БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Инвесторлар абдырап қалды: Кэти Вудтың рецессия туралы пікірі

Анна Краснова

Анна Краснова

Журналист
Инвесторлар абдырап қалды: Кэти Вудтың рецессия туралы пікірі

Көптеген экономистер АҚШ-тағы құлдырау 2026 жылға дейін жалғасады деп болжағанымен, ARK Invest компаниясының негізін қалаушы әрі бас инвестициялық стратегі Кэти Вуд ең қиын кезең артта қалды деп есептейді. Өткен аптада инвесторларға арналған хатында ол соңғы үш жылда болған «жасырын рецессияның» аяқталып келе жатқанын атап өтті. Оның пікірінше, енді экономикада өсім кезеңі басталып, қор нарығы тұрақты дамуға көшеді. Бұл өсім тек нарықтағы алып компанияларды ғана емес, бағаланбай жүрген инновациялық компанияларды да қамтиды.

Үш жылға созылған рецессия

Кэти Вудтың айтуынша, АҚШ рецессияны әлдеқашан өткеріп қойған — бірақ ресми статистика мұны тіркемеген. Оның сөзінше, 2022 жылдан бастап экономикада күрт құлдырау емес, тұрғын үй, автокөлік өндірісі, өнеркәсіп пен шағын бизнес сияқты жекелеген секторларда біртіндеп баяулау орын алған. Ол мұны «жасырын» немесе «тыныш» рецессия деп сипаттайды.

Бұл үрдіске негізгі түрткі болған фактор — АҚШ Федералдық резерв жүйесінің ақша-несие саясатын қатаңдатуы. 2022 жылдың наурызынан 2023 жылдың шілдесіне дейін ФРЖ негізгі мөлшерлемені 22 рет көтергені, 1940-жылдардың соңынан бергі ең қарқынды өсім болды. Соның салдарынан несиелер қымбаттап, инвестициялар қысқарып, экономиканың нарыққа тәуелді салаларында сұраныс төмендеді.

Кэти Вудтың бағалауынша, соңғы жылдары АҚШ экономикасын негізінен мен мемлекеттік сектор мен ауқатты адамдардың шығындары ұстап тұрды. Бірақ 2025 жылға қарай бұл негізгі факторлар да әлсірей бастады. Атлантадағы Федералдық резерв банкі деректеріне сүйенсек, 2025 жылдың алғашқы тоқсанында АҚШ-тың жалпы ішкі өнімі жылдық есеппен 2,5%-ға төмендеді. Сонымен қатар, сәуірде ауқатты тұтынушылардың сенім деңгейі 2009 жылғы дағдарыс кезіндегі деңгейге дейін түсіп кетті.

Қосымша белгі — АҚШ қазыналық облигацияларының дағдарысы. 2022 жылдың жазынан бастап ол инверсияланған жағдайда болды, ал 2024 жылдың күзіне қарай оң көрсеткішке жетті. Кэти Вудтың айтуынша, тарихи тұрғыда мұндай жағдайлар рецессия басталар алдында емес, рецессиядан кеткеннен кейін ғана орын алады.

«Мұндай өсім тек дағдарыстан кейін ғана болған – соңғы 50 жылдағы тәжірибе соны көрсетеді», — деп жазады Вуд. Оның пікірінше, рецессия әлдеқашан болып өтті, ал АҚШ экономикасы қазір қалпына келу кезеңіне жақындап қалды. Бұл кезең алдағы 3–6 айда басталуы мүмкін.

Инвесторлардың қатесі

Кэти Вудтың пікірінше, инвесторлар негізгі қателікті дотком дәуіріндегі дағдарыстың қайталануынан қорқып, одан қашуға тырысқанда жіберді. Егер 1990-жылдардың соңында инвесторлар интернетке қатысы бар кез келген компанияның акцияларын жаппай сатып алған болса, соңғы жылдары олар, керісінше, ЖИ бумынан пайда көріп жатқан санаулы компаниялар — мысалы, Nvidia, Microsoft және Amazon секілді алпауыттардан басқа инновациялық компанияларға аса қызығушылық танытпады.

Осылайша, Кэти Вудтың айтуынша, «тар шеңберлі нарық» қалыптасты — бұл тарихтағы ең шектеулі өсім кезеңі. Оның ойынша, қазіргі нарық артық бағалаудан емес, керісінше, шамадан тыс сақтықтан бұрмаланған. Дәл осы сақтық көптеген инвесторлар үшін мүмкіндік терезесін ашады — егер олар нарық индекстерінен тысқа қарай да қарай алса.

Инвесторлар үшін келесі әрекет

Тарихи тәжірибеге сүйенсек, мұндай шоғырланған нарық жағдайының екі ғана ықтимал салдары бар, деп мәлімдейді Кэти Вуд. Біріншісі — Баға төмендейтін кезеңге, яғни нарықтың құлдырауы. Мұндай жағдай 1970-жылдардың басында инвесторлардың сүйікті компаниялары саналатын Nifty Fifty акциялары құлдырағанда немесе 2000-жылдардың басындағы дотком дағдарысы кезінде болған. Ал анағұрлым жиі кездесетін сценарий — нарықтың кеңеюі, яғни өсу кезеңінің жалғасуы. Бұл Вудтың инвесторларға жолдаған хатында айтылған.

Кэти Вудтың айтуынша, көпшілік инвесторлар нарықтың тарихтағы ең ауқымды өсім циклінің табалдырығында тұрғанын аңғармай отыр. Олар әлі де нарық индекстеріне ғана қарап, осы уақытта-ақ шығындарды азайтып, экономиканы түбегейлі өзгертіп жатқан инновациялық компанияларды елемеуде. Ал егер инвестор алдағы 5 жылда капиталы тек сақталып қана қоймай, еселенгенін қаласа, Вуд мұндай мүмкіндік терезесін пайдаланып, кеңінен ойлауға кеңес береді.

1. Технологиялар — болашақ, инвестицияны осы бастан бастаңыз

«Ахуалдың толық айқындалуын күтетін инвесторлар соңғы ондаған жылдағы ең ауқымды өзгерісті өткізіп алуы мүмкін», — деп жазады Кэти Вуд.

Ол нағыз технологиялармен айналысатын компаниялар мен қорларға назар аударуға кеңес береді: ЖИ, автоматтандыру, энергия сақтау, гендік инженерия және блокчейн негізіндегі қосымшалар.

2. Нарық индекстеріндегі алпауыттармен ғана шектелмеу

Индекстер өткен жетістіктерді көрсеткенімен, жаңа трендтерді әрдайым қамти бермейді. Көптеген болашағы зор компаниялар S&P 500 индексінің құрамына кірмей қалған — олар жас, қарқынды дамып келе жатқан, нақты өнімдері бар, бірақ әлі ауқымды капитализацияға жете қоймаған ұйымдар. Сондықтан инвесторға мүмкіндіктерді кеңірек қарастырған жөн — жекелеген акциялардан немесе тақырыптық ETF-қорлар арқылы.

3. Инновация — қауіп емес, мүмкіндік

Әлем өзгеріп жатыр, ал бизнес оған бейімделіп үлгермей келеді. Көптеген «сенімді» компаниялар табысын дивидендтер төлеуге және өз акцияларын қайта сатып алуға жұмсап, даму мен жаңашылдыққа инвестиция салмай отыр. Алдағы 3–5 жылда мұндай компаниялар артта қалуы әбден мүмкін. Бұл жағдайда инновация – тек өсудің көзі ғана емес, сонымен қатар ескіріп қалудан қорғану құралы. Технологияларға сенім арту — бұл портфельдің болашақта тұрақты болуына бағытталған қадам.

«Технологияны елемейтін компаниялар бәсекеге қабілеттіліктен айырылып қалуы мүмкін. Бұл – нарық толық бағаламай отырған маңызды қауіп», – деп атап өтеді Кэти Вуд.

4. Баға төмен кезде инвестиция жасауға ұмтылу

Бүгінде инновациялық компаниялардың бағасы бірнеше жыл бұрынғыдан едәуір төмен. ARK қорының мәліметінше, оның негізгі портфеліндегі EV/EBITDA мультипликаторы бойынша премия 2021 жылы 278% болса, 2025 жылғы наурызда 13,3%-ға дейін төмендеген. Бұл дегеніміз — нарық қазіргі таңда технологиялық әлеуетті акция бағасына қосып отырған жоқ, яғни мұндай төмен бағалау уақытша болуы мүмкін.

Инвесторға кеңес: нарық бұл компанияларды әлі өз мүмкіндігін дәлелдемеген деп қабылдап тұрғанда, болашағы зор активтерді сатып алуға осы мүмкіндікті пайдалану керек. Дәл осындай кезеңдерде ұзақ мерзімді ең тиімді нәтижелер қалыптасады.

5. Болашақ табысты бүгіннен ойлаңыз

Кэти Вудтың кеңесі бойынша, қысқа мерзімді болжамдарға назар аудармай, 2030 жылы кім жетекші болады – соған мән беру керек. Вудтың стратегиясы – технологияны бағалап, бес жылға алға қарау.

«Көптеген инвесторлар индекстерге сеніп, жаңа экономиканың негізін қалаушы компаниялардан алшақтап барады.», — деп мәлімдейді Вуд.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары