АҚШ ФРЖ отырысы, Novo мен Disney табыстары: осы аптада инвестор нені білуі керек

Аптаның басты оқиғасы — АҚШ Федералдық резерв жүйесінің (ФРЖ) 7 мамырда өтетін ашық нарықтар жөніндегі комитет отырысы. Уолл-стрит сарапшылары негізгі мөлшерлеме өзгермейді деп күтуде. Алайда инвесторлар ФРЖ мәлімдемесінің мәтініне және оның төрағасы Джером Пауэллдің сөздеріне ерекше мән береді. Егер реттеуші экономикалық шығындарды азайтқысы келсе, болашақта мөлшерлемені төмендететіні жайлы белгі беруі мүмкін.
Еуропада инвесторлар Германия өнеркәсібі бойынша жаңа мәліметтерді күтуде — бұл салаға АҚШ-тың жаңа тарифтері кері әсер етуі мүмкін. Қытайдағы басты күтілетін оқиға — сәуір айының сыртқы сауда статистикасы. Дональд Трамптың саясаты әлемдегі ең ірі экспорттаушы елге қалай әсер еткенін осы деректер айқын көрсетеді.
АҚШ-тың S&P 500 индексі тоғыз күн қатарынан өскеннен кейін өсуін жалғастырмақ. Бұл 2004 жылдан бері болмаған көрсеткіш. Осы аптада қаржылық есептерді жариялайтын ірі компанияларға Ford, Palantir, Disney, AMD, сондай-ақ чип өндіруші TSMC кіреді. TSMC-дің сәуір айындағы сатылымв туралы деректер бүкіл жартылай өткізгіш секторына қатысты маңызды сандарды ашады.
Еуропада даттық фармацевтикалық алып Novo Nordisk бірінші тоқсан бойынша есеп береді. Сарапшылар компанияның арықтататын дәрі-дәрмектер нарығындағы көшбасшылығын сақтап қалу мүмкіндігін бағалауда.
5 мамырда АҚШ-тың қызмет көрсету саласындағы іскерлік белсенділік индексі (ISM) жарияланады. Күтілетін нәтиже — 50,3 тармақ.
Сол күні табыстары туралы Ford, Palantir, Hims & Hers Health, Tyson Foods, BioNTech, Clorox және ON Semiconductor компаниялары есептерін ұсынады.
6 мамырда Франция өнеркәсіптік өндіріс пен Еуроаймақтың өндіруші бағалар инфляциясы бойынша наурыз айының деректері жарияланады. Сонымен қатар, Франция, Германия және Еуроаймақ бойынша сәуір айының іскерлік белсенділік индекстері (PMI) ұсынылады.
Қаржылық есеп жариялайтын басқа ірі компаниялар қатарында: AMD, SuperMicro, Marriott, Ferrari, Datadog, Upstart, Zalando және EA (Electronic Arts) бар.
7 мамырда ФРЖ мөлшерлеме бойынша шешімін жариялайды. Көпшіліктің пікірі — ставка 4,25–4,5% деңгейінде қалады. Джером Пауэллдің риторикасы ерекше назарда: жұмыссыздық төмен, ал инфляция жоғары деңгейде қалып отыр. WSJ мәліметінше нарықтар 2025 жылдың соңына дейін мөлшерлеме 0,83 пайыздық тармаққа төмендейді деп күтуде.
Сол күні Еуроаймақтағы бөлшек сауда, Германияның өнеркәсіптік тапсырыстары мен Францияның сыртқы сауда деректері де жарияланады.
Қаржылық есеп беретін тағы бірқатар ірі компаниялар: Disney, Uber, Arm Holdings, Occidental Petroleum, Novo Nordisk, Unity, Teva, BMW, Barrick Gold және тағы басқалары.
8 мамырда Англия банкі мөлшерлеме бойынша шешім қабылдайды. Нарық 0,25 пайыздық тармаққа төмендетіп, 4,25% болады деп күтуде. Германия наурыздағы өнеркәсіптік өндіріс көлемін жариялайды.
Бұл күні табыс туралы есептерін жариялайтын компаниялар: Peloton, Shopify, Coinbase, Toyota, Nintendo, Siemens Energy, Paramount және тағы басқа ірі корпорациялар.
9 мамырда Қытай сәуір айындағы сыртқы сауда деректерін жариялайды. ING экономистері АҚШ-тың кедендік тарифтері экспорт пен импорттың екі таңбалы төмендеуіне себеп болады деп болжауда. Әсіресе, Қытай экспортының 14–15% құрайтын АҚШ-қа жеткізілімдер сәуірде айтарлықтай азаюы мүмкін.
Сол күні Macquarie, Mitsubishi Heavy, AngloGold Ashanti, Commerzbank секілді компаниялар мен TSMC сәуірдегі сатылымдарын ұсынады.








