БастыЖаңалықтар
Бөлісу

XRP пен Dogecoin ETF алғашқы сауда күнінде рекордтық көрсеткішке жетті

Венера  Сайфутдинова

Венера Сайфутдинова

Oninvest тілшісі
XRP пен Dogecoin ETF алғашқы сауда күнінде рекордтық көрсеткішке жетті

Рекордты бастау инвесторлардың криптовалюта құралдарына қызығушылығы барын байқатты. XRP ETF 2025 жылғы барлық дебюттердің ішінде ең ірі сауда көлемін көрсетті, ал Dogecoin ETF алғашқы бестіктен көрінді. Бұл биткоин мен эфирден тыс цифрлық активтерге сұраныстың барын аңғартады, деп жазады Coindesk.

Егжей-тегжейі

XRP және Dogecoin негізіндегі споттық ETF-тердің дебюті инвесторлардың жоғары қызығушылығын тудырды, деп хабарлайды Coindesk. XRPR тикерімен саудаланатын REX-Osprey XRP ETF алғашқы күні $37,7 млн сауда көлеміне жетті. Бұл 2025 жылы іске қосылған ETF-тердің ішінде ең ірі көрсеткіш, дейді Bloomberg-тің ETF бойынша аға сарапшысы Эрик Балчунас.

Бұл көрсеткіш маусым айының басында Дэн Айвз іске қосқан Wedbush AI Revolution ETF-ін де басып озды. Мұндай назар баламалы криптовалюталық құралдарға күшті сұранысты көрсетеді.

Инвесторлар DOJE тикерімен шыққан REX-Osprey Dogecoin ETF-іне де қызығушылық танытты. Оның алғашқы күнгі сауда көлемі $17 млн болды. Бұл көрсеткіш Dogecoin-ның «мемдік» валюта ретіндегі беделіне қарамастан, оны жылдың алғашқы бес дебюттік ETF-інің қатарына енгізді, деп еске салады Coindesk.

Қаражаттың бірінші күнгі таза ағыны жөніндегі мәлімет жұма күні кешке белгілі болады.

19 қыркүйектегі саудада XRP 2,8%-ға арздап, $3,03 болды, ал Dogecoin 3,4%-ға төмендеп, $0,27-ға түсті. Barron’s жазғандай, бұған айқын себеп болған жоқ. Сарапшылардың пікірінше, инвесторлар соңғы күндердегі өсімнен кейін пайдасын бекітіп үлгерді. Ал бейсенбіде биткоин АҚШ ФРЖ мөлшерлемені төмендеткеннен кейінгі нарық раллиінің аясында бір айдағы ең жоғары деңгейге көтерілген еді.

Контекст

Осы аптада XRP-дің нарықтық капитализациясы шамамен $189 млрд-қа жетіп, Citigroup құнынан асты. XRP экожүйесін дамытып, трансшекаралық төлемдер жүргізетін Ripple АҚШ-та банк лицензиясына өтінім берді. Dogecoin нарықтық капитализациясы шамамен $41 млрд құрайды.

Бұл екі қордың сәтті дебюті АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржа жөніндегі комиссиясының (SEC) криптовалюталық ETF-терді листингке шығарудың жеңілдетілген тәртібін бекітуінен кейін мүмкін болды. Соның арқасында өтінімдерді қарау мерзімі 240 күннен шамамен 75 күнге қысқарды.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары