БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Трамп ЖИ-чиптер экспортына қойылған шектеулерді қайта қарамақ. Чипмейкер акциясы өсті

Владислав Осипов

Владислав Осипов

Oninvest тілшісі
Трамп ЖИ-чиптер экспортына қойылған шектеулерді қайта қарамақ. Чипмейкер акциясы өсті

Жасанды интеллектке арналған чиптер өндіруші Nvidia мен AMD компанияларының акциялары 7 мамыр күні сауда сессиясының соңында күрт өсті. Бұл өсім Дональд Трамп әкімшілігі «AI diffusion» атты чип экспортына қойылған шектеулерді қайта қарауы мүмкін деген Bloomberg хабарынан кейін болды. Аталған шектеулер Джо Байден әкімшілігінің президенттік мерзімінің соңында енгізген болатын. Шарттардың жеңілдеуі Сауд Арабиясы, БАӘ, Үндістан мен Малайзия үшін тиімді болуы ықтимал. Ал Қытай бағыты бойынша шаралар бұрын қолға алынған.

Егжей-тегжейлі

Nvidia акциялары 7 мамырда сауда сессиясының жабылуында 3,1%-ға, ал AMD — 1,8%-ға қымбаттады. Филадельфия қор биржасының жартылай өткізгіштер индексі де 1,7%-ға өсті. Чип өндіруші компаниялардың акциялары сауданың соңына қарай қарқынды өсім көрсетті. Инвесторлардың үмітін оятқан себеп — Bloomberg агенттігінің Трамп әкімшілігі Байден енгізген ЖИ-чиптер экспортына қойылған шектеулерді қайта қарауды жоспарлап отырғаны туралы хабары болды.

Агенттік дереккөздерінің айтуынша, Ақ үй Байден тұсында енгізілген «AI diffusion» деп аталатын ережені қолданбауды жоспарлап отыр. Бұл ереже 15 мамырда күшіне енуі тиіс болатын және америкалық ЖИ-чиптерін сатып алушыларын түрлі шектеу деңгейімен үш топқа жіктеуді көздеген..

«Байденнің ЖИ ережесі шамадан тыс күрделі әрі бюрократиялық, бұл өз кезегінде АҚШ-тағы жаңашылдықты тежейді. Біз оның орнына Америка технологиясының мүмкіндігін арттыратын және ЖИ саласында көшбасшылықты сақтауға көмектесетін қарапайым ереже енгіземіз», – делінген АҚШ Сауда министрлігінің Өнеркәсіп және қауіпсіздік бюросы таратқан мәлімдемеде.

Кімге қатысты, кімге қатысы жоқ

Аталған өзгерістер Трамптың Таяу Шығысқа жоспарлаған сапарымен байланысты әзірленіп жатыр. Себебі Сауд Арабиясы мен Біріккен Араб Әмірліктерін қоса алғанда, бірнеше ел АҚШ-тың ЖИ-чиптерін сатып алуға қатысты шектеулеріне наразылық білдірген, деп хабарлайды Bloomberg агенттігіні.

Агенттік дереккөздерінің мәліметінше, АҚШ Сауда министрлігі жаңа ереже дайын болғанша чип экспортына қатаң бақылауды жалғастыра береді. Дереккөздердің бірі Қытайға өнімді қайта бағыттаған мемлекеттерге чип жеткізуге шектеу қойылатынын айтты. Бұл ең алдымен Малайзия мен Тайландқа қатысты.

«AI diffusion» ережесінің күшін жою Үндістан мен Малайзия сияқты елдер үшін уақытша жеңілдік болмақ, деп мәлімдейді Bloomberg. Бұл елдер қаңтар айына дейін АҚШ-тың ЖИ-чиптер экспортына қатысты ешқандай шектеулерге тап болмаған. Байден аталған экспорттық шектеулерге президенттік өкілеттігінің соңғы аптасында қол қойған болатын.

Bloomberg агенттігінің пікірінше, Малайзияға қатысты шектеулердің күшіне енуін кейінге қалдыру Oracle компаниясы үшін тиімді болмақ. Себебі компания осы елде деректер орталықтарын ауқымды түрде кеңейтуді жоспарлаған, алайда Байден енгізген шектеулер күшіне енген жағдайда бұл жоспар жүзеге аспауы мүмкін еді.

Трамп әкімшілігі өз кезегінде Қытайдың технологиялық ұмтылыстарына қарсы бағытталған шектеулерді күшейткен болатын, деп еске салады Bloomberg агенттігі. Атап айтқанда, әкімшілік Nvidia компаниясына H20 атты экспорттық (қысқартылған мүмкіндіктері бар) чипін Қытайға жеткізуге тыйым салды — бұл шешім компания үшін $5,5 млрд көлемінде шығынға алып келді. Чип өндіруші бұл және басқа да шектеулерді бірнеше рет сынға алып, үшінші елдерге қатысты тыйымдар олардың Қытайға жақындай түсуіне түрткі болуы мүмкін екенін алға тартқан. Nvidia болжамына сәйкес, алдағы бірнеше жылда Қытай нарығында ЖИ-чиптер $50 млрд көлемінде сатылады.

AMD компаниясының бас директоры Лиза Су 7 мамырда CNBC телеарнасына берген сұхбатында АҚШ озық чиптерге қолжетімділікті ұлттық қауіпсіздік үшін шектеу мен жартылай өткізгіш саласын дамыту мақсатында оған қолжетімділікті қамтамасыз ету арасынан тепе-теңдік табуы тиіс екенін атап өтті.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары