БастыЖаңалықтарSmall Caps
Бөлісу

Alliance Laundry IPO-cы: ғасырлық табысты тарихы бар компания нарыққа шықты

Яна  Закомолдина

Яна Закомолдина

Alliance Laundry IPO-cы: ғасырлық табысты тарихы бар компания нарыққа шықты

Кір жуғыш және кептіргіш машиналар нарығының әлемдік көшбасшысы Alliance Laundry Holdings акциялары Freedom Finance клиенттеріне алдын ала саудада  қолжетімді. Ал 9 қазаннан бастап компанияның қағаздары Нью-Йорк қор биржасында (NYSE) ALH тикерімен саудалана бастайды.

Егжей-тегжейлі

Alliance Laundry Holdings және оның акционері IPO нәтижесінде 826,3 млн доллар тартты. Барлығы 37,56 млн акция орналастырылып, әрқайсысы 22 доллардан сатылды — бұл бастапқы диапазонның жоғарғы шегі. Осылайша, компанияның нарықтық құны шамамен 4,34 млрд доллар деп бағаланды, деп жазады Reuters.

Компанияның өзі 24,39 млн акция, ал акционері 13,17 млн акция сатқан. IPO-дан түскен қаржы 2,1 млрд долларлық қарыздың бір бөлігін өтеуге бағытталады.

Жетекші андеррайтерлер қатарында BofA Securities пен JPMorgan, сондай-ақ Morgan Stanley, Citigroup, Goldman Sachs, UBS және басқа да банктер бар.

Alliance Laundry-дің IPO өткізу туралы шешімі — компания иесі BDT & MSD Partners үшін күтпеген бұрылыс болды. Бұған дейін банк 117 жылдық тарихы бар өндірушіні толық сатуды қарастырған еді.

Компания туралы

1908 жылы АҚШ-тың Висконсин штатындағы Рипон қаласында негізі қаланған Alliance Laundry бүгінде солтүстік америкалық коммерциялық кір жуу нарығының шамамен 40%-ын бақылайды. Компанияның жабдықтары қоғамдық кір жуу орындарында, жатақханалар мен тұрмыстық секторда кеңінен қолданылады.

Alliance Laundry әлем бойынша алты зауытқа ие — үшеуі АҚШ-та, қалғандары Чехия, Таиланд және Қытайда орналасқан. Өнімдерін шамамен 600 дистрибьютор арқылы сатады.

2025 жылдың алғашқы жартысында компанияның табысы 837 млн доллар, ал таза пайдасы 48 млн доллар болды. 2010 жылдан бері табыс көлемі жылына орта есеппен 9,5% өсіп келеді, ал EBITDA маржасы — 25% шамасында.

Компания шикізат бағасының құбылмалы болуын және сауда шектеулерін басты тәуекелдердің бірі ретінде атап өтті.

Сарапшылар не дейді

Freedom Holding сарапшысы Әлем Бектеміровтің пікірінше компанияның әділ бағасы шамамен $17,2 — бұл IPO бағасынан 22%-ға төмен. Негізгі тәуекелдерге нарықтағы бәсекелестік пен тұтынушылардың қаржылық тұрақтылығын жатқызды.

Ал Seeking Alpha-дағы Донован Джонс компанияның кірісі тұрақты өсіп, операциялық пайдасы ұлғайғанымен, ақшалай ағым азайғанын атап өтті. Оның пікірінше, IPO инвесторлардың қызығушылығын тудырады, бірақ тәуекелдер қатарында жоғары концентрацияланған нарық (74% табыс Солтүстік Америкадан) және пайыздық мөлшерлемелердің ауытқуы бар.

IPOX компаниясының басшысы Йозеф Шустер: «Жеке капиталмен қолдау тапқан американдық IPO-лардың көбеюі инвесторлардың Alliance Laundry сияқты орналастыруларға қызығушылығын арттырады», — дейді.

Freedom Finance клиенттері Alliance Laundry акцияларын АҚШ биржалары ашылмай тұрып, ерте премаркетте (Астана уақытымен 15:30–16:30) сатып ала алады. Қатысу үшін ALH тикерін басыңыз.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары