БастыЖаңалықтар
Бөлісу

АҚШ-тың ең ірі зейнетақы қоры Apple компаниясының акцияларын сатты

Владислав Осипов

Владислав Осипов

Oninvest тілшісі
АҚШ-тың ең ірі зейнетақы қоры Apple компаниясының акцияларын сатты

Apple — осы айда акциялары құлдыраған «Керемет жетілік» құрамындағы жалғыз компания.

АҚШ-тың ең ірі зейнетақы қоры — Калифорниялық Calpers алғашқы тоқсанда iPhone өндірушісі Apple компаниясының акцияларын сатып, Meta Platforms (Facebook-тің иесі), Advanced Micro Devices (чип өндіруші) және McDonald’s (мейрамханалар желісі) компанияларының акцияларын көбейткен. Бұл дерек АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржа жөніндегі комиссиясына тапсырылған есепте көрсетілген. Apple акциялары биыл нарық көрсеткішінен артта қалып келеді, бірақ қор бұл сатылым себебін түсіндіруден бас тартқан.

Егжей-тегжейі

Калифорния штаты мемлекеттік қызметкерлерінің зейнетақы қоры (California Public Employees’ Retirement System — Calpers) бірінші тоқсанда Apple компаниясының 5,1 миллион акциясын сатып, портфелінде 34,7 миллион акция қалдырған. Barron’s басылымына берген түсініктемесінде қор өз әрекетін түсіндіруден бас тартты: «Calpers-тің жария инвестициялары индекс стратегияларына негізделіп, жүйелі және сандық модельдермен оңтайландырылады. Олар қысқа мерзімді нарықтық оқиғаларға емес, ұзақмерзімді есептеулерге сүйенеді. Сондықтан біз, әдетте, жеке мәмілелер мен активтерге пікір білдірмейміз. Біздің команда нарықтың жалпы жағдайын бағалауды жалғастырады», — делінген қордың Barron’s сауалына берген жауабында.

Apple акцияларымен не болып жатыр?

Barron’s жазуынша, iPhone өндірушісінің акциялары 2025 жылы нарықтан артта қалып отыр. Бірінші тоқсанда олар 11%-ға төмендесе, кең нарық индексі S&P 500 4,6%-ға ғана құлдыраған. Екінші тоқсанда құлдырау үдей түсті: басқа ірі технологиялық компаниялар мамырда өскен кезде Apple акциялары бұл раллиден тыс қалды. Салдарынан тағы 12% жоғалтты, ал S&P 500 3,4% өскен.

FactSet дерегінше, бұл кезеңде минусқа кеткен «Керемет жетіліктің» жалғыз өкілі — Apple. MarketWatch-тың жазуынша, Apple жыл басынан бері бұл топтағы ең нашар нәтиже көрсеткен акцияға айналды.

Компанияға сауда баж салығы қысым көрсетуде, өйткені оның негізгі өндірісі Қытайда орналасқан. Apple қазір АҚШ нарығына арналған өнімдерін Үндістан мен Вьетнамда жинап жатыр, өйткені бұл елдерден импортқа салынатын тариф төмен. Алайда мамырда АҚШ президенті Дональд Трамп бұл жағдайға қарсы екенін білдіріп, өндірісті Америкаға көшіруді талап етті. Өткен аптада Трамп шетелде жиналған iPhone-ға 25%-дық жеке баж салығын енгізетінін айтып, қоқан-лоқы жасады.

Дегенмен, бұл жағдай сарапшыларды қорытындысын қайта қарауға итермелеген жоқ, деп жазады MarketWatch. Олардың пікірінше, акциялардың қазіргі әлсіздігі — компания бизнесінің жағдайын көрсетпейді. Мысалы, D.A. Davidson компаниясының технологиялық зерттеулер бөлімінің басшысы Гил Лурия Трамптың бұл мәлімдемесін компания басшылығымен жүргізілген келіссөздердегі кері қадам деп бағалайды. Алайда, сарапшының айтуынша, Apple компаниясында ұзақ мерзімді өсімге жеткілікті негіз бар.

Қор қандай акцияларды сатып алды?

Meta Platforms: Calpers бұл компанияның акциясын 579 мыңнан астам данамен көбейтіп, жалпы көлемін 5,5 миллионға жеткізді. Бірінші тоқсанда Meta акциялары 1,6%-ға арзандаса да, екінші тоқсанда 8,8%-ға өскен. Сәуір айының соңында компания жақсы кварталдық есеп жариялап, жарнама түсімінен оң болжам берген.

Advanced Micro Devices (AMD): Қор бұл компанияның 325 мыңнан астам акциясын қосып, жалпы көлемін 3,3 миллионға жеткізді. Бірінші тоқсанда AMD-нің капитализациясы 15%-ға төмендеді, бірақ наурыз айының соңынан бастап 7,4%-ға өсті. Мамыр басында компания күтілгеннен жақсы қаржылық нәтиже жариялап, түсім болжамын арттырды және байбэк бағдарламасын кеңейтті. Сонымен қатар, ол Сауд Арабиясында ЖИ дата-орталықтарының желісін құру жөнінде келісім жасасты.

McDonald’s: Қор бұл компанияның 494 мыңнан астам акциясын сатып алып, жалпы көлемін 3,5 миллионға жеткізді. Бірінші тоқсанда McDonald’s аралас нәтиже көрсетт. Себебі АҚШ-та мейрамханаға келушілер саны азайған. Алайда екінші тоқсанда Minecraft фильмінің желісіндегі Happy Meal жиынтығы сатылымға жақсы әсер етті. McDonald’s акциялары бірінші тоқсанда 7,8%-ға өсті және екінші тоқсанда да осы деңгейде сақталып тұр.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары