Таңғы шолу: Үндістан миллиардтар тартпақ, АҚШ–Индонезия келісімі қауіпте

Microsoft Үндістанға бұлттық сервистер мен жасанды интеллект инфрақұрылымын дамыту үшін $17,5 млрд инвестиция құятынын мәлімдеді. Ал Amazon елдің цифрлануы, экспортты арттыру және жаңа жұмыс орындарын ашу үшін $35 млрд-тан аса қаржы құймақ. Осы және басқа да маңызды жаңалықтар 10 желтоқсан таңына арналған шолуда.
Amazon 2023 жылға дейін Үндістанда $35 млрд инвестиция құратынын айтты
Amazon Үндістанда бұлттық сервистер мен жасанды интеллект технологияларын дамыту үшін 2030 жылға дейін $35 млрд-тан астам инвестиция салатынын жариялады. Бұл сома — бұған дейін салынған шамамен $40 млрд-қа қосымша, деп хабарлайды CNBC.
Компанияның мақсаты — елдің цифрлануын жылдамдату, экспортты арттыру, жаңа жұмыс орындарын ашу және жергілікті ЖИ-экожүйесін қолдау. Amazon болжамы бойынша бұл жобалар 2030 жылға дейін 1 млн-ға жуық жұмыс орнын ашып, экспорт көлемін $80 млрд-қа жеткізіп, 15 млн шағын бизнеске көмектеседі.
Бұл инвестиция Amazon-ның Үндістанның тез өсіп жатқан цифрлық экономикасына сенім білдіретінін көрсетеді. Бұл жаңалық Microsoft-тың жақында жариялаған $17,5 млрд инвестициясынан кейін шықты.
Amazon өз мәлімдемесінде: «Үндістанның цифрлық трансформациясында негізгі рөлді атқарып, ЖИ-ға қолжетімділікті кеңейтуді жалғастырамыз», — деп атап өтті.
Meesho IPO-да 54% өсіп, инвесторлардың назарын аударды
Үндістандық e-commerce платформасы Meesho IPO-дан кейін алғашқы күні 54% өсіп, компания бағасы $8,4 млрд болды. Инвесторлар стартаптың болашағына сенеді, себебі ол шағын қалалардағы өндірушілер мен сатып алушыларды байланыстырып, қолжетімді тауарлармен үлкен аудитория жинап отыр.
АҚШ пен Индонезия арасындағы сауда келісімі тоқтап қалуы мүмкін
Financial Times дерегінше АҚШ Индонезияны келісімді орындаудан «кері шегінді» деп айыптады. АҚШ-тағы шенеуніктер Индонезия сандық сауда және тарифтер бойынша алдын ала келісілген талаптарды әлсіретіп жатыр деп санайды.
Ал Джакарта керісінше — келіссөздер қалыпты жүріп жатыр дейді. Егер тараптар келісе алмаса, Трамп жариялаған бұл ірі сауда келісімі жүзеге аспай қалуы мүмкін.
Microsoft-тың тағы бір ірі жобасы
Microsoft төрт жыл ішінде Үндістанда дата-орталықтар құрып, мемлекеттік қызметтерге ІИ интеграциялап, 20 млн адамды оқытуды жоспарлап отыр. CNBC бұл компанияның Азиядағы ең ірі инвестициясы екенін атап өтті.
Нарықтағы жағдай
Жапония: Topix өзгеріссіз, Nikkei 225 — -0,35%;
Гонконг: Hang Seng — өзгеріссіз;
Қытай: CSI 300 — -0,2%;
Оңтүстік Корея: Kospi — -0,35%, Kosdaq — +0,32%;
Австралия: S&P/ASX 200 — өзгеріссіз;
АҚШ фьючерстері: S&P 500, Nasdaq және Dow Jones — өзгеріссіз.








