БастыЖаңалықтар
Бөлісу

FT: OpenAI серіктестері стартаптың амбицияларын қаржыландыру үшін $100 млрд қарыз жин

Альберт Фахрутдинов

Альберт Фахрутдинов

FT: OpenAI серіктестері стартаптың амбицияларын қаржыландыру үшін $100 млрд қарыз жин

OpenAI-мен жұмыс істейтін дата-орталық серіктестері жинаған жалпы қарыздың көлемі $100 млрд-қа жуықтады, деп жазады Financial Times. Басылымның мәліметінше OpenAI бұл қарыздық қаржыландырудан пайда көріп отыр, бірақ тәуекелдің өзін компания көтермейді. Дереккөздердің айтуынша банктер тобы OpenAI инфрақұрылымына тағы $38 млрд жаңа несие беруді талқылап жатыр.

Деректер

FT есептеуіне сәйкес жапондық SoftBank, IT-гигант Oracle және бұлттық қуат жеткізушісі CoreWeave OpenAI-ға инвестиция салу немесе оның дата-орталықтарын салу үшін кемінде $30 млрд қарыз алған. Инвестициялық компания Blue Owl Capital және дата-орталық операторлары Crusoe секілді серіктестер OpenAI-мен болашақ келісімшарттардан түсер табыспен өтейміз деген жоспармен $28 млрд қарыз алған.

Алдағы апталарда Oracle және дата-орталық салушы Vantage жаңа объектілерді қаржыландыру үшін банктерден тағы $38 млрд тартуды жоспарлап отыр.

Тек осы міндеттемелердің өзі OpenAI-дың жылдық табысынан — 2025 жылы $20 млрд — бес есе көп. Шын мәнінде, OpenAI-ға байланысты қарыз одан да жоғары болуы мүмкін дейді FT: SoftBank пен CoreWeave биыл OpenAI-ға тікелей байланысы жоқ, бірақ әлдеқайда ірі қарыздар алған.

Сан-Францискодағы стартап қазір әлемдегі ең қымбат жекеменшік компания — $500 млрд бағалауымен. Компания AGI — адамнан да қабілетті жалпы жасанды интеллект құру мақсатында дата-орталықтар құрылысын, чиптер сатып алуды және электр энергиясын төлеуді қаржыландыру үшін одан да көп қаражат керек деп санайды.

FT дереккөздері OpenAI-дың өзінде дерлік қарыз жоқ екенін айтады: 2024 жылы компания $4 млрд кредиттік желі алған, бірақ оны әлі пайдаланбаған.

Контекст

Инвесторлар Oracle-дың стратегиясына алаңдаулы: компанияның ЖИ саласына белсенді енуі қарыздың күрт өсуіне және клиенттердің шамадан тыс шоғырлану тәуекеліне апарды.

ЖИ жобаларына шығындардың өсуі инвесторлардың көңілін суытып жатқан кезде, Oracle акциялары техногиганттар арасында ең көп құлдыраған: The Wall Street Journal мәліметінше 19 қарашаға қарай бағамдар тарихи максимумнан 31% төмендеген.

Салыстыру үшін: Meta акциялары — 25%, Nvidia мен Microsoft — 10% төмендеген.

Аналитиктер саланың шамадан тыс инвестициялануы мен ықтимал «көпіршігі» туралы алаңдаушылық өсіп жатқанын айтады. Bank of America респонденттері соңғы рет дәл осындай масштабтағы қауіптерді 2005 жылы сезінген.

Morgan Stanley болжамынша, 2025–2028 жылдары технологиялық компаниялар дата-орталықтарға $2,9 трлн жұмсауы мүмкін, бірақ олардың өз қаражаты бұл шығынның тек жартысын ғана жабады. Бұл нарықта қарыз алудың күрт өсуіне әкелмек.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары