Бөлісу
CoreWeave акциясы Meta-мен $14 млрд-тық мәміледен кейін 10% шарықтады

30 қыркүйектегі премаркетте CoreWeave котировкасы 10% шарықтап, $134,7-ға жетті. Бұл Bloomberg хабарлағандай, CoreWeave Meta-ға жасанды интеллектке арналған бұлттық инфрақұрылым ұсыну жөнінде $14,2 млрд көлемінде келісімшартқа қол қойғаннан кейін болды.
«Олар біздің бұрынғы келісімдер аясындағы инфрақұрылымымызды ұнатты, сондықтан жаңа келісім үшін қайта оралды», — деді CoreWeave бас директоры Майкл Интратор Bloomberg-ке берген сұхбатында. Оның айтуынша, мәміле аясында компания әлеуметтік желі алыбына Nvidia-ның ең жаңа GB300 жүйелеріне қолжетімділік береді.
Instagram мен Facebook әлеуметтік желілерінің иесі Meta Bloomberg-ке түсініктеме берген жоқ.
Жаңалық толықтырылуда…
Бөлісу








