БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Alibaba акциялары 20%-ға жуық өсті: қытайлық алып қай деңгейге дейін көтеріле алады?

Альберт Фахрутдинов

Альберт Фахрутдинов

Alibaba акциялары 20%-ға жуық өсті: қытайлық алып қай деңгейге дейін көтеріле алады?

Қытайдың технологиялық алыбы — Alibaba компаниясының акциялары ішкі күндік саудаларда соңғы жылдардағы ең ірі секіріс жасады. Бұл серпіліске себеп — компанияның бұлтты технологиялар бағытына деген оптимизм мен жасанды жады (AI) қызметтеріне сұраныстың артуы. Инвесторларды жігерлендірген негізгі фактор — AI-сервистерінен түскен табыстың өсуі. Батыс банктерінің талдаушылары бұл өсімнің басы ғана деп бағалап, компания акцияларына қатысты болжамдарын қайта қарап, жоғары бағалауда.

Егжей-тегжейлі

2025 жылғы 1 қыркүйекте Гонконг биржасындағы саудада Alibaba акциялары бірден 19%-ға өсіп, 137,5 гонконг долларына ($17,6) жетті. Компанияның нарықтық құны бір күнде 50 млрд доллардан астамға артты. Bloomberg-тің мәліметінше бұл — 2022 жылдың қарашасынан бергі ең ірі біркүндік өсім.

Бұл өсім Alibaba-ның америкалық депозитарлық қолхаттарының (ADR) 13%-ға көтерілгенінен кейін орын алды. Өткен жұма күні жарияланған есепке сәйкес 2025 жылдың II тоқсанында бұлтты технологиялар бағытының табысы 26%-ға өскен — басты себеп AI-сервистеріне деген жоғары сұраныс. Компанияның жаңа бас директоры Эдди Ву AI мен бұлтты қызметтерді Alibaba-ның басты екі өсім қозғаушысының бірі деп атады. Екінші маңызды бағыт — электрондық коммерция.

Акциялардың жағдайы не болмақ?

Акциялар күрт өскеніне қарамастан, Alibaba акцияларының өсу әлеуеті әлі де зор, дейді Nomura және Daiwa секілді жапондық инвестбанк сарапшылары. Nomura компаниясы Alibaba-ның америкалық депозитарлық қолхаттарына қатысты 12 айлық мақсатты бағасын $152-ден $170-ке дейін көтерді. Олардың пікірінше, ұзақ мерзімді перспективада Alibaba-ның басты артықшылығы — жедел жеткізу қызметіндегі тиімділік.

Daiwa өз кезегінде гонконгтық акциялар үшін жылдық таргетін 170-тен 180 гонконг долларына дейін арттырды. Сарапшылар жедел жеткізу сегментінің рентабельдігі күткеннен жоғары екенін және бұлтты технологиялардан түсетін табыстың алдағы тоқсандарда үдей түсетінін айтады.

Bloomberg жазғандай, Alibaba акциялары биыл 66%-ға өсті, ал нарықтағы басты бәсекелестері — JD.com және Meituan секілді саудаға тәуелді компаниялардың акциялары керісінше төмендеді. Morgan Stanley аналитигі Гэри Ю Alibaba-ны Қытайдағы AI инфрақұрылымын дамытуға ең үздік инвестициялық мүмкіндік деп атады.

Контекст

Дегенмен, Alibaba AI бағытынан тұрақты пайда таба ала ма, жоқ па, бұл әзірге белгісіз. Себебі Baidu, Tencent сынды басқа да қытайлық IT-алыптар AI модельдерін қарқынды түрде дамытып жатыр, бұл нарықтағы бәсекені күшейтіп отыр.

Қазіргі таңда Қытай технологиялық секторына жаппай инвестиция ағымы байқалмайды, бірақ кейбір бағыттар нақты табыстың арқасында қайта серпілуде, деп хабарлайды Saxo Bank. Батыс компаниялары геосаяси тәуекелдерге алаңдаулы күйде болғанда, Қытайдың жеке технологиялық салалары, әсіресе AI мен бұлтты есептеулер, нақты табысқа негізделген өсім көрсетуде.

Alibaba жасанды интеллект пен бұлтты технологияларды дамыта отырып, нарықтағы көшбасшылық орнын нығайтуды жалғастыруда. Алдағы айлар бұл стратегияның қаншалықты тиімді болатынын көрсетеді.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары