Украинаға қатысты келіссөздер: инвесторлардың реакциясы қандай болуы мүмкін?

Ресей-Украина конфликтіне қатысты оқиғалар соңғы бірнеше күнде жылдам өрбіп жатыр. Алдағы екі аптада Украина президенті Владимир Зеленский мен Ресей президенті Владимир Путиннің кездесуі мүмкін екені айтылуда. Барлық болып жатқан жағдайға инвесторлардың қалай әрекет етуі керектігін Oninvest үшін ATLAS Capital компаниясының инвестициялық директоры Асқар Ахмедов жазды.
Өткен аптада, 15 тамызда, АҚШ президенті Дональд Трамп Анкориджде Ресей президенті Владимир Путинмен кездесті. Олар Украинадағы соғысты тоқтату мүмкіндігін талқылады. Трамп кездесуді «10 баллдың 10-ына» бағалады, бірақ «келісім жоқ» екенін мойындады.
Ал 18 тамызда, дүйсенбі күні, Трамп Вашингтонда ауқымды делегацияны қабылдады. Ақ үйдегі келіссөздерге Украина президенті Владимир Зеленский, Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер, Италия үкіметінің басшысы Джорджа Мелони, Франция президенті Эммануэль Макрон, Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен, Германия канцлері Фридрих Мерц, Финляндия президенті Александр Стубб және НАТО бас хатшысы Марк Рютте қатысты.
Келіссөздер алты сағаттан астам уақытқа созылды. FT басылымының жазуынша, Украина АҚШ-тан $100 млрд көлемінде қару сатып алуды ұсынған. Өз кезегінде Трамп Украинаға қауіпсіздік кепілдіктерін беретінін, оларды АҚШ-пен үйлесімде еуропалық елдер қамтамасыз ететінін айтты.
Қазір америкалық әкімшілік Зеленский мен Путиннің жеке кездесуін дайындауға кірісті. Мұндай мүмкіндікке өткен аптада сену қиын еді. АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Fox News эфирінде осы дайындық жүріп жатқанын мәлімдеді. Германия канцлері Фридрих Мерцтің айтуынша, кездесу алдағы екі аптада өтуі ықтимал. Ықтимал орындар ретінде Женева, Рим немесе Будапешт аталды.
Ал енді осындай сұрақ туындайды — Барлық осы жағдайларға нарықтардың реакциясы қандай болмақ? Инвесторларға не істеу керек?
Маңыздысы, геосаяси оқиғалар, әсіресе қарулы қақтығыстар көбіне нарықта контринтуитивті шешіледі. Индекстер соғыс қаупі күшейген сайын түседі, бірақ соғыстың басталуы әдетте «төменгі нүкте» болып, содан кейін нарық қалпына келеді.
Керісінше, соғыс аяқталуы қысқа мерзімде қаржы нарықтарына еш әсер етпеуі мүмкін. Себебі нарық бейбітшілік ықтималдығының артуымен көтеріледі, ал оның нақты жүзеге асуынан емес.
Қазір біз нені көріп отырмыз? Еуропалық қорғаныс компанияларының акциялары төмендеді. Ал биылғы жылдың бірінші жартысында бұл сектор мен қорғаныс индекстері өскен болатын. Инвесторлар Еуропа соғыс өршіген жағдайда бұл саланы белсендірек дамытады деп болжаған еді.
Ресей мен Украина арасында бейбітшілік орнаса, ұзақ мерзімде инвесторлар екі мүмкіндікті қарастыра алады: Украина экономикасын қалпына келтіру және Ресейге қарсы санкциялардың (соның ішінде мұнай жеткізілімдеріне қатысты) алынуы.
Бірақ мұнда өз экспертизаңның шегін білу қажет. Мысалы, санкциялар алынған күннің өзінде бұл біртіндеп жүреді. Ал халықаралық комплаенс-бақылаушылар мен заңгерлерден құралған командасыз қателікке жол беру ықтималдығы жоғары. Екінші жағынан, осындай командасының болуы 2022 жылы кейбір инвесторлар мен қаржы институттарына табыс табуға және өсуге мүмкіндік берген еді.








