Yardeni негізін қалаушы Mag7 үлесін азайтуды ұсынады

Уолл-стриттің белгілі оптимистерінің бірі Эд Ярдени соңғы кезде Magnificent Seven — яғни ең ірі жеті технологиялық компанияға қатысты болжамын қайта қарап жатыр. Себебі бәсекелестік күшейіп, олардың табыс өсімі баяулай бастады. Оның пікірінше, технологиялық прогресс енді тек мегакомпанияларға емес, нарықтағы басқа компанияларға да тиімділікті арттырады. Сондықтан Yardeni Research сарапшылары S&P 500-дегі технологиялық сектор үлесін азайтып, капиталды қайта бөлуге кеңес береді. Bloomberg жазғандай, олар енді қаржы, өнеркәсіп және денсаулық сақтау секторларына көбірек назар аударуды ұсынады.
Егжей-тегжейлі
Yardeni Research S&P 500 индекстегі басқа компанияларға қарағанда Magnificent Seven акцияларының үлесін азайтуды ұсынады. Соңғы бірнеше жылда бұл компаниялар айтарлықтай өсім көрсеткен болатын.
Seeking Alpha-ның мәліметінше Nvidia, Meta, Alphabet және басқа компаниялардан тұратын бұл топтың индексі 2019 жылдың соңынан бері 600%-дан астам өсті, ал жалпы S&P 500 осы кезеңде 113% шамасында ғана көтерілді. Мұндай қарқын пандемия кезіндегі технологияларға сұраныстың өсуі мен жасанды интеллектке байланысты бумның арқасында болды.
Алайда Ярдени енді бұл жетілікке абай қарау керектігін айтады: бәсекелестер көбейіп жатыр, ал табыс өсімі баяулап келеді. Оның сөзінше қазір S&P 500-дегі «әр компания технологиялық бизнеске айналып келеді».
Ярдени не ұсынады?
Yardeni Research жазбасында айтылғандай, бұдан былай S&P 500 портфеліндегі екі ірі секторға — Information Technology және Communication Services — қосымша салмақ берудің қажеті жоқ. 2010 жылдан бері бұл секторлар басым үлесте ұсынылған, бірақ енді сарапшылар олардың салмағын нарық деңгейінде қалдыруды, ал қаржы мен өнеркәсіп секторларын үлкейтіп, денсаулық сақтау секторын портфельде басым етуге шақырады.
Сонымен қатар Ярдени MSCI All Country World индексіндегі АҚШ үлесін ұлғайтуға да себеп көрмейді. Себебі биыл әлемдік нарықтар арзанырақ бағалар, доллардың әлсіреуі және корпоративтік табыстың тұрақтылығы есебінен АҚШ-тан озып келеді. Оның айтуынша:
«АҚШ қазір әлемдік нарық капитализациясының 65% алады. Сондықтан үлесті әрі қарай арттыруды ұсыну қиын».








