«OnInvestment» ЖШС-нің дербес деректерді өңдеу және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы саясаты
1. Жалпы ережелер
Осы Дербес деректерді өңдеу саясаты (бұдан әрі – «Саясат») http://oninvest.com сайтының иесі «OnInvestment» ЖШС (БСН 250140025207) (бұдан әрі – «Оператор») мен Оператор қызметін пайдаланушылар арасында жасалатын жария шарт болып саналады.
Дербес деректерді жинау мен өңдеуде Оператор Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 мамырдағы №94-V «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңын және осы Заңға сәйкес қабылданған өзге де нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Осы Саясатта дербес деректер дегеніміз – интернет-сайттар арқылы Операторға берілген және (немесе) сол сайттар арқылы жиналған, белгілі бір жеке тұлғаға (дербес деректер субъектісіне) тікелей немесе жанама түрде қатысы бар кез келген ақпарат.
Егер Сайтты немесе Оператордың басқа қызметтерін пайдалансаңыз, осы Саясатпен танысқаныңызды және оның талаптарын толық қабылдайтыныңызды растайсыз. Саясат талаптарымен келіспесеңіз, сервисті пайдалануды тоқтатып, Оператор қызметінен бас тартуыңыз қажет.
Сервисті немесе Оператордың басқа қызметтерін пайдалану арқылы Сіз дербес деректеріңіз осы Саясат пен Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өңделетініне, жиналатынына және ҚР аумағынан тыс жерлерге таралатынына келісім бересіз.
2. Дербес деректерді жинау
Оператор интернет-сайт арқылы деректерді мына тәсілдермен жинайды:
-
Пайдаланушылар ұсынатын дербес деректер:
- Оператор пайдаланушылардың өзі немесе олардың тапсырмасы бойынша басқа тұлғалар Оператордың интернет-сайтындағы тиісті жолдарға енгізген дербес деректерді жинайды.
- Пайдаланушылардың IP мекенжайлары мен cookie файлдарын жинау
- Пайдаланушы Сайтқа кірген кезде техникалық және статистикалық деректерді автоматты түрде жинау (Оператордың қалауына қарай):
- Сайт тағайындайтын пайдаланушы идентификаторы;
- пайдаланушы қараған беттер;
- қараған беттерінің саны;
- сайт беттеріндегі әрекеті туралы ақпарат;
- пайдаланушы сессиясының ұзақтығы;
- Сайтқа кіру нүктелері (пайдаланушыны сілтеме арқылы Сайтқа әкелетін басқа сайттар);
- Сайттан шығу нүктелері (пайдаланушы Сайттан басқа сайттарға өтетін сілтемелер);
- Пайдаланушының елі;
- Пайдаланушының аймағы;
- пайдаланушы құрылғысында орнатылған уақыт белдеуі;
- пайдаланушының интернет-провайдері;
- пайдаланушының браузері;
- браузердің цифрлық ізі (canvas fingerprint);
- браузерде қолжетімді қаріптер;
- браузерде орнатылған плагиндер;
- браузердің WebGL параметрлері;
- браузерде қолжетімді медиа құрылғыларының түрі;
- ActiveX болуы;
- пайдаланушы құрылғысы қолдайтын тілдер тізімі;
- пайдаланушы құрылғысы процессорының архитектурасы;
- пайдаланушының операциялық жүйесі;
- экран параметрлері (экран ажыратымдылығы, түс сапасы, Сайт бетінің экранда көрсетілу ерекшеліктері);
- Сайтқа кіру кезінде автоматтандыру құралдарының пайдаланылғаны туралы ақпарат.
Сайтта тіркелген пайдаланушылардың күмәнді әрекетін анықтау және жеке кабинеттерін қорғау мақсатында Оператор олардың құрылғыларында порттар қалай пайдаланылатыны туралы мәлімет жинауы мүмкін. Мұндай деректер cookie файлдары, веб-маяктар және басқа да технологиялар арқылы алынуы мүмкін.
Оператор статистикалық дербес деректерді жинау үшін бөгде интернет-сервистерді (үшінші тарап технологияларын) пайдалана алады. Мұндай сервистер алынған деректерді өз серверінде сақтайды.
Оператор бөгде интернет-сервистердің серверлері орналасқанын жер үшін жауап бермейді. Сайтта қолданылатын үшінші тарап сервистері пайдаланушының браузеріне cookie файлдарын орнатып, солардың көмегімен жарнама көрсетуге қажетті ақпаратты жинай алады. Мұндай сервистер деректерді жинау мен пайдалану тәртібін өздері белгілейді және соған өздері жауап береді. Олар Қазақстан Республикасының заңнамасында, соның ішінде дербес деректерді қорғауға қатысты заңдарда белгіленген талаптарды сақтауға міндетті.
Оператор пайдаланушы өзі ұсынған және оның жеке басын анықтауға мүмкіндік беретін ақпаратты автоматты түрде жиналған статистикалық деректермен салыстырмайды.
3. Дербес деректерді өңдеу қағидаттары мен шарттары
Оператор дербес деректерді Қазақстан Республикасының заңдарына сай өңдейді және оларды тек алдын ала белгіленген, заңда көзделген нақты мақсаттар үшін пайдаланады.
Өңдеуге қажетті дербес деректер ғана өңделеді. Оператор жинайтын және өңдейтін деректердің мазмұны мен көлемі белгіленген мақсатқа сай болуға тиіс. Қажет мөлшерден артық дербес дерек жинауға және өңдеуге жол берілмейді.
Дербес деректерді өңдеу кезінде Оператор олардың дәл әрі жеткілікті болуын, ал қажет болған жағдайда жаңарып тұруын қамтамасыз етеді. ТТолық емес немесе қате деректер анықталса, Оператор оларды түзету немесе жою үшін қажетті шараларды қабылдайды немесе осындай шаралардың қабылдануын қамтамасыз етеді
Оператор өз қызметі барысында, егер Қазақстан Республикасының дербес деректер туралы заңнамасында өзгеше көзделмесе, дербес деректер субъектісінің келісімімен оның дербес деректерін басқа тұлғаға бере алады және (немесе) оларды өңдеуді сол тұлғаға тапсыра алады. Дербес деректерді басқа тұлғаға беру және (немесе) оларды өңдеуді тапсыру кезінде тараптар дербес деректердің құпиялылығын сақтауға және оларды өңдеу кезінде қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.
Дербес деректерді өңдеу мерзімі оларды жинау мақсатына қарай белгіленеді.
4. Дербес деректер субъектісінің құқықтары
Дербес деректер субъектісінің мынадай құқықтары бар:
- дербес деректері толық болмаса, ескірсе, шындыққа сәйкес келмесе, заңсыз жолмен алынса немесе оларды өңдеу мақсатына қажет болмаса, оларды нақтылауды, бұғаттауды немесе жоюды талап етуге, сондай-ақ өз құқықтарын қорғау үшін заңда көзделген шараларды қолдануға;
- Оператор өңдейтін өз дербес деректерінің тізімін және олардың қайдан алынғаны туралы ақпаратты сұратуға;
- өз дербес деректерін өңдеу мерзімі, оның ішінде оларды сақтау мерзімі туралы ақпарат алуға;
- өзі туралы қате немесе толық емес дерек берілген тұлғалардың бәріне кейін сол деректердің жойылғаны, түзетілгені немесе толықтырылғаны туралы хабарлауды талап етуге;
- дербес деректерін өңдеу барысында заңсыз әрекет жасалса немесе қажетті шаралар қабылданбаса, дербес деректер субъектісінің құқықтарын қорғау жөніндегі уәкілетті органға немесе сотқа шағымдануға;
- өз құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, оның ішінде келтірілген залалды өтеуді және (немесе) моральдық зиянның өтемін сот арқылы талап етуге.
Өзіңіз ұсынған дербес деректердің қалай қолданылатыны, пайдаланылатыны, өзгертілетіні немесе жойылатыны туралы сұрағыңыз болса немесе оларды әрі қарай өңдеуге келісім бермесеңіз, Операторға editorial@oninvest.com электрондық поштасы арқылы хабарласыңыз.
Дербес деректер субъектісі шындыққа сәйкес келмейтін ақпарат ұсынған жағдайда, Оператор оның салдары үшін жауап бермейді.
5. Дербес деректерді қорғау талаптарын орындау
Іскерлік беделін сақтау және Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын орындау үшін Оператор өз қызметінде дербес деректердің заң талаптарына сай өңделуін және олардың тиісті деңгейде қорғалуын басты міндеттердің бірі деп санайды.
Оператор дербес деректерге қол жеткізген басқа тұлғалардан, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, дербес дерек субъектісінің келісімінсіз бұл деректерді үшінші тұлғаларға жария етпеуді және таратпауды талап етеді.
Дербес деректерді өңдеу кезінде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Оператор деректерге заңсыз немесе кездейсоқ қол жеткізуден, жойылудан, өзгертілуден, бұғатталудан, көшірілуден, берілу мен таратылудан, сондай-ақ оларға қатысты өзге де заңсыз әрекеттерден қорғауға қажетті әрі жеткілікті құқықтық, ұйымдастырушылық және техникалық шаралар қабылдайды.
Оператор дербес деректерді ұйымдастыру және техникалық тұрғыдан қорғауға бағытталған барлық шараның заңға сай, оның ішінде Қазақстан Республикасының «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Заңының талаптарына сай жүргізілуін қамтамасыз етеді.
Дербес деректерді тиісті деңгейде қорғау үшін Оператор оларға қауіп төнген жағдайда дербес дерек субъектісіне төнуі ықтимал зиянды бағалайды, сондай-ақ дербес деректер ақпараттық жүйелерде өңделген кезде олардың қауіпсіздігіне төнуі ықтимал қатерлерді анықтайды.
Оператор қауіп-қатер анықталса, соған сай дербес деректерді қорғау үшін құқықтық, ұйымдастыру және техникалық шаралар қабылдайды. Атап айтқанда, ақпаратты қорғау құралдарын пайдаланады, дербес деректердің рұқсатсыз алынғанын анықтап, оның алдын алу шараларын қабылдайды, қажет болған жағдайда деректерді қалпына келтіреді, оларды алуды шектейді, деректерге қатысты әрекеттерді тіркеп, есебін жүргізеді. Сонымен қатар қабылданған шаралардың қаншалықты тиімді екенін тексеріп, бағалайды.
Оператор басшылығы дербес деректердің қауіпсіздігін сақтау маңызды әрі қажет екенін түсінеді және Оператор басты қызметін орындаған кезде өңделетін дербес деректерді қорғау жүйесін ұдайы жетілдіруге күш салады.
Оператор дербес деректерді өңдеуді ұйымдастыруға және олардың қауіпсіздігін сақтауға жауапты тұлғаларды тағайындайды.
Дербес деректерді тікелей өңдейтін Оператордың әрбір жаңа қызметкері Қазақстан Республикасының дербес деректерді өңдеу мен олардың қауіпсіздігін сақтау туралы Заңының талаптарымен, осы Саясатпен және Оператордың дербес деректерді өңдеу мен қорғауға қатысты басқа да ішкі құжаттарымен танысады және оларды сақтауға міндетті.