БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Cartier и Van Cleef & Arpels сатылымдары арқасында Richemont табысы өсті

Венера  Сайфутдинова

Венера Сайфутдинова

Oninvest тілшісі
Cartier и Van Cleef & Arpels сатылымдары арқасында Richemont табысы өсті

Швейцариялық Richemont холдингі өткен тоқсанда табысын 6%-ға арттырғанын хабарлады. Люкс индустриясында жалпы сату қарқыны бәсеңдегенімен, Cartier және Van Cleef & Arpels зергерлік брендтерінің мықты нәтижелері компанияның басқа бағыттардағы әлсіздігін жабуға мүмкіндік берді. Сағат, сән және аксессуарлар сегменттеріндегі төмендеуге қарамастан, зергерлік бұйымдарға деген сұраныс Richemont-тың жалпы көрсеткіштерін жақсартты.

Егжей-тегжейлі

Financial Times басылымының жазуынша Richemont компаниясының басты зергерлік брендтері — Cartier мен Van Cleef & Arpels қатарынан үшінші тоқсанда сату көлемін арттырды. Геосаяси тұрақсыздыққа қарамастан, ауқатты тұтынушылар жоғары сапалы өнімдерге деген қызығушылығын жоғалтпаған.

Компания есебіне сәйкес, зергерлік сегмент холдингтің табысының үштен екісінен астамын құрайды. 30 маусымда аяқталған тоқсанда осы бөлім 11%-ға өсіп, 3,9 млрд еуро табыс әкелді (валюта бағамының тұрақтылығын есепке ала отырып). Бұл нәтиже Visible Alpha жинаған аналитиктердің консенсус-болжамынан жоғары болды.

Топтың жалпы табысы екінші тоқсанда 2024 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 6%-ға өсіп, 5,4 млрд еуроны құрады (валюталық өзгерістерді ескермегенде).

Richemont-тың мамандандырылған сағат брендтері (мысалы, Jaeger-LeCoultre, IWC, Vacheron Constantin және басқалары) тоқсан ішінде 7%-ға төмендеді. Ал сән және аксессуарлар сегментінің табысы 1%-ға қысқарды.

Аймақтық бөліністе Солтүстік және Оңтүстік Америка, Еуропа мен Таяу Шығыста табыс 11–17% аралығында өсті. Азия-Тынық мұхиты аймағында (қытай нарығының ықпалы басым) сату көлемі өткен жылмен салыстырғанда өзгеріссіз қалды (валюта бағамын ескермегенде).

Тек Жапонияда ғана табыс 15%-ға қысқарды. Richemont өкілдері мұны өткен жылы әлсіз иенаның арқасында елге көп турист келгенімен, биыл нарықтың қалыпқа келуімен түсіндірді.

Акциялар қозғалысы

Richemont акциялары Швейцария биржасында 0,5%-ға қымбаттады. Жыл басынан бері компанияның құнды қағаздары 8%-ға өскен, ал негізгі бәсекелесі LVMH (оған Bulgari мен Tiffany & Co. брендтері тиесілі) акциялары 25%-дан астамға төмендеген.

Сарапшылар не дейді?

Vontobel аналитигі Жан-Филипп Берши: «Richemont өзге люкс компаниялармен салыстырғанда үміт сыйлайтын нәтижелер көрсетті. Әсіресе зергерлік сегменттегі жетекші ұстанымы мен тұрақты өсу қарқыны таңғалдырады».

Richemont акцияларын зерттейтін 32 сарапшының 18-і оларды сатып алуға кеңес береді (Buy, Overweight рейтингтері). 11-і — ұстауға (Hold), ал үшеуі — сатуға (Underweight, Sell) ұсыныс жасаған.

Контекст

The Wall Street Journal атап өткендей, инвесторлар люкс секторына сақтықпен қарай бастады. Бұл сала тұтынушылық сұраныстың бәсеңдеуін Трамп әкімшілігінің жаңа тарифтеріне дейін де сезінген. Қазір нарық сауда тұрақсыздығының тұтынушыларға әсерін бақылап отыр.

Reuters дерегінше швейцар сағаттарының экспорты пандемия басталған 2020 жылдан бері ең төменгі деңгейге түсуі мүмкін. Агенттік мәліметінше ауқатты клиенттер баға шарықтап кеткен сөмкелер мен сәнді тауарлардан гөрі, уақыт сынынан сүрінбей өткен инвестициялық құндылығы бар бұйымдарға бет бұрған.

Bain & Co. бағалауы бойынша, 2023 жылы әлемдік люкс заттар нарығы 1%-ға қысқарса, биыл 2–5% аралығында төмендеу күтіледі.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары