Инвесторлар шатдаунның аяқталуын күтуде: Nasdaq индексі 2%-ға өсті

АҚШ-та аптаның алғашқы сауда күні акциялар айтарлықтай өсіммен ашылды. Инвесторлардың тәуекелге деген қызығушылығын Конгресс мүшелерінің федералдық үкіметтің тарихтағы ең ұзақ тоқтауын (шатдаун) аяқтауға бағытталған келісімге бір қадам жақындағаны туралы жаңалық арттырды, деп жазады CNBC.
Технологиялық Nasdaq Composite индексі сауда кезінде 2%-ға көтерілді. Кең нарықты қамтитын S&P 500 индексі 1,2%-ға, ал Dow Jones Industrial Average — 0,3%-ға өсті.
Ірі компаниялар арасында ең көп өскені — Nvidia. Оның акциялары 9%-ға қымбаттады. Apple бағалы қағаздары 3,5%-ға, Microsoft акциялары 1,5%-ға көтерілді. Бұл Microsoft үшін 2022 жылдан бергі ең ұзақ төмендеуден кейінгі алғашқы өсім болды.
10 қараша түні АҚШ Сенаты шатдаунды тоқтатуға және мемлекеттік мекемелердің жұмысын ішінара қайта бастауға мүмкіндік беретін заң жобасын алдын ала дауыс беруде қолдады. Құжат үкіметті 2026 жылғы 30 қаңтарға дейін уақытша қаржыландыруды қарастырады. Енді заң жобасын Сенат түпкілікті бекітіп, оны Өкілдер палатасына жібереді. Кейін Конгрестен өткен соң оны АҚШ президенті Дональд Трамп қол қоюы тиіс.








