БастыSmall Caps
Бөлісу

Уолл-стрит сарапшылары жазда шағын капитализациялы компаниялар өсімін күтуде — CNBС

Мария Дранишникова

Мария Дранишникова

Oninvest тілшісі
Уолл-стрит сарапшылары жазда шағын капитализациялы компаниялар өсімін күтуде — CNBС

2025 жылдың жазы шағын компаниялардың акцияларымен есте қалуы мүмкін, деп санайды CNBC келтірген Уолл-стрит сарапшылары. Маусым айының басынан бері шағын компаниялардың динамикасын көрсететін Russell 2000 индексі 3,6%-ға көтерілді. Бұл раллидің бастауы болуы ықтимал, дейді бірқатар инвестбанк өкілдері.

Егжей-тегжейлі

Уолл-стрит сарапшыларының пікірінше шағын капитализациялы компаниялар жазғы раллиге дайындалуы мүмкін. CNBC талдаған инвестициялық жазбаларға сәйкес 2 маусым, дүйсенбі күнінен бастап Russell 2000 индексі 3,6%-ға өсті.

«Бұл «шағын капиталдық құны бар жазға» дайындық болуы мүмкін деп ойлаймыз», — деп түсіндірді BTIG нарығының бас техникалық талдаушысы Джонатан Крински бұл өсу серпінін.

Онымен Roth Capital Partners инвестициялық компаниясының стратегi Дж. К. О’Хара да келіседі: «Біз шағын капиталдық қүны бар компанияларды мұқият бақылап отырдық (...) Өткен аптада индекс бағамы ақыры серпіліс жасады. Мұндай түрдегі формация тарихи тұрғыдан алғанда болашақта өсім әлеуетіне ие», — дейді ол CNBC арнасына берген пікірінде.

Қалпына келу байқалғанымен, жыл басынан бері Russell 2000 индексі әлі де минуста –3,9%, ал ірі компанияларды бақылайтын S&P 500 индексі сол кезеңде 2,3%-ға артты. Evercore ISI аға басқарушы директоры Джулиан Эмануэль келтірген мәлімет бойынша small-cap акциялары қаңтар мен мамыр аралығында төмендеген бес жағдайдың бәрінде маусымда күрт көтерілген. Оның айтуынша егер мамыр айында ірі капитализациялы акциялардың басымдығы дәл биылғыдай айқын болса, бұл әсер тіпті күштірек көрінеді. «Шағын капитализациялы, барлығына ұнамайтын компаниялар соншалықты нашар болып кетті ме, енді олар жақсы болып көріне ме?» — деп назар аударады Эмануэль. Инвестициялық идея ретінде ол Russell 2000 индексіне байланған iShares Russell 2000 ETF биржалық қорына кең ауқымды small-cap акцияларын сатып алуды ұсынады.

CNBC мәліметінше шағын акциялардағы ралли S&P 500 индексіне де оң әсер етуі мүмкін. Russell 2000 индексінің серпіні кеңірек нарықтық белсенділіктің ықтимал катализаторы болуы мүмкін. Oppenheimer-дің техникалық талдау жөніндегі басшысы Ари Уолдтың айтуынша оның 200 күндік орташа мәнінен (2180 тармақтан) жоғары серпілісі осыған сеп болмақ. 9 маусым, дүйсенбіде индекс 2144,45 тармақпен жабылды.

«Small-cap компаниялары бұрынғы максимумдарына қайта оралу мүмкіндігіне ие деп санаймыз», — дейді Piper Sandler сарапшысы Крейг В. Джонсон. 2024 жылдың 25 қарашасында Russell 2000 2442,03 пунктке жеткен болатын.

Контекст

2025 жылдың алғашқы тоқсанында Russell 2000 индексі рецессия қаупінің күшеюі аясында 10%-ға жуық төмендеді — CNBC атап өткендей, бұл активтер класы экономикалық циклдерге барынша сезімтал. АҚШ президенті Дональд Трамп 2 сәуірде кедендік тарифтерді арттыратынын жариялағаннан кейін, шағын компаниялар индексі тағы да соққы алды. Тек бес күн ішінде — 2 мен 7 сәуір аралығында — ол 11,5%-ға құлдырады. Кейінірек, тарифтердің басым бөлігі уақытша тоқтатылатыны белгілі болған соң, индекс біртіндеп қалпына келуді бастады. Қазір, сауда соғысы туралы жаңалықтар БАҚ беттерінде сирек жариялана бастағанда және инвесторлар АҚШ Федералдық резервінің пайыздық мөлшерлемелерді төмендетуін күтуде, small-cap акциялары біртіндеп инвестицияға лайықты болып көріне бастады, деп атап өтеді CNBC.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары