БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Баффет сияқты UnitedHealth-ке бәс тіккен: Майкл Бюрридің портфелі қалай өзгерді?

Виктория Сирота

Виктория Сирота

Oninvest тілшісі
Баффет сияқты UnitedHealth-ке бәс тіккен: Майкл Бюрридің портфелі қалай өзгерді?

«Ұлы күйреу» фильмінен кейін танымал болған Майкл Бьюрри екінші тоқсанда өзінің Scion Asset Management инвестициялық компаниясының стратегиясын күрт өзгертті. Енді ол пут-опциондардан колл-опциондарға көшті. Сондай-ақ ол бірнеше компания акцияларына ұзын позициялар ашты, олардың қатарында әйгілі инвестор Уоррен Баффет те акцияларын арттырған сақтандыру алыбы UnitedHealth бар. Өткен тоқсанда Бьюрри тағы қай компанияларға бәс тікті және қай жердегі үлесін қысқартты?

Егжей-тегжейлі

2008 жылы АҚШ-тағы тұрғын үй нарығының күйреуін алдын ала болжаған Майкл Бьюрри екінші тоқсанды анағұрлым «бұқалық» көңіл күймен аяқтады, деп хабарлайды Reuters. Business Insider-дің есебінше наурыз айының соңында Scion Asset Management қоры құны 186 млн доллар болатын пут-опциондарға иелік етіп, акция бағасының құлдырауына ойнаса, үш айдан кейін 522 млн доллар көлемінде колл-опциондарға көшіп, керісінше, акцияның өсуіне бәс тіккен.

Өткен тоқсанда Бьюрри қытайлық онлайн-ритейлер Alibaba, нидерландтық жабдық жеткізуші ASML, қытайлық e-commerce платформасы JD.com, косметика өндірушісі Estee Lauder, канадалық спорт киім бренді Lululemon, «Ғажайып жетілік» құрамындағы Meta, биотех-компания Regeneron, сақтандыру алыбы UnitedHealth және Vans пен Timberland брендтерінің иесі VF компанияларының акцияларына колл-опциондар сатып алды. Бұл деректер АҚШ-тың Бағалы қағаздар және биржа комиссиясына (SEC) тапсырылған есептен белгілі болды.

Сонымен қатар Scion Asset Management ғылыми құрал-жабдық өндіруші Bruker, Lululemon, Regeneron, UnitedHealth және латынамерикалық e-commerce алыбы MercadoLibre акцияларында да ұзын позиция ашты. Business Insider атап өткендей, Бюрридің UnitedHealth-ке бәс тіккені назар аударарлық, себебі өткен тоқсанда осы компанияға Уолл-стриттің басты гуруларының бірі Уоррен Баффет те инвестиция салған. Ал Estee Lauder бойынша Бьюрри позициясын 200 мыңнан 150 мың акцияға дейін қысқартты.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары