БастыЖаңалықтар
Бөлісу

BofA АҚШ нарығындағы «көпіршік» туралы ескертті. Қалай қорғануға болады?

Владислав Осипов

Владислав Осипов

Oninvest тілшісі
BofA АҚШ нарығындағы «көпіршік» туралы ескертті. Қалай қорғануға болады?

«Акция бағасы өсіп, облигация табыстылығы да артса – бұл көпіршіктің анық белгісі»

Bank of America стратегтерінің пікірінше, Дональд Трамп әкімшілігінің салықтық жеңілдіктер мен сауда тарифтерін төмендетуге бағыт алуы АҚШ нарығында жаңа алыпсатарлық толқын туындатуы мүмкін. BofA сарапшылары Bloomberg-ке берген түсіндірмесінде бұл ахуал инвесторларды облигацияларды сатып, криптовалюта мен технологиялық компаниялардың акцияларын жаппай алуға итермелеп отырғанын айтады.

Егжей-тегжейі

Bank of America-ның жетекші сарапшысы Майкл Хартнетт бастаған талдаушылар АҚШ-тың жаңа экономикалық бағыты инвесторларды облигациядан кетіп, криптовалюта мен жасанды интеллектке қатысы бар компаниялардың акцияларына оралуға ынталандыруы мүмкін екенін ескертеді. Бұл – жаңа «көпіршік» қаупін тудырады.

Хартнетт 2025 жылға тиімді стратегия – облигация, халықаралық акция және алтынды үйлестіру деп есептейді. Бірақ капиталдың алыпсатарлық активтерге ағылуы бұл тәсілге елеулі қауіп төндіреді.

Сәуірдегі құлдыраудан кейін америкалық акциялар мен биткоин күрт қалпына келді. Бұған Трамптың 10 пайыз кедендік тарифтерді уақытша шегеруі, ФРЖ-ға пайыздық мөлшерлемені төмендету үшін қысым жасауы, экономиканы ынталандыру және жаңа салық жоспарын ұсынуы себеп болды. Бұл жоспар АҚШ-тың мемлекеттік қарызын арттыруы мүмкін.

Жаңа салық жоспарында 2017 жылы енгізілген жеке және корпоративтік салықтық жеңілдіктерді ұзарту, Байден әкімшілігі бекіткен «жасыл» субсидияларды жою және әлеуметтік шығындарды қысқарту, атап айтқанда егде жастағы азаматтарға арналған медициналық сақтандыру мен аз қамтылғандарға арналған азық-түлік көмегін шектеу.

«Көпіршік» белгілері

Нарықта эйфория күшейген кезде облигация мен акция арасындағы классикалық кері байланыс бұзылады. Соңғы 14 көпіршік пайда болған жағдайдың 12-сінде облигация табыстылығы өскен. Акциялар өсіп, сонымен бірге облигация табыстылығы арта бастаса – бұл нарықтың көпіршіктеніп жатқанын білдіреді, дейді Хартнетт.

2024 жылдың мамырында АҚШ-тың 30 жылдық мемлекеттік облигациялары 5 пайыз шегінен асып, Moody’s агенттігінің суверенді рейтингті төмендетуі және қарыз тұрақтылығына қатысты қауіптерден кейін табыстылық шарықтады. Осы айда Nasdaq 100 индексі 10 пайызға, ал S&P 500 6 пайыздан астам өсті. Бұл – 2023 жылдың қарашасынан бергі ең жақсы айлық көрсеткіш, деп хабарлайды CNBC.

Қор портфелін қалай қорғауға болады?

BofA-ның бұрынғы көпіршіктер кезіндегі нарық динамикасына сүйене отырып жасаған болжамы: «Керемет жетілік» компанияларының жиынтық нарықтық құны тағы шамамен 30 пайызға өсуі мүмкін, содан кейін ғана шегіне жетеді. Сондықтан BofA ең тиімді қорғаныс ретінде өсу акцияларын (Керемет жетілік) және бағаланбаған дәстүрлі активтерді (қалыптасқан, тұрақты бизнесі бар компаниялар) қатар ұстауды ұсынады. Бұл компаниялар көбіне дивиденд төлейді және баға мультипликаторлары төмен.

Нарықтағы ахуал (BofA-ға сәйкес):

– 2025 жылы ең ірі капитал кетуі тіркелді: соңғы аптада инвесторлар 9,5 миллиард долларды жаһандық акция қорларынан алып кеткен (EPFR дерегі).

– Сонымен қатар әлсіз доллар, алтын, криптовалюта, облигация және дамушы нарық акцияларына қаржы ағымы байқалды.

– 30 жылдық қазынашылық облигацияның табыстылығы 5 пайыз деңгейінде. BofA мұны S&P 500-ге инвестициялаудан гөрі тартымды пйыздық мөлшерлеме деп санайды.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары