БастыЖаңалықтар
Бөлісу

GameStop, eBay және Ресейдегі дефолт: Уолл-стрит ардагерлерінің үздік мәмілелері

Анна Краснова

Анна Краснова

Журналист
GameStop, eBay және Ресейдегі дефолт: Уолл-стрит ардагерлерінің үздік мәмілелері

Инвестициялық мәміле қай уақытта табысты болады? Жеке инвесторлар әмбебап стратегияларды іздегенімен, тәжірибелі басқарушылар сәттілік стандартты формулаға сыймайтынын біледі. Кейде ең жақсы нәтиже терең талдаудан емес, дер кезінде шешім қабылдаудан немесе басқалар байқамаған активке бәс тігу арқылы келеді. Үздік мәмілелер — есеп, батылдық және дәл орындалудың үйлесімі.

Business Insider алты кәсіби инвестордың мансаптарындағы маңызды мәмілелері туралы әңгімелерін жинады. Бұл таңдауда әртүрлі тәсілдер бар: технологиялық компанияларды сатып алудан бастап нарық күтулеріне қарама-қайшы қысқа позицияларға дейін. Бұл кейстер дайын шешімдер ұсынбайды, бірақ қысым астында инвестициялық шешімдер қабылдайтындардың әрекеттерін түсінуге көмектеседі — және олар неге сәттілік те аса маңызды екенін біледі, оның рөлін  мойындайды.

Арджун Дивеча: түнгі сағат 3-тегі мәміле және «нақтылық иллюзиясы»

Арджун Дивеча — дамушы нарықтар сегментіндегі беделді инвесторлардың бірі. Ол америкалық GMO инвестициялық компаниясының Emerging Markets бағытын құрды және ұзақ жылдар басқарды, оның басқаруындағы активтер $13 млрд-қа жетті.

Мансабындағы ең жарқын мәмілені Дивеча 1998 жылғы дағдарыс кезінде Ресей нарығында жасады. Дефолттан кейін ол «Уралмаш» машина жасау гигантының акцияларын сатып ала бастады (2016 жылдан бастап ООО «УК «УЗТМ-КАРТЭКС» құрамына кіреді). Олардың нарықтық бағасы тез төмендеді, және GMO компанияның 5%-ын жинады.

Бірде түнде Дивечаға аты аталмаған адам қоңырау шалып, зауыттың 2% акцияларын сату ниетін білдірді. Ол акцияны бір доллардан сатқысы келді, бірақ ағымдағы баға 50 цент болатын. Ұйқысынан оянғанына ашуланған Дивеча және жақында банкротқа ұшыраған Нью-Йорк хедж-қорлары өз үлестерін сататынын білгендіктен, қарсы ұсыныс жасады: акция үшін 23 цент.

«Мен 25 цент десем, ол келіспес еді деп сенемін», — дейді Дивеча. «Мен 23 деп айтқанда, мен «нақтылық иллюзиясын» қолдандым — бұл менің күрделі есептеулер жүргізіп, осындай бағаға келгенімдей әсер қалдырады». Нәтижесінде, 23 центке сатып алынған акциялар бірнеше жылдан кейін шамамен $15-қа сатылды. Бұл мәміленің кірістілігі шамамен 6400% болды.

Куэ Нгуен: дүрбелең кезінде мұнай инфрақұрылымын таңдады

Куэ Нгуен — Research Affiliates компаниясының акция стратегиялары бойынша инвестициялық директоры, жүйелік стратегияларды әзірлейді. Бұған дейін Нгуен Willett Advisors және Чикаго университетінің инвестициялық кеңсесінде инвестициялар үшін жауапты болды. Ол мансабын Numeric Investors, Morgan Stanley және State Street компанияларында бастады.

2020 жылдың көктемінде мұнай бағасы алғаш рет теріс мәнге жеткенде көптеген инвесторлар шикізат секторынан аулақ болды. Нгуен стандартты жолды таңдамай, мұнай бағасының тікелей өсуіне ставка жасаудың орнына, ол инфрақұрылымдық компанияларға ставка жасады — бұл бизнес саланың жалпы қалпына келуінен пайда көреді деп есептеді.

Жеке акциялар орнына ол ETF-терді таңдады — мұнай саласына қызмет көрсететін жария компанияларға инвестициялайтын биржалық қорлар: тасымалдау, сақтау және өңдеуге инвестиция қүйды. Бұл бүкіл секторды қамтуға мүмкіндік берді, «шөп арасынан инені» іздемей-ақ: «Шөп арасында ине көп болса, бүкіл шөпті сатып алғың келеді», — дейді Нгуен.

Ставка сәтті болды: әлемдік экономика локдаун режимінен шығып, энергия тасымалдаушыларға сұраныс қалпына келе бастағанда, инвестициялар 50% табыс әкелді. Бұл мәмілені Нгуен мансабындағы ең сәттілердің бірі деп санайды, тек нәтижесі үшін ғана емес, басқалар тәуекелден қашқан сәтте өзге тәсіл қолданғаны үшін де.

Билл Смид: $11 тұратын eBay-дің бағаланбаған империясы

Билл Смид — Smead Capital Management компаниясының негізін қалаушы және бас инвестициялық директоры, Smead Value Fund қорын басқарады. Ол мансабын 1980 жылы Уолл-стриттің жетекші ойыншыларының бірі Drexel Burnham Lambert инвестициялық банкінде бастады, кейін Oppenheimer, Smith Barney және Wachovia Securities компанияларында жұмыс істеді.

Смид ең жақсы инвестициялардың бірін жаһандық қаржылық дағдарыс кезінде жасады. 2008 жылы ол eBay-ге назар аударды, оның акциялары $11-ге дейін төмендеді. Алғаш қарағанда қысымға ұшыраған ірі технологиялық платформа. Бірақ шын мәнінде бұл тұрақты бизнес болатын: PayPal және StubHub-ты толық иелену, Skype-та 30% үлес, қарыздардың болмауы және акцияға $3 қолма-қол ақша.

Смид мұндай бағаны «айқын бағаланбаған» деп санады: ол бұл идеямен отбасылық досымен — брокермен бөлісті, ол қонаққа келген болатын. «Мен:  «Дүйсенбіде кеңсеге оралғанда, барлық клиенттеріңізге қоңырау шалып, осы акцияларды сатып алуды сұраңыз — және ешқашан сатпаңыз», — деп еске алады Смид.

Ставка сәтті болды. Кейінірек PayPal және StubHub жеке компанияларға бөлінді, ал eBay өсуін жалғастырды. Бүгінде акциялар $77 деңгейінде саудаланады және Смидтің пікірінше бұл терең талдау мен дүрбелең кезінде сабырлылықтың ерекше нәтиже бере алатынының мысалы.

Джон Барр: аз танымал компаниядағы 60 есе өсу

Джон Барр — Needham Aggressive Growth Fund қорының басқарушысы және Needham Funds компаниясының директоры. Уолл-стриттегі мансабына дейін Барр электроника жобалауды автоматтандыру саласында 14 жыл жұмыс істеді, бұл оның инвестициялық ойлауына үлкен әсер еткен.

Барр «жасырын сапалы компаундерлерге» инвестициялауға маманданған — көзден таса, бірақ болашағы зор компанияларға инвестиция құяды. 2009 жылы ол осындай компаниялардың бірін тапты: сол кезде ол жартылай өткізгіштер өндірісі үшін өлшеу жүйелерін шығаратын израильдік Nova компаниясының акцияларын сатып алды. Акциялар арзан болды, сарапшылар оған назар аудармады. «Бұл компанияны ешкім бақыламады. Бірақ мен оның бәсекелестерінің бірін жақсы білдім — ол да шағын жария компания, оның жағдайы жақсы болды және ол менің портфелімде болатын», — деп еске алады Барр.

Ол Nova-ға инвестициялады, жартылай өткізгіштер саласының өсуі оның жабдықтарына сұранысты арттырады деп есептеді. Бұл сәтті болды: чиптер индустриясының дамуы, әсіресе жасанды интеллект бумының басталуымен, өндірістік технологияларға сұраныс тез өсе бастады. Бірнеше жыл ішінде Nova акциялары 60 есе қымбаттады — бұл мәміле Баррдың мансабындағы ең сәттілердің бірі болды.

Джейсон Сюй: кешігу артықшылыққа айналғанда

Джейсон Сюй — Rayliant Global Advisors компаниясының негізін қалаушы және бас инвестициялық директоры, сандық стратегиялар мен дамушы нарықтарға маманданған басқарушы компания. Сюй смарт-бета стратегиялары мен жүйелік инвестициялау саласының сарапшысы болып саналады, оның қорлары миллиардтаған долларды басқарады.

Сюйдің мансабындағы ең сәтті мәмілелердің бірі 2021 жылғы «халықтық» ралли кезінде GameStop акцияларының құлдырауына ставка жасау болды. Сол кезде Reddit арқылы біріктірілген бөлшек инвесторлар хедж-қорларды жазалау үшін котировкаларды күрт көтерді. Зардап шеккендердің бірі Melvin Capital қоры болды.

Сюй жағдайды мұқият бақылап, Melvin-нің күйреуінен сигнал көрді: егер тобыр кәсіби басқарушылардан басым түссе — бұл, ең алдымен, шарықтау шегі. Ол Melvin сияқты ставка жасады және қысқа позиция ашты. Бірақ ол кейінірек кірді — және оның айтуынша, дәл осы сәттіліктің кілті болды. «Мен кешігіп кіргенім үшін пайда таптым, — деп түсіндіреді ол. — Әдетте, біздің салада бұл сәтсіздікке апарады, бірақ сол жолы дәл осы пайда әкелді».

Ставка ақталды: GameStop акциялары бірнеше апта ішінде 87% құлдырады. Бұл мәміле Сюй үшін қаржылық табыс қана емес, сонымен қатар еске салу болды: кейде кешігу — артықшылық.

Хэнк Смит: батылдық дағдарыс кезінде портфельді сақтап қалды

Хэнк Смит — Haverford Trust компаниясының инвестициялық стратегия жөніндегі директоры және директорлар кеңесінің мүшесі. Бұл — көпмиллиардтық активтерді басқаратын жекеменшік инвестициялық компания. Смит 1991 жылдан бері компанияның инвестициялық философиясын қалыптастырып келеді. Бұған дейін ол BNY Mellon мен PNC банктерінде активтерді басқарған.

Оның мансабындағы ең маңызды шешімдердің бірі — 2008 жылғы қаржы дағдарысы басталар алдында жасалған екі дер кезінде сату мәмілесі. Біріншісі — 2007 жылдың қазанында, Citigroup әлсіз тоқсандық есеп жариялаған кезде болды. Компания беделді «көк чип» саналса да, Смит бұл құлдырауды жай кездейсоқтық емес, әлдеқайда терең проблемалардың белгісі деп бағалап, акциялардың барлығын сатуға бел буады.

«Клиенттеріміз бұл шешім үшін бізді сынады: «Нарықта төмендеп жатқан сапалы компанияны неге сатасыздар?», деді. Бірақ Citi құлдырай берді — содан бері әлі де қалпына келген жоқ. Қазір оның акциялары 2007 жылдың соңындағы бағамен салыстырғанда 79%-ға төмен саудаланып жатыр», — деп еске алады Смит.

«Клиенттеріміз бізге сенім артты, ал біз оларға берік компаниялар портфелін ұсынып, сатуға асықпадық», — дейді Смит. Дағдарыс кезінде көптеген қорлар портфельдерін қайта құрылымдаса, Haverford Trust өз таңдауына берік болды және дағдарыстан кейін нарық қалпына келе бастағанда айтарлықтай кіріс көрсетті.

Смиттің айтуынша бұл тәжірибе оның кәсіби мансабындағы ең маңызды сәттердің бірі болды: «Бірден шешім қабылдау емес, ұзақ жылдар бойы қалыптасқан инвестициялық философияға адалдық бізге қиын кезеңнен табысты шығуға мүмкіндік берді».

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары