БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Figma қағаздары құлдырады, сарапшылар болса өсу әлеуетін шектеулі деп көрсетті

Венера  Сайфутдинова

Венера Сайфутдинова

Oninvest тілшісі
Figma қағаздары құлдырады, сарапшылар болса өсу әлеуетін шектеулі деп көрсетті

Бірлескен дизайнға софт жасайтын Figma компаниясының қағаздары Уолл-стриттің бірнеше жетекші брокері бейтарап рейтинг берген соң бірден құлдырады. Сарапшылар компания бағасының тым жоғары екенін, бәсекенің күшейіп жатқанын айтады, бірақ жасанды интеллекттегі перспективасын да жоққа шығармайды.

Егжей-тегжейлі

25 тамыздағы сауда басында Figma қағаздары бірден 7,5% арзандады. Бұған Уолл-стриттің бірнеше ірі брокері — Morgan Stanley, Goldman Sachs, J.P. Morgan, Wolfe Research, RBC Capital Markets, Wells Fargo және William Blair бейтарап рейтингтер бергені түрткі болды, деп жазады Reuters. Көпшілік сарапшылар «ұстап тұру» (hold) деңгейінде баға берді.

Олардың пікірінше, компания қазірдің өзінде жоғары бағаланған, әрі бәсеке күшейіп келеді. Дегенмен Figma ЖИ технологиялары арқылы өсім әлеуетіне ие деп те көрсетілді.

Figma шілдеде Нью-Йорк қор биржасында дебют жасады. Алғашқы күні қағаздары IPO бағасы $33-тан бірден $115-ке секіріп, 250% қымбаттады.

Сарапшылар пікірі

— Morgan Stanley бейтарап рейтинг беріп, мақсатты бағаны $80 деп қойды (өсу әлеуеті — небәрі 3,5%).

— Goldman Sachs бейтарап рейтингпен $48 мақсатты баға ұсынды, бұл 38% төмендеу қаупін білдіреді.

— J.P. Morgan бейтарап рейтинг беріп, мақсатты бағаны $65 деп көрсетті (қазіргі бағадан 16% төмен).

— RBC Capital мақсатты бағаны $75 деп қойды (минус 3%), бірақ ЖИ-ді Figma үшін бәсекелес емес, өсім драйвері ретінде көретінін айтты.

— Wells Fargo бейтарап рейтинг беріп, $82 мақсатты баға ұсынды (өсу әлеуеті — 6%).

— Wolfe Research тек бейтарап баға берді, таргет қоймады.

— William Blair болса, керісінше «Outperform» («сатып алу») ұсынымын берді.

Контекст

Reuters дерегінше, соңғы сауда қорытындысы бойынша Figma-ның нарықтық капитализациясы $37,7 млрд-қа жетті. Бұл көрсеткіш 2023 жылы Adobe ұсынған мәміле құнынан екі есе жоғары.

Figma-ның бірлескен дизайнға арналған софтын Netflix, Airbnb және Duolingo сияқты ірі компаниялар пайдаланады. IPO проспектісінде компания қатал бәсеке мен нарықтағы үлесін жоғалту тәуекелдеріне, әсіресе жасанды интеллект технологияларының тез енуде екеніне назар аударған еді.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары