БастыЖаңалықтар
Бөлісу

ЖИ-ден дәретхана қағазына: қорлар техногиганттарды қорғаныс активтеріне ауыстыруда

Яна  Закомолдина

Яна Закомолдина

ЖИ-ден дәретхана қағазына: қорлар техногиганттарды қорғаныс активтеріне ауыстыруда

21–27 шілде аралығында хедж-қорлар биылғы жылғы технологиялық акциялардың жаппай сатылымын өткізді — бұл дәл S&P 500 индексі тарихи максимум жаңартқан сәтпен тұспа-тұс келді. Goldman Sachs дерегінше, инвесторлар секторды қайта бағалау аясында пайданы бекітіп, тәуекелдерді азайтып жатыр. Қорлар технологиялық алыптардың орнына қорғаныс активтеріне, яғни күнделікті сұранысқа ие тауарлар өндіретін компанияларға ауыса бастаған, деп жазады Reuters.

Егжей-тегжейлі

Өткен аптада Goldman Sachs хедж-қорлардың технологиялық сектордан капиталын әкетуінің 2024 жылғы шілдеден бергі ең ірі көлемін тіркеді. Хедж-қорлар жаппай ұзақ позицияларын жапқан, бірақ қысқа позицияларды ашпаған. Бұл жағдай бүкіл сегменттерге әсер етті: чип өндірушілерден бастап, бағдарламалық қамтамасыз ету және ІТ-компанияларға дейін. Жаппай сатылымдар тек АҚШ-ты ғана емес, Еуропаны да қамтыды.

Нарық өсіп жатқан тұста хедж-қорлар активтерден шыға бастады. Құрамында жеті технологиялық алпауыт бар S&P 500 индексі өткен аптада бес рет қатарынан жабылу кезінде рекорд жаңартты. Сәуірдегі минимумнан бері индекс 28%, ал Nasdaq Composite 38% өсті. Қайта бағалау мен құбылмалы қарыз нарығы аясында инвесторлар пайданы бекіткенді жөн көрді.

Назар қайда ауысты

Технологиялық бағалы қағаздардың жаппай сатылымымен қатар хедж-қорлар тұтыну секторының компания акцияларын белсенді сатып ала бастады. Оларға азық-түлік, сусын және гигиена құралдарын өндірушілер жатады.

Goldman мәліметінше, қорғаныс акцияларға деген сұраныс төртінші апта қатарынан тұрақты өсіп келеді.

Контекст

Бар-жоғы екі ай бұрын жағдай керісінше еді: 2025 жылғы мамырда қорлар акцияларды 2024 жылғы қарашадан бергі ең жоғары қарқынмен сатып алды, деп хабарлайды Goldman.

Негізгі назар технологиялық секторға ауған, әсіресе ЖИ мен жартылай өткізгіштермен айналысатын компанияларға. Нарықтар қатты динамика көрсетті: S&P 500 мамыр айында 6% өсіп, 1990 жылдан бергі ең үздік мамырды тіркеді, Nasdaq шамамен 10%, ал STOXX Europe 600 — 5%-дан астамға көтерілді.

Технологиядан бөлек, мамырда қорлар тұтынушылық, қаржылық және медициналық секторлардағы позицияларын да ұлғайтты — әсіресе Испания, Франция және Германияда.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары