Bloomberg: «Ғажайып жетілік» өзектілігін жоғалтуда. Қай акцияларға назар аудару керек

Уолл-стриттің ең қуатты топтамасы саналатын «Ғажайып жетілік» (Nvidia, Microsoft, Apple, Alphabet, Amazon, Meta Platforms және Tesla) өз маңызын жоғалтып келеді. Бұл туралы Bloomberg жазды.
Көп жылдар бойы осы жетілік технологиялық сілкіністен пайда табудың ең сенімді жолы саналған еді. Алайда жасанды жады (ЖЖ) төңкерісі инвесторларға жаңа мүмкіндіктер ашып, тек «жетілікке» бағытталған стратегиялардың әлсіздігін айқындап берді. Енді Уолл-стрит сарапшылары «Тамаша төрттік», «Үлкен алтылық» және «Элиталық сегіздік» сынды жаңа ұғымдарды ұсынып отыр — олар ЖЖ-ның нақты бенефициарларын дәлірек сипаттайды.
Жаңа көшбасшылар кімдер?
Сарапшылардың айтуынша көшбасшылыққа басты үміткерлер қатарында TSMC, Oracle және Broadcom бар. Бұл компаниялар ЖЖ экожүйесінің негізгі элементтерін құрайды. Сонымен қатар Palantir нейрожелі бағдарламалық қамтамасыз етудегі аз ғана табыскерлердің бірі ретінде аталады. Ал Salesforce пен Adobe секілді бұрынғы жұлдыздар артта қалғандардың қатарында.
ЖЖ тек технологиялық алыптарға ғана емес, сонымен бірге ілеспе салаларға да серпін беруде, мәселен энергия өндіру, желілік инфрақұрылым (Arista Networks), жоғары жылдамдықты жад чиптері (Micron Technology), деректерді сақтау (Western Digital, Seagate, SanDisk).
«Жетілік» ішіндегі айырмашылық
2025 жылы «Ғажайып жетілік» ішінде де қарама-қайшылықтар айқындала түсті. Nvidia, Alphabet, Meta және Microsoft ЖЖ дәуіріне дайын компаниялар ретінде 21–33% аралығында өсім көрсетті. Ал Apple, Amazon және Tesla айтарлықтай артта қалып отыр.
Осы себепті сарапшылар топтаманы қайта қарастыруды ұсынады: «Тамаша төрттік» — Nvidia, Microsoft, Meta және Amazon; «Үлкен алтылық» — Tesla-ны алып тастап құрастырылған нұсқа; «Элиталық сегіздік» — бастапқы «жетілікке» Broadcom қосылған нұсқа.
Уолл-стрит мұндай атауларды бұрыннан жақсы көреді. 1960-жылдардағы Nifty Fifty, дотком дәуіріндегі Nasdaq-тың «Төрт салт аты», 2010-жылдардағы FAANG акциялары — бәрі де уақытша үстемдік еткен, бірақ соңында жаңа көшбасшыларға жол берген. Bloomberg-тің пікірінше «Ғажайып жетілік» те осы заңдылықтан тыс қала алмайды.
ЖЖ бумының тағы бір ерекшелігі — саланың ең ірі ойыншыларының көбі биржада тіркелмеген. OpenAI, Anthropic және SpaceX акциялары ашық саудаға түспейді. Дегенмен, жеке инвесторлар арасында саудаланатын бұл компаниялардың бағасы рекордтық өсім көрсетті: OpenAI — 2025 жылдың басынан бері +150%, Anthropic — +440%, SpaceX — үш есеге жуық қымбаттады (Forge Global дерегі бойынша).








