Ақпаратты пайдалану қағидалары
1. Жалпы ережелер
1.1. Осы Ақпаратты пайдалану қағидалары қолданыстағы заңнама талаптарына, соның ішінде (бірақ олармен шектелмей) Қазақстан Республикасының Конституциясына және; Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 19 маусымдағы № 93-VIII ҚРЗ «Масс-медиа туралы» Заңына сәйкес әзірленді, сондай-ақ https://oninvest.com/ веб-сайтында (бұдан әрі – Сайт) жарияланған ақпаратты алу және оны пайдалану шарттарын реттейді.
1.2. Осы Қағидаларда ақпарат ұғымына үшінші тұлғаларға тиесілі материалдарды қоспағанда, Сайтта жарияланған кез келген дерек, мәтін және медиаматериал, атап айтқанда, мақала, сурет, аудио және бейнематериал жатады.
1.3. Сайтта зияткерлік меншік құқығы арқылы қорғалатын нысандар, туындылар мен белгілер орналастырылған. Олардың қатарында мәтіндер, фотосуреттер, аудиовизуалды материалдар, графикалық кескіндер, тауар белгілері, логотиптер және т.б. бар.
1.4.Сайтта жарияланған ақпаратты қарайтын және пайдаланатын барлық пайдаланушы осы Қағидаларды сақтауға міндетті.
2. Ақпаратты пайдалану шарттары
2.1. Пайдаланушылар Сайтта жарияланған ақпаратты тек жеке және коммерциялық емес мақсатта пайдалана алады.
2.2. Сайтқа тиесілі екені тікелей немесе жанама түрде көрсетілген ақпаратты көшіріп басуға, таратуға немесе өзге мақсатта пайдалануға мына талаптар сақталған жағдайда ғана рұқсат етіледі:
- ақпарат иесінің жазбаша рұқсаты болуы;
- ақпарат дереккөзін көрсету, ал интернетте пайдаланған кезде Сайттың басты бетіне міндетті түрде гиперсілтеме беру;
- ғылыми, білім беру және сынау мақсатында дәйексөз келтірген кезде бастапқы материалдың 30 пайызынан аспайтын бөлігін пайдалану;
- ақпаратты немесе оның бір бөлігін Интернетте көпшілікке жариялап, кез келген адамның онымен қалаған жерде және ыңғайлы уақытта танысуына мүмкіндік берген жағдайда, мәтін көлемі (бос орындарды есептемегенде) 100 баспа таңбасынан аспауға тиіс.
2.3. Үшінші тұлғалар әзірлеген және Сайтта жарияланған ақпаратты сол тұлғалар белгілеген талаптарға сәйкес пайдалануға болады.
3. Ақпаратты пайдалану шарттары
3.1. Сайттағы ақпаратты пайдаланған кезде оның дереккөзі міндетті түрде көрсетілуге тиіс.
3.2. Сайтқа сілтеме немесе ақпараттың дереккөзі мына тәртіппен көрсетілуге тиіс:
- мәтіндік материалдарда – дәйексөздің басында;
- графикалық материалдарда – суреттің астында;
- аудио және бейнематериалдарда – дереккөз аудио немесе бейне арқылы көрсетілуге тиіс
3.3. Мәтіндік ақпаратты пайдаланған кезде бастапқы мағынасы бұрмаланбаса, оны қысқартуға болады.
3.4. Ақпарат иесінің рұқсаты болмаса, оны өңдеуге немесе өзгертуге тыйым салынады.
3.5. Сайтта жарияланған материалдарды заңсыз пайдаланған тұлғалар мен ұйымдар материалдарды рұқсатсыз көшіргені және пайдаланғаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапты болады.
3.6. Сайт әкімшілігі материалдарды пайдалану шарттарын кез келген уақытта, себебін түсіндірместен өзгертуге құқылы.