БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Freedom Holding акциялары жаңа рекордтық бағаға жетті

Ринат Таиров

Ринат Таиров

Oninvest тілшісі
Freedom Holding акциялары жаңа рекордтық бағаға жетті

Freedom Holding Corp. акциялары АҚШ-тың Nasdaq биржасында жаңа рекорд орнатып, алғаш рет $192-ден жоғары бағаға көтерілді. Алайда сауда сессиясының басындағы өсім көп ұзамай төмендеуге ауысты.

Егжей-тегжейлі

7 тамыз күнгі сауда барысында Freedom Holding акцияларының бағасы $192,23 деңгейіне жетті. Бұл — алдыңғы жабылу бағасынан 1%-ға жоғары, әрі компанияның биржадағы тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.

Алайда шарықтау шегіне жеткен соң, акция бағасы төмендей бастады. Күн ішіндегі ең төменгі көрсеткіш — $185,46. Бұл алдыңғы күнгі жабылу бағасынан 2,5%-ға төмен.

Сауда кезінде Freedom Holding-тің нарықтық капитализациясы $11,3 млрд-тан жоғары деңгейде сақталды. Компания алғаш рет $10 млрд шегінен мамыр айында асқан. 2025 жылдың басынан бері акциялар 42%-ға, ал соңғы 12 айда — шамамен 115%-ға қымбаттаған. Салыстыру үшін: осы аралықта АҚШ-тың басты индексі S&P 500 бар болғаны 7,4%-ға өскен.

Контекст

Freedom Holding 2019 жылы Nasdaq биржасында акцияларын орналастырған ТМД аймағынан шыққан алғашқы брокер болды. Сол уақыттан бері компания акциялары 1000%-дан астамға өсті. 2024 жылдың маусымында Freedom Holding акциялары АҚШ нарығындағы барлық жария компаниялардың 98%-ын қамтитын Russell 3000 индексіне енгізілді.

Шілде айында бұл акциялар First Trust Financial AlphaDEX Fund (FXO) биржалық қорына қосылды. Бұл қордың құрамында Уоррен Баффет басқарған Berkshire Hathaway, Уолл-стриттің ірі банктері Goldman Sachs пен Citigroup, Robinhood сауда платформасы, Coinbase криптобиржасы секілді алпауыттар да бар.

Акциялар раллиінің арқасында холдинг негізін қалаушы Тимур Турловтың байлығы $7,9 млрд деңгейіне жетті. Бұл — Forbes Real-Time рейтингінің мәліметі. Бұл рейтинг акция бағасына қарай нақты уақыт режимінде жаңартылып отырады. Мақала жарияланған сәтте Турловтың байлығы шамамен $173 млн-ға төмендеп, ол 415-орынға орналасқан.

Салыстырмалы түрде айтсақ, дәл сондай байлыққа британиялық финтех-компания Revolut-тың тең құрылтайшысы Николай Сторонский ие, ол рейтингте 417-орында тұр.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары