БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Чипке 100% баж салығы Жапонияға соққы болды, ал TSMC плюсте

Альберт Фахрутдинов

Альберт Фахрутдинов

Чипке 100% баж салығы Жапонияға соққы болды, ал TSMC плюсте

АҚШ президенті Дональд Трамп чип импортына 100 пайыздық баж салығын енгізетінін жариялағаннан кейін, 7 тамыз күні азиялық жартылай өткізгіш компанияларының акциялары әртүрлі бағытта саудаланды. Бұл талап АҚШ-та зауыт салып жатқан компанияларға қолданылмайды.

Егжей-тегжейлі

Жапониядағы ең ірі жартылай өткізгіш жабдық өндірушісі әрі TSMC-тің жеткізушісі Tokyo Electron компаниясының акциялары Токиодағы сауда ашылғанда 5%-дан аса төмендеді, бірақ кейін құлдырау 2,3%-ға дейін азайды. Негативті әсерді Tokyo Electron компаниясының бір қызметкерін TSMC-тің коммерциялық құпиясын ұрлады деген күдікпен жұмыстан босату туралы мәлімдемесі күшейтті. Жартылай өткізгіштер сегментіндегі басқа да жапон алпауыттарының котировкалары төмендеді: микроконтроллерлердің жетекші өндірушілерінің бірі Renesas Electronics сауда басында 4%, ал чиптерді тестілеуге арналған жабдықтар шығаратын Advantest 3,3% төмендеді.

Оңтүстік Кореяның ең ірі чип өндірушілері Samsung пен SK Hynix Трамптың 100 пайыздық баж салығының аясынан тыс қалған. Бұл туралы елдің бас сауда өкілі Ё Хан Ку мәлімдеді. Осыдан кейін SK Hynix акциялары Сеулде бастапқыда 3%-дан аса төмендегенімен, кейін плюске шығып, шамамен 1% өсті, деп хабарлайды CNBC. Ал Samsung Electronics акциялары нарықтағы жалпы трендке қарамастан 2,5% өсті. Бұл Apple-дің iPhone үшін Техастағы Samsung зауытында өндірілетін микросхемаларды сатып алуға ниетті екенін жариялауымен байланысты. АҚШ-та зауыттар салып жатқан әлемдегі ең ірі чип жеткізушісі TSMC компаниясының акциялары шамамен 5% күрт өсті.

Трамп қандай ескерту жасады?

Дональд Трамп 6 тамызда чиптер мен жартылай өткізгіштерге «өте үлкен баж салығын» енгізетінін мәлімдеді. Алайда АҚШ-та зауыт салып жатқан немесе салуға уәде берген компаниялар бұл салықты төлемейді. «Басқаша айтқанда, біз чиптер мен жартылай өткізгіштерге шамамен 100% мөлшерінде баж салығын енгіземіз. Бірақ егер сіз Америка Құрама Штаттарында зауыт салып жатсаңыз, бұл төлем алынбайды», — деп қосты ол.

Сарапшылар пікірі

Чиптерге 100% баж салығы ауыр соққыдай көрінгенімен, АҚШ-та зауыт салып жатқан компанияларға берілетін жеңілдіктер экономикалық тәуекелді айтарлықтай азайтуы мүмкі, деп жазады Barclays-тің аналитикалық жазбасына сілтеме жасаған Reuters агенттігі.

Жапонияның жартылай өткізгіштер өндірісіне арналған жабдықтар нарығы 100 пайыздық баж туралы жаңалықтан бастапқыда «сескенуі» мүмкін, бірақ ұзақ мерзімді перспективада бұл қадам бүкіл сала үшін оң әсер етуі мүмкін, деді CNBC арнасына ORTUS Advisors компаниясының жапон акциялары бойынша стратегия басшысы Эндрю Джексон. Оның айтуынша, жапон жабдықтары АҚШ-та өндірісті арттырғысы келетін көптеген компаниялар үшін әлі де алмастырылмайтын болып отыр.

Қазіргі сәттегі «айқын жеңімпаздар» Apple, Nvidia және TSMC сияқты ірі ойыншылар. Себебі оларда инвестиция салуға ең үлкен мүмкіндік бар, дейді The Futurum Group басшысы Даниэль Ньюман. Оның айтуынша, президент Трамп дәл осындай ірі компанияларды тартқысы келеді. Ал ауқымы мен ықпалы аз ұсақ компаниялар келіссөз жүргізуге тура келеді.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары