БастыЖаңалықтар
Бөлісу

Хедж-қор былтыр Nvidia арқасында 42% пайда тапты. Енді неге ол акцияларды сатты?

Венера  Сайфутдинова

Венера Сайфутдинова

Oninvest тілшісі
Хедж-қор былтыр Nvidia арқасында 42% пайда тапты. Енді неге ол акцияларды сатты?

Captain Global Fund хедж-қорының негізін қалаушы Джона Чен Nvidia компаниясынан толығымен шықты — дәл осы компания оның қорына былтыр 42% табыс алып келді. Инвестор артық қойма қорларының қаупінен, пайда болжамының көтерілмеуінен және чип нарығындағы қатаң бәсекелестіктен қауіптеніп отыр. Енді ол жасанды интеллект (AI) революциясының көрінбейтін бенефициарларына бәс тігуде.

Егжей-тегжейлі 

Bloomberg агенттігінің хабарлауынша Captain Global Fund хедж-қорының негізін қалаушы Джона Чен 2024 жылдың бірінші тоқсанында Nvidia акцияларынан толықтай құтылған. Nvidia — UBS-тің бұрынғы сарапшысы Чен қорды 2016 жылы құрғаннан кейін сатып алған алғашқы акциялардың бірі болды және ол компанияға бірнеше рет қайта инвестиция салған. Технологиялық активтерге бағытталған оның хедж-қоры былтыр 42% кірістілік көрсетті. Салыстыру үшін, S&P 500 индексі сол кезеңде шамамен 22% өскен.

Чен мұндай шешімді Nvidia-ның жаңа Blackwell серверлік тіректері өндірісінде кідіріс болуы мүмкін деген қауіпке байланысты қабылдады. Bloomberg агенттігі қарашада Nvidia жеткізушілерінен графикалық процессоры қызып кететініне байланысты тіректердің құрылымын өзгертуін сұрағанын жазған.

Сондай-ақ Чен компанияда артық қойма қорының жиналуы, пайда бойынша болжамдардың көтерілмеуі және бәсекелес кастомизацияланған чиптердің пайда болуы сияқты тәуекелдерді атады.

«Маған Nvidia қатты ұнайды — бұл акциялар өмірімдегі ең көп табыс әкелді. Бірақ сату керек кезде, сату керек. Акцияларға ғашық болуға болмайды», — деді Чен.

Қазіргі уақытта оның қоры шамамен $100 млн активтерді басқарады.

2024 жылдың соңында Чен Nvidia мен Apple-дің жеткізушісі саналатын, әлемдегі ең ірі келісімшарттық чип өндіруші — Taiwan Semiconductor Manufacturing Co акцияларын да сатып жіберді. Ол мұны геосаяси тәуекелдермен және бұлтты қызметтер жеткізушілерінің шығын жоспарларының ашылмай отырғанымен  түсіндірді.

Қазір ол қай компаняларға назар аударып отыр?

Қазір Джона Чен технологиялық алпауыттарға өнім жеткізетін шағын компанияларға қызығушылық танытып отыр. Оның фавориттерінің қатарында:

  • Celestica және Wiwynn — AI серверлерінің өндірушілері,

  • Asia Vital Components — салқындату жүйелерімен айналысады,

  • Credo Technology Group Holding — кабельдер өндірушісі (Дереккөз: Bloomberg).

Сарапшылар не дейді?

Соңғы бес жылда Nvidia акциялары 1400%-дан аса өсті. Компания әлі де Уолл-стрит сарапшыларының сүйіктісі болып отыр. Дегенмен, сәуір айында Seaport Global Securities банкі күтпеген жерден Nvidia-ға сату («Sell») деген рейтинг берді. Олар 2026 жылы AI бюджеттерінің өсу қарқыны бәсеңдейді деп болжады.

Сарапшы Джей Голдбергтің айтуынша Nvidia-ның ең ірі клиенттері – Microsoft пен Meta өздерінің AI шешімдері мен чиптерін жасап жатыр. Қазір бұл өнімдер Nvidia чиптерімен бәсекелесе алмаса да, болашақта арзанырақ әрі қолжетімді болуы мүмкін, бұл компанияның негізгі тапсырыс ағынын азайтуы ықтимал.

Соған қарамастан, Nvidia-ны бақылап отырған сарапшылардың 90%-ы акцияны сатып алуға кеңес береді (бағалар: Buy және Overweight). Орташа мақсатты баға — $171,5, бұл компания акцияларының тағы 18%-ға қымбаттайтынын білдіреді.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары