШ қазынашылық облигациялары сияқты ең ликвидті активтер цифрландырылады. Қызмет келесі жылдың екінші жартысында іске қосылады.

DTCC токенизация нарықты тәулік бойы жұмыс істетуге, сондай-ақ дәстүрлі және цифрлық қаржы арасындағы байланыс­ты жеңілдетуге көмектеседі деп күтеді. Ұзақ мерзімде ұйым $100 трлн көлеміндегі бүкіл депозитарийді блокчейнге көшіруді жоспарлайды, бірақ бұл үшін SEC-тің қосымша рұқсаты қажет. Бұл рұқсат Nasdaq сияқты басқа алаңдарда да осындай жобаларды жеңілдетеді.

Reddit Австралияның жасөспірімдерге арналған тыйымын сотқа берді

Reddit Австралияның 16 жасқа дейінгі балаларға соцжелілерді қолдануға тыйым салатын жаңа заңына қарсы Жоғарғы сотқа шағым түсірді, деп хабарлайды CNBC. Платформа бұл шара тым қатал, тиімсіз және жасөспірімдерді онлайн пікірталастардан шектейді деп санайды.

Заң YouTube, Instagram, TikTok және X сияқты он сервисті қамтиды және олардан жас анықтаудың түрлі тәсілдерін қолдануды талап етеді: мінез-құлық талдауы, селфи, құжат жүктеу, тіпті банк деректері.

Reddit заңды жарамсыз деп тануды немесе өзін бұл талаптардан алып тастауды сұрайды. Олар платформаның классикалық соцжелі емес, «білім алмасу форумы» екенін айтады. Компания аккаунт арқылы кіру жасөспірімдер үшін қауіпсіз, өйткені ол контентті сүзуге мүмкіндік береді дейді. Бірақ Reddit ережелерден қашпайтынын, тек тікелей емес — неғұрлым жеке және тиімді қорғаныс тәсілдері қажет екенін атап өтеді.

АҚШ Қаржы министрлігі ірі корпорацияларға миллиардтаған салықтық жеңілдіктерді қайта ашпақ

АҚШ Қаржы министрлігі ірі компанияларға — Salesforce, Qualcomm және басқа технологиялық, фармацевтикалық корпорацияларға — Дональд Трамп заңымен берілген ғылыми-зерттеу (R&D) шығындары бойынша салықтық жеңілдіктерді толық пайдалануға мүмкіндік беретін түсініктеме жарияламақ, деп жазады Bloomberg.

Қазір бұл жеңілдіктер Джо Байден енгізген 15% минималды корпоративтік салықпен шектелген. Жаңа түсіндірме бұл қайшылықты жояды және бизнеске үлкен үнем береді.

Bloomberg мұны корпорациялар үшін тағы бір жеңіс деп атайды: бұған дейін Трамп $67 млрд R&D шығындарын кері айналдыруға рұқсат берген, ал Конгресс жабдықтар мен пайыздар бойынша жеңілдіктерді кеңейтті. Министрлік соңғы айларда бұл минималды салықты бірнеше рет жұмсартқан.

Нарықтардағы жағдай

  • Жапонияда Topix +2,07%, Nikkei 225 +1,43%.

  • Гонконг Hang Seng +1,75%, Қытай CSI 300 +0,63%.

  • Оңтүстік Кореяда Kospi +1,05%, Kosdaq өзгеріссіз.

  • Австралия S&P/ASX 200 +1,23%.

  • S&P 500 мен Nasdaq Composite фьючерстері өзгеріссіз, ал Dow Jones фьючерстері +0,26%.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары