БастыЖаңалықтар
Бөлісу

«Лабубу феномені: Pop Mart компаниясы Hang Seng индексіне кіруі мүмкін

Яна  Закомолдина

Яна Закомолдина

«Лабубу феномені: Pop Mart компаниясы Hang Seng индексіне кіруі мүмкін

Гонконгтың басты қор индексі — Hang Seng Index (HSI, АҚШ-тағы S&P 500-дің баламасы) құрамына Pop Mart ойыншық өндірушісі мен бірқатар денсаулық сақтау саласындағы компаниялар енуі мүмкін. Сарапшылардың айтуынша Pop Mart капитализациясын Лабубу қуыршақтарына сұраныстың арқасында үш есеге арттырса, health care секторындағы компаниялар ғылыми жетістіктер мен серіктестіктер есебінен позицияларын күшейтті.

Егжей-тегжейлі

Индексті басқаратын Hang Seng Indexes Co. жұма, 22 тамыз күні сауда жабылғаннан кейін тоқсандық қайта қарау нәтижелерін жариялайды.

Pop Mart неге назарға ілікті?

Лабубу қуыршақтары төңірегіндегі дүрлікпеден бері Pop Mart HSI-ге кіруге негізгі үміткер ретінде жиі аталып жүр. Bloomberg-тің дерегінше биыл компанияның нарықтық құны 250%-дан астамға өсті.

Quiddity Research сарапшысы Джанаган Джейкумардың айтуынша: «Pop Mart капитализация және айналым бойынша өте жоғары орында».

Сол сияқты Periscope Analytics негізін қалаушы Брайан Фрейтас пен China International Capital Corp. сарапшысы Кевин Лью да Pop Mart-ты ықтимал кандидат ретінде атады.

Бұған қоса, компания биылғы бірінші жартыжылдықтың мықты есебін жариялап, HKEX биржасында акциялары тағы 5%-ға қымбаттады. 22 тамыздағы негізгі сессия қорытындысында қағаздар тағы 0,2%-ға өсті.

Денсаулық сақтау секторына неге сенім артылуда?

Health care компаниялары ғылыми серпілістер мен халықаралық серіктестіктердің арқасында позицияларын нығайтты.

Джейкумар мен Фрейтас бұл сектордың рөлі артып келе жатқанын атап өтті. Фрейтас нақтылап айтқанда, HSI-дің мақсаты — әр сала капитализациясының кемінде 50%-ын қамту, алайда денсаулық сақтау саласы индекс құрамында аз қамтылған. Ол Giant Biogene компаниясының (тері күтіміне арналған өнімдер әзірлеуші) енгізілуін болжады.

Тағы кімдер үміткер?

Сарапшылар атап өткен ықтимал кандидаттар:

— Kingsoft (бағдарламалық қамту және бұлтты қызметтер);

— China Telecom (Қытайдың ірі телеком-операторы);

— JD Logistics (JD.com ритейлерінің логистикалық «дочкасымен» байланысты компания);

— Cosco Shipping Holdings (әлемдегі ірі теңіз тасымалдаушыларының бірі).

Бұл неге маңызды?

Hang Seng Index құрамының қайта қаралуы қай компаниялардың капитализация мен айналым бойынша үздік нәтижеге жеткенін көрсетеді.

Индекс құрамына ену халықаралық және материктік Қытай инвесторларының қызығушылығын арттырады; индексті қадағалайтын қорлардан жаңа инвестиция тартады.

HSI-дің стратегиялық мақсаты — компания санын 85-тен 100-ге дейін ұлғайту. Бірақ сарапшылар комитеттің асықпай, салааралық тепе-теңдікті сақтауға тырысатынын айтуда.

Бөлісу

Басты бет

Сатып алу
Сату
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
‌
Small Caps
Review
Қаржы және инвестиция жаңалықтары