БастыЖаңалықтар
Бөлісу

BofA есептен кейін өсім әлеуеті жоғары бес акцияны атады

Альберт Фахрутдинов

Альберт Фахрутдинов

BofA есептен кейін өсім әлеуеті жоғары бес акцияны атады

Bank of America (BofA) соңғы қаржылық есептерден кейін өсім әлеуеті зор акцияларды атады, деп хабарлайды CNBC. Банк сарапшылары баға әлі де көтерілуі мүмкін деп есептейтін компаниялар қатарында — Microsoft бар. Компания соңғы есебінде Уолл-стритті таңғалдырып, әсіресе Azure бұлтты қызметінен түскен жоғары табыспен көзге түсті. Сондай-ақ BofA Delta Air Lines, Domino’s Pizza, Procter & Gamble және Levi Strauss акцияларын жоғары бағалады.

Delta Air Lines

2025 жылы Delta Air акциялары 15%-ға арзандағанымен, банк сарапшысы Эндрю Дидора оларды назардан тыс қалдыруға болмайды деп санайды. Оның айтуынша, тұтынушы сұранысындағы белгісіздікке қарамастан, премиум қызметтерге қызығушылық жоғары болып отыр. 2025 жылдың екінші тоқсанында бизнес-класс пен премиум орындар табысы 4,7%-ға өссе, эконом-класстан түсетін табыс 5,5%-ға азайған.

Компанияның бос ақша ағымына және қарызды азайтуға деген тұрақты ұстанымы да оң бағаланды. Дидора акцияның мақсатты бағасын $60-тан $67-ге көтеріп, Delta-ға инвестицияны арттыруға қолайлы сәт екенін айтты.

Levi Strauss

BofA сарапшысы Кристофер Нардонның айтуынша, атақты джинс өндіруші Levi’s тұрақты өсімге бет алған. Ол компанияның АҚШ-тың сауда шектеулеріне қарамастан, дұрыс стратегия ұстанып отырғанын атап өтті.

Нардон Levi’s брендінің дүкен сөрелеріндегі үлесін арттыру мен толық бағамен сату әлеуетін жоғары бағалайды. Ол акция бағасының мақсатты көрсеткішін $24-тен $26-ға көтерді. Компания акциялары биыл 11%-ға өсті.

Domino’s Pizza

Domino’s нарық үлесін ұлғайтуда тиімді жағдайда тұр, дейді BofA сарапшысы Сара Сенаторе. Оның пікірінше, екінші тоқсандағы есеп бойынша компанияның адалдық бағдарламасы, цифрлық платформасы мен бәсекеге қабілетті бағалары жыл соңына дейін сатылымды қолдайды.

Сенаторе франшиза жүйесінің салалық тиімділігі мен масштаб артықшылығын ерекше атап өтті. Компания акциялары да 11%-ға қымбаттаған

Procter & Gamble

BofA пікірінше, P&G — күнделікті тұтыну тауарлары секторындағы эталон. Көп миллиардтық жаһандық брендтер портфелі мен ассортиментті оңтайландыру бойынша қолға алынған шаралар тиімділігін көрсетуде. Банк компанияның алдағы тоқсандарда табыс көрсеткіштерін арттыру әлеуеті бар екенін айтады. Алайда биыл акция құны 10%-ға төмендеген.

Microsoft

BofA Microsoft-тың алдағы 3–5 жылда табысы жылына 10–15% өседі деп болжайды. Бұл өсімге Azure бұлтты инфрақұрылымы, Office 365, Xbox платформасындағы Game Pass жазылымы мен ойын индустриясындағы табыс ықпал етеді.

Компания құны өткен аптада $4 трлн межесін уақытша еңсеріп, тарихындағы ең мықты есептерінің бірін жариялады. Жыл басынан бері Microsoft-тың нарықтық құны 25%-ға артқан.

Уолл-стрит сарапшылары не дейді?

FactSet мәліметінше, бес компания бойынша сарапшылардың ортақ пікірі – оң. Microsoft үшін консенсус-рейтинг — «сатып алу» (Buy), ал Delta Air Lines, Domino’s Pizza, Procter & Gamble және Levi Strauss үшін — «нарықтан жоғары» (Overweight), бұл да «сатып алуға» тең.

Сарапшылардың орташа болжамдарына сәйкес, келесі 12 айда акциялар өсімі мынадай болуы мүмкін:

• Microsoft: +15,2%

• Delta Air: +32,5%

• Domino’s: +10,2%

• P&G: +14,2%

• Levi’s: +23,4%

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары